Құжат мәтініне өту

Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Шемонаихинского района

Қаулы · № 96 · қабылданған 02.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89870/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Шемонаихинского района Күшін жойған Қаулы ·№ 96 ·02.04.2015
04.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Шемонаихинского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 96 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Шемонаихинского района
Атауы (қаз.)
Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
96
Қабылданған күні
02.04.2015
Көрсетілген редакция
04.12.2017 89870_279469.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15VS003931
ЭКБ идентификаторы
89870
Редакция идентификаторы
89870_279469
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:38

0 Шемонаиха ауданының шалғайдағы

елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі осы қаулының 1, 2- қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы

Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «02» сәуірдегі
№ 96 қаулысына
қосымша
Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын
балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы

Тура бағыт
Кері бағыт
1
Крюковка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң;
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Киров жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Киров жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Крюковка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтытағы алаң.
2
Березовка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң;
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Киров жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Киров жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Березовка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
3
Кандыковка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң;
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Киров жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Киров жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Кандыковка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
4
Заречное ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң;
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Заречное ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң;
5
Половинка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң;
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Половинка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
6
Березовка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң;
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Березовка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
7
Садовое ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң;
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Октябрь «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Октябрь «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Садовое ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
8
Коневка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң;
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Михайловка жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Михайловка жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Коневка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
9
Межовка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң;
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Выдриха «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Выдриха «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң Межовка ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
10
Рулиха станциясы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң;
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Рулиха жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Рулиха жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Рулиха станциясы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
11
Кенюхова ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң;
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Сугатовка «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Сугатовка «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң. Кенюхова ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
12
Горкунова ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң;
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Сугатовка «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң.
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Сугатовка «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң. Горкунова ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтықтағы алаң.
13
Белый Камень ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң;
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Красная Шемонаиха негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң
Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Красная Шемонаиха негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң Белый Камень ауылы, автобустың аялдамасынан 50 метр қашықтық-тағы алаң.

4 Шемонаиха ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «02»сәуірдегі
№ 96 қаулысына
2 қосымша
Шемонаиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге
тасымалдаудың тәртібі

1 1. Балаларды тасымалдау тәртібі

1 1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.

2 2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдау заңнамасының талаптарын сақтаумен, өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.

3 3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен бала-лардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және бала-лардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.

4

4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.

5 5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, , бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайтын уақытша кедергiлердiң пайда болуы), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлуі тиiс.

6 6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.

7 7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.

8 8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.

9 9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:

1 1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;

2 2) жүру маршрутын өзгертуге;

3 3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

4 4) автобуста балалар болған кезiнде, оның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

5 5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

6 6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

10 10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.

11 11. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.

12 12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.

13 13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.

14 14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.

15 15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:

1 1) салонда тұруына және жүруiне;

2 2) есiктер мен терезелерге жантаюына;

3 3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;

4 4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;

5 5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;

6 6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;

7 7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;

8 8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;

9 9) есiктердi ашуына;

10 10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.

16

16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.

17 17. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.

18 18. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:

1 1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;

2 2) баспалдақтардан секiруiне;

3 3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;

4 4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.

19 19. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:

1 1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығады;

2 2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүреді.

2 2. Қорытынды ережелер

20 20. Қаланың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Қолданыстағы