Об установлении нормативов минимальных резервных требований
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении нормативов минимальных резервных требований
- Атауы (қаз.)
- Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 20.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2019 89941_416212.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010985
- ЭКБ идентификаторы
- 89941
- Редакция идентификаторы
- 89941_416212
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:59
0 Ең төменгі резервтік талаптардың
нормативтерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – банк):
1 1) банктің ұлттық валютадағы қысқамерзімді ішкі міндеттемелері үшін 2,0 (екі бүтін оннан нөл) пайыз;
2 2) банктің ұлттық валютадағы қысқамерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 4,0 (төрт бүтін оннан нөл) пайыз;
3 3) банктің ұлттық валютадағы ұзақмерзімді ішкі міндеттемелері үшін 0,0 (нөл бүтін оннан нөл) пайыз;
4 4) банктің ұлттық валютадағы ұзақмерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 2,0 (екі бүтін оннан нөл) пайыз;
5 5) банктің шетел валютасындағы қысқамерзімді ішкі міндеттемелері үшін 2,0 (екі бүтін оннан нөл) пайыз;
6 6) банктің шетел валютасындағы қысқамерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 6,0 (алты бүтін оннан нөл) пайыз;
7 7) банктің шетел валютасындағы ұзақмерзімді ішкі міндеттемелері үшін 0,0 (нөл бүтін оннан нөл) пайыз;
8 8) банктің шетел валютасындағы ұзақмерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 2,0 (екі бүтін оннан нөл) пайыз мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.
2
2. Соттың банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген шешімі бар банктерге соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері банктің барлық міндеттемелері үшін 0,0 (нөл бүтін оннан нөл) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
3 3. Зерттеулер және стратегиялық талдау департаменті (Бөбеев М.С.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;