Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Алтай
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Алтай
- Атауы (қаз.)
- Зырян ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 126
- Қабылданған күні
- 16.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2023 89995_622587.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VL003964
- ЭКБ идентификаторы
- 89995
- Редакция идентификаторы
- 89995_622587
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:26
0 Алтай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға 1, 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5, 1-6, 1-7, 1-8, 1-9, 1-10, 1-11, 1-12, 1-13, 2 - қосымшаларға сәйкес Алтай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібі бекітілсін
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Зубовск орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Зубовск орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-1-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Леснопристань орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-2-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Маяк орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-3-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Никольск орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-4-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-5-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «№2 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-6-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Октябрьск орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-7-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Первороссийское орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-8-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Соловьево орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-9-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Средигорное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-10-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Серебрянск қаласының М.В. Инюшин атындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-11-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №6 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-12-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №8 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
1-13-қосымша
Алтай ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын
балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Чапаев орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
4 Шығыс Қазақчстан облысы Алтай ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 126 қаулысына
2-қосымша
Шығыс Қазақчстан облысы Алтай ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
1 1-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі
1 1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
2 2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
3 3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
4
4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
5 5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
6 6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
7 7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.
8 8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.
9 9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
1 1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
2 2) жүру маршрутын өзгертуге;
3 3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4 4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5 5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
6 6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
10 10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
11 11. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оны?ң алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
12 12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
13 13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
14 14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
15 15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
1 1) салонда тұруына және жүруiне;
2 2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
3 3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
4 4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
5 5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
6 6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
7 7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
8 8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
9 9) есiктердi ашуына;
10 10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.
16
16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.