Об установлении видов субсидируемых удобрений (за исключением органических)и норм субсидий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении видов субсидируемых удобрений (за исключением органических)и норм субсидий
- Атауы (қаз.)
- Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 143
- Қабылданған күні
- 13.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2016 89921_65826.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15M0002731
- ЭКБ идентификаторы
- 89921
- Редакция идентификаторы
- 89921_65826
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:06
0 Субсидияланатын тыңайтқыштардың
(органикалық тыңайтқыштарды
қоспағанда) түрлерін және
субсидиялардың нормаларын
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 – бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларының 7-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) мен субсидиялардың нормалары:
1 1) осы қаулының 1 – қосымшасына сәйкес отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына);
2 2) осы қаулының 2 – қосымшасына сәйкес тыңайтқыш берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) белгіленсін.
2 2. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы):
осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. М. Әміржановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Мамытбеков
13 мамыр 2015 ж.
«Маңғыстау облысының
қаржы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Б. Альбекова
13 мамыр 2015 ж.
«Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
С. Б. Нарешова
13 мамыр 2015 ж.
«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
13 мамыр 2015 ж.
7 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 13 мамыр
№ 143 қаулысына
1-қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) мен отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялардың нормалары
№
р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірлік құнын арзандату пайызы,
дейін
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары,
теңге
1
Аммиак селитрасы
(N- 34,4 %)
тонна
50
28 900
2
Аммофос
(N- 10 %; P2О5 – 46 %)
тонна
50
45 000
8 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 13 мамыр
№ 143 қаулысына
2-қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері мен
тыңайтқыш берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялардың нормалары
№
р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірлік құнын арзандату пайызы,
дейін
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары,
теңге
1
Новалон (N-13: P-40: K-13+ МЭ)
килограмм
30
176,4
2
Новалон (N-19: P-19: K-19+2MgO +МЕ)
килограмм
30
151,2
3
Новалон (N-03: P-07: K-37 + 2MgO +МЭ)
килограмм
30
151,2
4
Монокалийфосфат
тонна
30
136 500
5
Суға ерігіш кальций нитраты (кальций селитрасы)
тонна
30
46 500
6
Калий нитраты
тонна
30
82 500
7
Күкіртқышқылды магний 7-сулы
тонна
30
36 000
8
Нитроаммофоска (N15:P15:K15)
тонна
30
36 000