Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление предпринимательства Карагандинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление предпринимательства Карагандинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17/02
- Қабылданған күні
- 20.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2018 89834_302889.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15K0003214
- ЭКБ идентификаторы
- 89834
- Редакция идентификаторы
- 89834_302889
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:24
0 «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2 2. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі № 48/01 қаулысы жойылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 17/02 қаулысымен
бекітілген
«Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысында кәсіпкерлік, сауда, сыртқы экономикалық байланыстар және туризм саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2 2. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3
3. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4 4. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5 5. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6
6. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7 7. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13.
9 9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Управление предпринимательства Карагандинской области».
10 10. Осы Ереже «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11 11. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12 12. «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13
13. Миссиясы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысында кәсіпкерлік, сауда, сыртқы экономикалық байланыстар және туризм саласында мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Қарағанды облысында шағын, орта кәсіпкерлікті кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жолымен қолдау және дамыту.