Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной системы, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций Павлодарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной системы, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций Павлодарского района
- Атауы (қаз.)
- Павлодар ауданының қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерді үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 142/4
- Қабылданған күні
- 29.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2016 89846_84079.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PK004474
- ЭКБ идентификаторы
- 89846
- Редакция идентификаторы
- 89846_84079
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:15
0 Павлодар ауданының
қылмыстық-атқару жүйесі
пробация қызметінің есебінде
тұрған, бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған
адамдар үшін және
интернаттық ұйымдардың
кәмелетке толмаған түлектерді
үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс орындарының квоталары:
қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз;
бас бостандығанан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз;
интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2
2. «Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру арқылы қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.