Об установлении форм и сроков предоставления страхователем, страховщиком, агентом и обществом информации и документов, необходимых для осуществления контрольных функций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении форм и сроков предоставления страхователем, страховщиком, агентом и обществом информации и документов, необходимых для осуществления контрольных функций
- Атауы (қаз.)
- Бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 103
- Қабылданған күні
- 20.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 08.10.2018 89765_364686.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15U0003177
- ЭКБ идентификаторы
- 89765
- Редакция идентификаторы
- 89765_364686
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:24
0 Бақылау функцияларын жүзеге
асыру үшiн қажеттi ақпарат
пен құжаттарды сақтанушының,
сақтандырушының, агенттің және
қоғамның ұсыну нысаны мен
мерзiмдерiн белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңының 5-бабы 2-1-тармағының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №143-ө өкіміне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынудың мынадай нысандары белгіленсін:
1 1) сақтанушы үшін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;
2 2) сақтандырушы және өзара сақтандыру қоғамы үшін осы қаулыға 4, 5-қосымшаларға сәйкес;
3 3) агент үшін осы қаулыға 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес.
2 2. Бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн беретін қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынудың мынадай мерзімдері белгіленсін:
1 1) сақтанушының – сақтандырушымен немесе өзара сақтандыру қоғамымен міндетті сақтандыру келісім-шартын жасасқаннан кейін бір айдың ішінде осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша аудан, қала әкімдігіне;
2 2) сақтандырушымен және өзара сақтандыру қоғамымен – апта сайын аудан, қала әкімдігіне осы қаулыға 4, 5-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша;
3 3) агентпен – апта сайын Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес, сонымен қатар апта сайын аудан, қала әкімдігіне осы қаулыға 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша.
3 3. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Б.Оспанов
Е.Садыр
Б.Жылқышиев
С.Тұяқбаев
Е.Айтаханов
А.Абдуллаев
С.Қаныбеков
Р.Исаева