Құжат мәтініне өту

Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидимиологические требования к оборудованию мест, выделенных специально для потребления табачных изделий"

Бұйрық · № 122 · қабылданған 24.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89878/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидимиологические требования к оборудованию мест, выделенных специально для потребления табачных изделий" Күшін жойған Бұйрық ·№ 122 ·24.02.2015
10.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидимиологические требования к оборудованию мест, выделенных специально для потребления табачных изделий"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 122 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидимиологические требования к оборудованию мест, выделенных специально для потребления табачных изделий"
Атауы (қаз.)
"Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
122
Қабылданған күні
24.02.2015
Көрсетілген редакция
10.12.2020 89878_498548.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010952
ЭКБ идентификаторы
89878
Редакция идентификаторы
89878_498548
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:31

0 «Темекі бұйымдарын тұтыну

үшін арнайы бөлінген орындарды
жабдықтауға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_____________Т. Дүйсенова
2015 жылғы 6 сәуір

8 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 122 бұйрығымен
бекітілген
«Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары

1

1. Осы «Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 159-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды түтінмен ластанған ауаның жапсарлас үй-жайларға немесе ашық алаңдарға (террасаларға) енуіне кедергі келтіретін есікпен немесе осыған ұқсас құрылғымен жабдықталған жеке үй-жайларда орналастырады.

Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындар кабиналар түрінде орналастырылуы мүмкін.

3 3. Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындардың сыртқы жағында «Темекі бұйымдарын тұтынуға арналған орын» деген жазба немесе белгі орналастырылады.

4 4. Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарда сусындар және тамақ ішуге жол берілмейді.

5 5. Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындар:

1 1) ластанған ауаның жапсарлас үй-жайларға енуіне кедергі келтіретін, темекі түтінін оқшаулап шығаруды қамтамасыз ететін, желдетудің жалпы сыртқа тарату жүйесінен бөлек, механикалық іске қосылатын ішке сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйесімен жабық үй-жайларда;

2 2) күлсалғыштармен және (немесе) тұқылдарды жинауға арналған арнайы урналармен жабдықталады. Тұқылдар мен сіріңкелерді сөндіруді қамтамасыз ету мақсатында урналарды құммен және басқа да жанбайтын сіңіргіш материалдармен толтыруға жол беріледі.

6

6. Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарда жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті ылғалды жинау жүргізіледі. Урналар мен күлсалғыштар күн сайын және толуына қарай тұқылдардан және қоқыстан босатылады, жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып күнделікті жуылады.

7 7. Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындар темекі шекпейтін адамдардың темекі түтінімен байланысын болдырмау мақсатында санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардан оқшауланады.

8

8. Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарда көрінетін жерлерде жазбалар және (немесе) пиктограммалар түрінде темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы, сусындар мен тамақ ішуге тыйым салынатыны туралы ақпарат орналастырылады, темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ақпараттық материал ұсынылады.

Қолданыстағы