Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Атырауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Атырауской области
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 109
- Қабылданған күні
- 17.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.09.2022 89768_590088.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15T0003207
- ЭКБ идентификаторы
- 89768
- Редакция идентификаторы
- 89768_590088
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:26
0 Атырау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37- баптарына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-6) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі №109
қаулысына
қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі №109
қаулысымен
бекітілген
Атырау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Атырау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидасы) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің (бұдан әрі-Психологиялық қызмет) жұмысын реттейді.
2. Психологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Бала құқықтары туралы конвенцияға, сондай-ақ осы Қағида шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Психологиялық қызмет орта білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
4. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне, сондай–ақ педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай айқындалады.
5. Психологиялық қызметтің құжаттамасы:
1) Осы Қағидаларды;
2) орта білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің күнтізбелік жұмыс жоспарын;
3) ведомстволық бағыныстылығына қарай аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерімен немесе «Атырау облысы Білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-Жоғары тұрған орган) бекітілген психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да психологиялық жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірмелерін;
4) психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі мен тізбесін;
5) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталарын; топтық психологиялық портреттерін;
6) психологиялық тексерудің нәтижелерін, қорытындысы мен ұсынымдарын;
7) орта білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тіркеу журналын;
8) Белгіленген кезеңдерге (тоқсан, жартыжылдық, бір жыл) ішінде берілетін Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептерді қамтиды.
6. Психологиялық қызметтің жыл ішіндегі жұмыс қорытындысы Жоғары тұрған орган бекітетін орта білім беру ұйымының есептік құжаттамаларында қамтылады.
2. Орта білім беру ұйымдарындағы Психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
7. Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
8. Психологиялық қызметтің міндеттері:
1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
7) білім беру үдерісі субьектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
3. Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары
9. Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.
10. Психодиагностикалық бағыттар:
1) білім алушыларды психологиялық диагностикалау;
2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;
3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;
4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.
11. Консультациялық бағыттар:
1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;
2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.
12. Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:
1) білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;
2) білім алушылар бейімсіздігінің психологиялық алдын алу;
3) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық қолдау;
4) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал ету.
13. Түзету-дамытушылық бағыттар:
1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;
2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;
3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзету.
14. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:
1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т.б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу;
2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру;
3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу.
15. Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекеленген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.
16. Психологиялық қызметтің жұмысын Жоғары тұрған орган үйлестіреді.
17. Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады.
18. Психологиялық қызмет педагог - психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтар кафедралары және қауымдастықтарымен, білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара әрекетеседі.
4. Педагог-психологтың кәсіби қызметі
19. Педагог-психолог өз қызметінде:
1) осы Қағиданы басшылыққа алады;
2) өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде шешім қабылдайды;
3) жалпы психологияны, педагогикалық психология мен жалпы педагогиканы, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшеліктік психология, әлеуметтік психология, медициналық психологияны , психодиагностика, психологиялық консультация беруді және әлеуметтік, практикалық және жас ерекшеліктік психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін білуі қажет;