О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Баянаульском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Баянаульском районе
- Атауы (қаз.)
- Баянауыл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 266/45
- Қабылданған күні
- 23.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2016 89920_68842.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PE004480
- ЭКБ идентификаторы
- 89920
- Редакция идентификаторы
- 89920_68842
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:22
0 Баянауыл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабының 1 – тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 – бабына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу мақсатында, Баянауыл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Баянауыл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары
Баянауыл аудандық мәслихатының
2015 жылғы 23 сәуірдегі № 266/45
шешіміне қосымша
Баянауыл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары
№
Ауылдық округ атауы
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар
1
Ақсан ауылдық округі
Ақсан ауылындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш пен Мәдениет үйінің аралығындағы алаң
2
Баянауыл ауылдық округі
Баянауыл ауылының мөлтек ауданындағы стадион
3
Бірлік ауылдық округі
Бірлік ауылындағы алаң
4
Жаңажол ауылдық округі
Жаңажол ауылындағы спорт алаңы
5
Жаңатілек ауылдық округі
Жаңатілек ауылындағы стадион
6
Қаратомар ауылдық округі
Қаратомар ауылындағы футбол алаңы
7
Күркелі ауылдық округі
Күркелі ауылындағы ойын-сауық алаңы
8
Құндыкөл ауылдық округі
Құндыкөл ауылындағы спорттық алаң
9
Қызылтау ауылдық округі
Ж.Аймауытов ауылындағы футбол алаңы
10
Шөптікөл ауылдық округі
ЦЭС ауылындағы ескі бақша орны
11
Майқайың кенті
Майқайың кенті, «Металлургтер стадионы»
12
Сәтбаев ауылдық округі
Қараащы ауылындағы футбол алаңы
13
Торайғыр ауылдық округі
Торайғыр ауылындағы стадион
14
Ұзынбұлақ ауылдық округі
Ұзынбұлақ ауылындағы футбол алаңы