Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Aзаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-4/151
- Қабылданған күні
- 15.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2016 89772_183929.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BK004786
- ЭКБ идентификаторы
- 89772
- Редакция идентификаторы
- 89772_183929
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:28
0 Aзаматтық қызметші болып
табылатын және ауылдық
жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет және спорт саласындағы
мамандар лауазымдарының тізбесін
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексіне «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы №41/15 «Aуылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешімінің негізінде, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Aзаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2
2. Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы №а-1/10 «Aзаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (2014 жылдың 17 ақпанында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №4007 болып тіркелген, «Жаңа Есіл» газетінде 2014 жылдың 24 ақпанында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
3 3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К. Ағымбаеваға жүктелсін.
4 4. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
Құдабаев Серік Сәлімгерейұлы
Есіл аудандық мәслихатының
хатшысы
____________________________
«15» сәуір 2015 жыл
5 Есіл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі № а-4/151 қаулысына
қосымша
Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт лауазымдық мамандар тізбесі