Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления реестра выписанных документов на выпуск структурным подразделением уполномоченного органа в области государственного материального резерва товаров из государственного материального резерва и его формы

Бұйрық · № 198 · қабылданған 20.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89882/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления реестра выписанных документов на выпуск структурным подразделением уполномоченного органа в области государственного материального резерва товаров из государственного материального резерва и его формы Күшін жойған Бұйрық ·№ 198 ·20.03.2015
02.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления реестра выписанных документов на выпуск структурным подразделением уполномоченного органа в области государственного материального резерва товаров из государственного материального резерва и его формы

Күшін жойған Бұйрық ·№ 198 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления реестра выписанных документов на выпуск структурным подразделением уполномоченного органа в области государственного материального резерва товаров из государственного материального резерва и его формы
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесімен шығаруға жазып берген құжаттардың тізілімін беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
198
Қабылданған күні
20.03.2015
Көрсетілген редакция
02.02.2018 89882_296757.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010863
ЭКБ идентификаторы
89882
Редакция идентификаторы
89882_296757
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:59

0 Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесімен шығаруға жазып берген құжаттардың тізілімін беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 270-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Бекітілсін:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесімен шығаруға жазып берген құжаттардың тізілімін беру қағидалары;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі шығаруына жазып берген құжаттардың тізілім нысаны.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми түрде жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 198 бұйрығына 1 Қосымша
Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесімен шығаруға жазып берген құжаттардың тізілімін беру қағидалары

1 1. Осы Қағидалар, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі — құрылымдық бөлімше) өзіне мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берген құжаттар тізілімін беру тәртібі мен мерзімін анықтайды (бұдан әрі - Тізілім).

2 2. Тізілім, мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығарылғаннан кейін құрылымдық бөлімшемен жасалады.

3 3. Тізілім, құрылымдық бөлімшенің тіркеу есебінде тұрған орны бойынша мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік немесе орыс тілінде 2 данада қағаз тасығыштарда құрылымдық бөлімшемен табыс етіледі. Тізілімнің бір данасы, мемлекеттік кірістер органының белгісімен құрылымдық бөлімшеге қайтарылады.

4 4. Тізілімді табыс ету үшін есепті кезең тоқсан болып табылады.

5 5. Тізілім, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күні мерзімінен кешіктірмей табыс етіледі.

6 6. Тізілім, есепті кезең ішінде мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған тауарлар бойынша құрылымдық бөлімшемен жазылатын құжаттар туралы мәліметтерді көрсету үшін арналған.

7 7. Тізілім мынадай түрлерге бөлінеді:

1 1) кезекті - тізілімді алғашқы рет табыс ету бойынша міндеттеме туындаған есепті кезеңге және осындай кезеңнен кейінгі есепті кезеңдерге құрылымдық бөлімшемен табыс ететін тізілім;

2 2) қосымша – осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын есепті кезеңге, бұрын табыс етілген тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде құрылымдық бөлімшемен табыс ететін тізілім.

8 8. Тізілім қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысы пайдаланыла отырып толтырылады.

9 9. Тізілімді толтыру кезінде түзетуге, тазартуға және өшіруге жол берілмейді.

10 10. Тізілім құрылымдық бөлімшенің мөрімен куәландырылады және оны жасауға жауапты тұлғамен, сондай-ақ басшымен не құрылымдық бөлімшенің уәкілеттік берілген лауазымды тұлғасымен қол қойылады.

11 11. Тізілімде мынадай деректер көрсетіледі:

1 1) А бағанында — қатардың реттік нөмірі;

2 2) В бағанында - сатып алушы - салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі);

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қатар 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті түрде толтырылуға жатады;

3 3) С бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттың нөмірі;

4 4) D бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттың жазылған күні;

5 5) Е бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген тауарлардың қосылған құн салығын есепке алмағандағы жалпы құны;

6 6) F бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген қосылған құн салығының сомасы.

F бағанының жиынтық шамасы, тізілімнің тек бірінші бетінде ғана көрсетіледі және барлық беттердің осы бағандарында көрсетілген барлық шамаларды жинақтау жолымен айқындалады.

Қолданыстағы