Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования города Астаны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования города Астаны
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107-595
- Қабылданған күні
- 24.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2023 89971_620384.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ABW00908
- ЭКБ идентификаторы
- 89971
- Редакция идентификаторы
- 89971_620384
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:21
0 Нұр-Сұлтан қаласының орта
білім беру ұйымдарындағы
психологиялық қызметтің
жұмыс істеу қағидасын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 3-тармағының 24-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңының 1-бабы 105-тармағына сәйкес
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған
Нұр-Сұлтан қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы бекітілсін.
2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімдік баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «24» сәуірдегі
№ 107-595 қаулысымен
бекітілді
Нұр-Сұлтан қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық
қызметтің жұмыс істеу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы
Нұр-Сұлтан қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида)
Нұр-Сұлтан қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің іс-әрекетін реттейді (бұдан әрі – Психологиялық қызмет).
2. Психологиялық қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, Балалар құқығы туралы Конвенция, сондай-ақ осы Қағида шегінде жүзеге асырылады.
3. Психологиялық қызмет құрылымы «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес анықталады.
4. Психологиялық қызмет құрамына білім беру мекемелерінің басшысы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, мектеп инспекторлары, педагогтер және Білім беру ұйымының қамқоршылар кеңесінің өкілі кіреді.
2. Психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
5. Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
6. Психологиялық қызметтің міндеттері:
1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам даму жағдайында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;
3) әрбір білім алушыға оның тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде жеке тәсілді қамтамассыз ету;
4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың мәселелерін шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6) білім алушылардың психологиялық денсаулығын қорғау;
7) психологиялық мәселелерді шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;
8) білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
3. Психологиялық қызмет жұмыс істеуінің негізгі бағыттары мен мазмұны
7. Психологиялық қызмет өз қызметін психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырады.
8. Психодиагностикалық бағыт:
1) білім алушылардың психологиялық дамуын анықтау мақсатында оларды психологиялық диагностикалау;
2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;
3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;
4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындауды қамтиды.
9. Консультациялық бағыт:
1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтарға олардың сұранысы бойынша кеңес беру;
2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтарға жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беру;
3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды әсерленушілік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық көмек көрсету;
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтиды.
10. Ағартушылық-профилактикалық бағыт:
1) білім алушылар мен педагогтардың өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;
2) білім алушылар бейімсіздігінің алдын алу;
3) білім алушылардың бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу;
4) педагогтарды аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу;
5) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал етуді қамтиды.
11. Түзету-дамытушылық бағыт:
1) жеке тұлғалық өсу тренингтерін өткізу;
2) білім алушылар мен педагогтардың тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;
3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзетуді жоспарлауды қамтиды.
12. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыт:
1) педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен тыс және мамандардың кең көлемді қатысуын талап ететін мәселелерді шешуде аралас мамандармен (дәрігерлермен, психиатрлармен, суицидологтармен, дефектологтармен, логопедтермен, тифлопедагогтармен және т.б.) өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;
2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру;
3) шектеулі мамандармен және шұғыл жағдайларда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара әрекет ету мониторингін жүргізуді қамтиды.
13. Психологиялық қызмет жеке және топтық үлгіде білім алушылармен және педагог қызметкерлермен жұмыстың диагностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жеке орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.
14. Психологиялық қызметтің жұмысын «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) үйлестіреді.
15. Пихологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.
16. Психологиялық қызмет ынтымақтастық туралы жасалған шарттар (келісімдер) негізінде педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен және психология кафедраларымен өзара әрекеттеседі.
17. Психологиялық қызметтің жұмысын бақылауды білім беру ұйымының басшысы қамтамасыз етеді.
4. Педагог-психологтың өкілеттіктері
18. Педагог-психолог:
1) өз қызметінде осы Қағиданы басшылыққа алады;
2) өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шегінде шешім қабылдайды;
3) жалпы психология, педагогикалық психология және тәжірибелік психология, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшеліктік психология, әлеуметтік психология, дефектология, психотерапия, психогигиена негіздері, кәсіптік тану, еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психологиялық алдын алу, әлеуметтік, тәжірибелік және жас ерекшелік психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңаша жетістіктері туралы білімі бар;
4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістемелерін қолданады;
5) белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренинг байланыс әдістерін, жеке және топтық кәсіптік кеңестер берудің, білім алушылардың қалыпты және ауытқымды дамуының диагностикасы мен түзетудің заманауи әдістерін игерген;
6) барлық оқу кезеңінде білім алушылардың жеке-психологиялық ерекшеліктерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды;
7) білім алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақауларды анықтайды және оның алдын алады;
8) білім алушыларға, педагогтарға, ата-аналарға жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетеді;
9) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды әсерленушілік жағдайдағы педагогтарға, білім алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады;
10) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алады және оларды уақтылы түзетуді жүзеге асырады;
11) аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім дағдарыстық жағдайларға тап болатын балалар мен жасөспірімдерді анықтайды;
12) тәуекелдер туындаған кезде психодиагностиканың нәтижелері бойынша ата-аналарға хабарлайды, консультативтік жұмыс жүргізеді және қажет болған жағдайда оларды мамандарға жібереді («Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес);
13) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады;
14) тиісті кәсіби даярлығы жоқ адамдардың білім беру ұйымдарында психологиялық диагностика, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізуге жол бермейді;
15) білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруге ықпал етеді және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
16) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды;
17) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;
18) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқушылығының (ақыл-ой, эмоционалдық) тәуекел деңгейін, сондай-ақ әлеуметтік дамуындағы түрлі бұзушылықтар түрін анықтайды және одан әрі білім алу бағытын анықтау мақсатында дәрігерлік-психологиялық-педагогикалық консилиумға жолдайды және оларға психологиялық-педагогикалық түзетулер енгізеді;
19) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналардың (оларды алмастырушы тұлғалардың) психологиялық мәдениетін қалыптастырады.
19. Педагог-психолог:
1) білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық (психологтардың қызметіне жетекшілік ететін әдістемелік бірлестігімен келісілген және мақұлданған психодиагностикалық әдістер) консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдауға;