Құжат мәтініне өту

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)

Өзге акт · № 314/36 · қабылданған 30.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89951/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) Күшін жойған Өзге акт ·№ 314/36 ·30.04.2015
08.01.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)

Күшін жойған Өзге акт ·№ 314/36 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
Атауы (қаз.)
Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
314/36
Қабылданған күні
30.04.2015
Көрсетілген редакция
08.01.2021 89951_506001.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15PC004492
ЭКБ идентификаторы
89951
Редакция идентификаторы
89951_506001
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:13

0 Автотұрақтар (паркингтер)

санаттарын белгілеу және
автотұрақтар (паркингтер) үшін
бөлінген жерлерге базалық салық
мөлшерлемесін ұлғайту туралы
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 386 - бабының 3 - тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1- қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Автотұрақтар (паркингтер) санаттарына байланысты, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекен жерлеріне базалық салық мөлшерлемесі 2 - қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Екібастұз қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Екібастұз қалалық мәслихатының
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 314/36
шешіміне 1-қосымша
Екібастұз қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
р/с

Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және
түрлері
Автотұрақтардың (паркингтердің) мақсаты
Жер телімінің нысаналы мақсаты
Автотұрақтар
(паркингтер) санаттары
1
Қызметтік автотұрақтар (паркингтер)
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын ақысыз негізде сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін
1 - санат
2
Айып автотұрақтары
Автокөлік құралдарын
айып автотұрақтарында сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді)
пайдалану және қызмет көрсету үшін
3
Халықтың қауқары аз топтарының көлік құралдарын және велокөлікті қоятын тұрақтары
Халықтың қауқары аз топтарының көлік құралдарын және велокөлікті сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді)
пайдалану және қызмет көрсету үшін
4
Бір орынға тәулік бойы жүк машиналары қойылатын және тәуліктік немесе сағаттық режимді қолданатын автотұрақтар (паркингтер)
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк автокөліктерін бекітілген тариф бойынша ақылы негізінде қысқа мерзімде сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді)
пайдалану және қызмет көрсету үшін
2 - санат
5
Ғимараттың цокольді және (немесе) жер асты деңгейінде орналасқан және осы ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер)
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын ақысыз негізде сақтау
Автотұрағы (паркингі) бар ғимарат, ғимарат құрылысын пайдалану және қызмет көрсету үшін
6
Тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер)
Жыл сайын белгіленген төлем мен жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын сақтау
Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді)
пайдалану және қызмет көрсету үшін
7
Тәулік бойы бір орынға машиналар қойылатын және тәуліктік немесе сағаттық режимді қолданатын автотұрақтар (паркингтер)
Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөліктерін қысқа мерзімде сақтау
Автотұрақтарды (паркингтерді)
пайдалану және қызмет көрсету үшін
3 - санат

6 Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесін ұлғайтудың мөлшері

Екібастұз қалалық мәслихатының
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 314/36
шешіміне 2-қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесін ұлғайтудың мөлшері
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесін ұлғайтудың мөлшері
1 - санат
1
2 - санат
2
3 - санат
10

Қолданыстағы