Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 167
- Қабылданған күні
- 09.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2016 89927_55556.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15TB003202
- ЭКБ идентификаторы
- 89927
- Редакция идентификаторы
- 89927_55556
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:33
0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №XXVIІ-12 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы» шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Н.Өмірбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Жылыой аудандық ХХVІІ мәслихат
сессиясының төрағасыТ.Майлыбаев
«09» 04 2015 жыл
Жылыой ауданы мәслихатының
хатшысыМ.Кенғанов
«09» 04 2015 жыл
4 Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі №167 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары
күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер.
2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары
мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
кітапхана, интернат меңгерушісі;
мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, тәлімгер, музыкалық жетекші, хореограф, нұсқаушы, әдістемеші, психолог, әлеуметтік педагог, медициналық бике, емдәм бикесі, кітапханашы, үйірме жетекшісі, зертханашы.
3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары
кітапхана меңгерушісі;
мамандар (бас, аға): кітапханашы, әдістемеші, музыкалық жетекші.