Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования
- Атауы (қаз.)
- Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107-596
- Қабылданған күні
- 24.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2024 89974_702347.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ABW00909
- ЭКБ идентификаторы
- 89974
- Редакция идентификаторы
- 89974_702347
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:21
0 Білім беру ұйымдарының ішкі
тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 3-тармағының 24-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңының 1-бабы 105-тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2
2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәурдегі
№ 107-596 қаулысымен
бекітілді
Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
5 1.Жалпы ережелер
1
1. Осы Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 3-тармағының 24-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртібін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды белгілейді.
2 2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының Ішкі тәртіп қағидаларын (бұдан әрі - Ішкі тәртіп қағидалары) бекіту кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
3
3. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының әкімшілігі білім беру ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ оқушылар, тәрбиеленушілер, ата-аналар мен өзге де заңды өкілдерінің оларға білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттемелер мен Ішкі тәртіп қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді.
2 2. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібі
4 4. Ішкі тәртіп қағидалары:
білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен педагогтарының оқушылармен, тәрбиеленушілермен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара қарым-қатынасын;
оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың міндеттемелерін;
оқушылардың, тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайларды;
білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды;
білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібін, үзілістерді, оқушылар мен тәрбиленушілердің оқу сабақтарының ұзақтылығын;
оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың тәртібін қарастырады.