Құжат мәтініне өту

Об утверждении требований к форме и содержанию плана мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности

Бұйрық · № 391 · қабылданған 31.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89831/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении требований к форме и содержанию плана мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности Қолданыста Бұйрық ·№ 391 ·31.03.2015
15.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении требований к форме и содержанию плана мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности

Қолданыста Бұйрық ·№ 391 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении требований к форме и содержанию плана мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности
Атауы (қаз.)
Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
391
Қабылданған күні
31.03.2015
Көрсетілген редакция
15.12.2022 89831_616565.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010958
ЭКБ идентификаторы
89831
Редакция идентификаторы
89831_616565
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:40

0 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 391 бұйрығымен
бекітілген
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-12) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім – мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйелендірілген жиынтығы;

2 2) мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға баламалы көлемде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері;

3 3) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) – энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;

4

4) энергетикалық ресурстар – қордағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері);

5 5) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – көрсетілген қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнім (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;

6 6) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;

7

7) энергия үнемдеу аймағы – энергия ресурстарын тұтынатын және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру объектілері болып табылатын технологиялық процестің, жабдықтың және оның қамтамасыз ету жүйесінің негізгі және қосалқы бөлігі, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың сапа менеджменті жүйесінің іс-шаралары;

8 8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (бұдан әрі − энергия менеджменті) − энергетикалық ресурстарды ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және объектінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені.

2 2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар

3 3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) осы талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді және оны бекіту мерзімі көрсетіле отырып, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бірінші басшысы бекітеді.

4 4. Іс-шаралар жоспарына толықтырулар мен (немесе) өзгерістер оны бекіту және қайта бекіту мерзімін көрсету арқылы Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бірінші басшысымен бекітіледі.

5

5. Іс-шаралар жоспары шартты түрде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру объектілеріне, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етудің техникалық және ұйымдық іс-шараларына, сондай-ақ өнім, үйлер, ғимараттар мен құрылыстар алаңы бірлігіне энергия ресурстарын және суды тұтыну көлемдерін төмендету бойынша талаптарға сәйкес келетін энергия үнемдеу аймақтарына бөлінген.

6 6. Іс-шаралар жоспарының әрбір ұстанымына, сондай-ақ энергия ресурсының түріне код және реттік нөмір беріледі. Іс-шара коды іс-шара мен энергетикалық ресурс түрінің қысқартылған атауын білдіреді.

7 7. Іс-шаралардың орындалу мерзімін Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері өздігінен белгілейді.

8 8. Әрбір энергия үнемдеу аймағы бойынша және жалпы бүкіл Іс-шаралар жоспары бойынша іс-шараларды іске асыруға жоспарлан шығыстардың қорытынды мәндері анықталады.

9 9. Іс-шаралар жоспары осы Талаптарға қосымшаға сәйкес , тұрады.

10 10. Іс-шаралар жоспарының мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

1 1) 1-кестенің 1-бағаны (Код және нөмір) – энергия үнемдеу аймағының қысқартылған атауы түріндегі іс-шара коды және іс-шараның екі немесе үш таңбалы саннан тұратын реттік нөмірі;

2 2) 1-кестенің 2-бағаны (Іс-шаралар) –сөздері мен атаулары қысқармаған іс-шараның толық атауы;

3 3) 1-кестенің 3-бағаны (Іске асыру кезеңі (бастап - дейін) – іс-шараны іске асыру кезеңі ай мен жылды білдіретін сан түрінде толтырылады (мысалы - 09.16 бастап 09.17 дейін). Орындалу мерзімі көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады;

4 4) 1-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Жоспарланған шығыстар) – жоспарланған қаржы шығыстары миллион теңгемен көрсетіледі. Жоспарланған шығыстар көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады;

5 5) 1-кестенің 9-бағаны (Өлшем бірліктері) – үнемделуі осы іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланған энергетикалық ресурстың өлшем бірліктері;

6

6) 1-кестенің 10, 11, 12, 13, 14-бағандары (Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 1-кестенің 9-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721);

7 7) 1-кестенің 15-бағаны (Өтелу мерзімі) – осы іс-шараны енгізген кездегі өтелу мерзімі;

8

8) 1-кестенің 16-бағаны (Орындалу туралы белгі) – осы іс-шараның орындалғанын растайтын құжаттар бойынша мәліметтер. Растайтын құжаттардың көшірмелері осы Іс-шаралар Жоспарының қосымшалары болып табылады. Егер іс-шаралар бірнеше жұмыстардың негізінде немесе бірнеше ұйымдарды тарта отырып орындалса, онда әрбір растайтын құжат бойынша деректер көрсетіледі.

11 11. Іс-шаралар жоспарының мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

1 1) 2-кестенің 2-бағаны (Энергетикалық ресурстың атауы) – үнемделуі іс-шараны жүзеге асыру нәтижесінде жоспарланып отырған энергетикалық ресурстың атауы;

2 2) 2-кестенің 3-бағаны (өлшем бірлігі) – үнемделуі іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланып отырған энергетикалық ресурстың өлшем бірліктері;

3

3) 2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 2-кестенің 3-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721). Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі әр жылға көрсетіледі;

4 4) 2-кестенің 9, 10, 11, 12, 13-бағандары (Жоспарланған үнемділік, млн. теңге) – энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеуі (2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары) ақшалай баламадағы жоспарланған үнемділігі миллион теңге;

5 5) 2-кестенің 14-бағаны (максималды қуаттылықтың ықтимал азаюы) – максималды қуаттылықтың ықтимал азаюы электр энергиясына (кВтч), жылу энергиясына (Гкал*сағ) және судың жұмсалуына (м3/сағ) жатады;

6 6) 2-кестенің 15-бағаны (Энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуеті) – энергия ресурстарын тұтынудың төмендеу әлеуетінің өткен жылдағы осы энергетикалық ресурсты тұтынуға қатысты өзара қатынасын пайызбен қарастырады.

7 7) 2-кестенің 16-бағаны (Орындалу туралы белгі) – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы және қортындының нөмірі мен күндері көрсетіле отырып, энергия аудитінің қорытындысы бойынша деректер.

11-1 11-1. Іс-шаралар жоспарының 3 мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

1 1) 1-кестенің 1-бағаны (Коды және нөмірі) – энергия үнемдеу аймағының қысқартылған атауы түріндегі іс-шара коды және іс – шараның екі немесе үш таңбалы сан түріндегі реттік нөмірі;

2 2) 3-кестенің 2-бағаны (Үлесті көрсеткіштің атауы) – үнемделуі іс-шараны енгізу нәтижесінде жоспарланатын энергетикалық ресурстың атауы;

3 3) 3-кестенің 3-бағаны (Ұйымның қолданылатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі) - ұйымның қолданылатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі (мысалы - кВтс/т, Гкал/м2);

4

4) 3-кестенің 4, 5, 6, 7, 8-бағандары (Өнiм/аудан бiрлiгiне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынуды жоспарланған төмендеу көлемі) – өнім/аудан бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі 3-кестенің 3-бағанында көрсетілген өлшем бірліктерінде және бүтін санды білдіретін, үтірден кейін үш белгісі бар сан түрінде көрсетіледі (мысалы – 3,721). Энергетикалық ресурстарды тұтынудың жоспарланған төмендеу көлемі әр жылға көрсетіледі.

12 12. Іс-шаралар жоспарының электрондық түрі Microsoft Excel кестелік редакторында жасалады.

1 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін

арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының
нысаны мен мазмұнына қойылатын
талаптарға қосымша
Нысан
1-кесте
Код және нө­мір
Іс-ша­ра­лар
Іс­ке асы­ру ке­зе­ңі (ба­стап және дей­ін)
Жос­пар­лан­ған шы­ғы­стар, млн. тең­ге
Өл­шем бір­лі­гі
Энер­ге­ти­ка­лық ре­сур­стар­ды заттай түр­де тұ­ты­ну­дың жос­пар­лан­ған тө­мен­деу кө­ле­мі
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
20__
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Электр­мен жаб­дық­тау және жа­рық­тан­ды­ру
ЭЖ­жЖ.01
ЭЖ­жЖ.02
ЭЖ­жЖ.03

Жиы­ны:
Бар­лы­ғы:
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Жы­лу­мен жаб­дық­тау және жы­лы­ту
ЖЖ­жЖ.01
ЖЖ­жЖ.02
ЖЖ­жЖ.03

Жиы­ны:
Бар­лы­ғы:
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Жел­де­ту, сал­қын­да­ту, ылғал­дан­ды­ру
ЖСЫ.01
ЖСЫ.02
ЖСЫ.03

Жиы­ны:
Бар­лы­ғы:
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Су­мен жаб­дық­тау және су бұ­ру
СС.01
СС.02
СС.03

Жиы­ны:
Бар­лы­ғы:
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Тех­но­ло­ги­я­лық құ­рал-жаб­дық
ТҚ.01
ТҚ.02
ТҚ.03

Жиы­ны:
Бар­лы­ғы:
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Есеп­теу және ба­қы­лау ас­пап­та­ры мен құ­рал­да­ры, оның ішін­де ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­лер
ЕҚ.01
ЕҚ.02
ЕҚ.03

Жиы­ны:
Бар­лы­ғы:
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Энер­гия ме­недж­мен­ті
ЭМ.01
ЭМ.02
ЭМ.03

Жиы­ны:
Бар­лы­ғы:
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Пер­со­нал­ды қай­та да­яр­лау және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру
ҚБА.01
ҚБА.02
ҚБА.03

Жиы­ны:
Бар­лы­ғы:
Жос­пар бой­ын­ша жиы­ны
Жос­пар бой­ын­ша бар­лы­ғы
Кестенің жалғасы
Өте­лу мер­зі­мі, жыл
Орын­да­лу ту­ра­лы бел­гі
15
16
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Электр­мен жаб­дық­тау және жа­рық­тан­ды­ру
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Жы­лу­мен жаб­дық­тау және жы­лы­ту
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Жел­де­ту, сал­қын­да­ту, ылғал­дан­ды­ру
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Су­мен жаб­дық­тау және су бұ­ру
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Тех­но­ло­ги­я­лық құ­рал-жаб­дық
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Есеп­теу және ба­қы­лау ас­пап­та­ры мен құ­рал­да­ры, оның ішін­де ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­лер
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Энер­гия ме­недж­мен­ті
Энер­гия үнем­деу ай­ма­ғы: Пер­со­нал­ды қай­та да­яр­лау және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру
2-кесте

Энер­гия ре­сур­сы­ның ата­уы
Энер­ге­ти­ка­лық ре­сур­стар­ды тұ­ты­ну­дың жос­пар­лан­ған тө­мен­деу кө­ле­мі (ш.о.т.)
Энер­ге­ти­ка­лық ре­сур­стар­ды тұ­ты­ну­дың жос­пар­лан­ған тө­мен­де­уі­нің жиын­тық кө­ле­мі (ш.о.т.)
Жос­пар­лан­ған үнем­деу, млн. тең­ге
20_
20_
20_
20_
20_
20_
20_
20_
20_
20_
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1
2
3

Бар­лы­ғы (ш.о.т.):
Кестенің жалғасы
Жос­пар­лан­ған үнем­деу кө­ле­мі,
млн. тең­ге
Энер­гия ре­сур­ста­рын тұ­ты­ну­дың тө­мен­деу әле­уе­ті
(%)
Орын­да­лу ту­ра­лы бел­гі
14
15
16

1 1. Іс-шаралар кодының мәні:

1 1) ЭиОс. - электрмен жабдықтау және жарықтандыру;

2 2) ЖЖжЖ. - жылумен жабдықтау және жылыту;

3 3) ЖКЫ. - желдету, кондиционерлеу, ылғалдандыру;

4 4) СЖСБ. - Сумен жабдықтау және су бұру;

5 5) ТЖ. - технологиялық жабдық;

6 6) ПУ. - есептеу және бақылау аспаптары мен құралдары, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер;

7 7) ЭМ. - энергоменеджмент;

8 8) ДБ. - қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

9 9) КО. - қатты отын;

10 10) Газ. - газ;

11 11) СО. - сұйық отын;

12 12) ЭЭ. - электр энергиясы;

13 13) ЖЭ. - жылу энергиясы;

14 14) с. - су;

15 15) ш.о.т. - бір тонна шартты отын.

Қолданыстағы