Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел строительства Аксуского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел строительства Аксуского района»
- Атауы (қаз.)
- «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 124
- Қабылданған күні
- 14.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2016 89788_275511.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DD003172
- ЭКБ идентификаторы
- 89788
- Редакция идентификаторы
- 89788_275511
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:29
0 «Ақсу ауданының құрылыс
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3
3. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Жакупов Серікхан Амангелдіұлы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы
«14»сәуір «Ақсу ауданының
құрылысы бөлімі» «мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту туралы»
№ 124 қаулысымен бекітілген
қосымша
«Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу ауданының құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2 2. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3 3. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4 4. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5 5. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық- құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6 6. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7
7. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8 8. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9 9. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: индексі 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, № 5.
10 10. Мемлекеттiк органның толық атауы – «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11 11. Осы Ереже «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12 12. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13 13. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2 2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14 14. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақсу ауданының аумағында құрылыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
15 15. Мiндеттерi:
қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және аудан құрылысын іске асыру.
16 16. Функциялары:
1 1) құрылыс-монтаждық жұмыстарды жобалауға, құрылысқа арналған құжаттарды дайындау және конкурстарды өткізу;
2 2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
3 3) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру;
4 4) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің арнайы трансферттері есебінен салынатын объектілердің құрылысына, реконструкциялануына техникалық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
5 5) ауданның және елді мекендердің әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларына ұсыныстар дайындау;
6 6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
7 7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17 17. Құқықтары мен мiндеттерi:
1 1) мемлекеттік қаражаттарды жоспарлауға және бөлуге қатысуға, жобалау-іздестіру жұмыстары, әлеуметтік-мәдени, коммуналдық мақсаттағы объектілердің құрылысына және ипотекалық несиелендіру қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысына арналған аудан бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныс енгізу;
2 2) құрылыстың келешекті жоспарларын әзірлеуге, құрылыс бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
3 3) төтенше жағдайларды ескерту және коммуналдық меншік объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша органдарымен бірге әзірленген іс-шаралар барысына бақылауды жүзеге асыру;
4 4) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
5 5) көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына, оның ішінде бюджет қаражаттарының игерілуіне мониторинг жүргізу;
6 6) мердігерлік ұйымдармен шарттық міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, олар тиісті деңгейде орындалмаған жағдайда шаралар қолдану;
7 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3 3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18 18. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.
19 19. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20 20. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
21 21. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
1 1) «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
2 2) «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3 3) «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4 4) өз құзыреті шегінде «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
5 5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4 4. Мемлекеттiк органның мүлкi
22 22. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
«Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.