Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 167
- Қабылданған күні
- 09.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2016 89927_55556.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15TB003202
- ЭКБ идентификаторы
- 89927
- Редакция идентификаторы
- 89927_55556
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:33
0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №XXVIІ-12 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы» шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Н.Өмірбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Жылыой аудандық ХХVІІ мәслихат
сессиясының төрағасыТ.Майлыбаев
«09» 04 2015 жыл
Жылыой ауданы мәслихатының
хатшысыМ.Кенғанов
«09» 04 2015 жыл
4 Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі №167 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары
күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары
мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
кітапхана, интернат меңгерушісі;
мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, тәлімгер, музыкалық жетекші, хореограф, нұсқаушы, әдістемеші, психолог, әлеуметтік педагог, медициналық бике, емдәм бикесі, кітапханашы, үйірме жетекшісі, зертханашы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары
кітапхана меңгерушісі;
мамандар (бас, аға): кітапханашы, әдістемеші, музыкалық жетекші.