Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил обеспечения доступа к земельным участкам для проведения агрохимического обследования почв

Бұйрық · № 267 · қабылданған 27.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-89999/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил обеспечения доступа к земельным участкам для проведения агрохимического обследования почв Қолданыста Бұйрық ·№ 267 ·27.03.2015
27.03.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил обеспечения доступа к земельным участкам для проведения агрохимического обследования почв

Қолданыста Бұйрық ·№ 267 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил обеспечения доступа к земельным участкам для проведения агрохимического обследования почв
Атауы (қаз.)
Топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
267
Қабылданған күні
27.03.2015
Көрсетілген редакция
27.03.2015 89999_39402.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010991
ЭКБ идентификаторы
89999
Редакция идентификаторы
89999_39402
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:48

0 Топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 65-бабының 1-тармағының12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________ А. Мамытбеков
2015 жылғы «___» ______________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
________________ М. Құсайынов
2015 жылғы «___» ____________

8 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 4-6/285 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 267 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қағидалар 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiнің (бұдан әрі – Жер кодексі) 65-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) агрохимиялық зерттеп қарау – топырақтағы өсімдіктерді минералдық қоректендіру элементтері, қарашірік, рН және тұз режимі, микроэлементтер құрамын айқындау;

3 3) зерттеп қарауды жүргізу жоспары – әкімшілік аудандар, округтер бойынша жұмыстар жүргізудің кезектілігі;

4 4) мемлекеттік мекеме – ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік мекеме.

3 3. Топырақты агрохимиялық зерттеп қарау егістік топырағының құнарлылығы көрсеткіштерін айқындау үшін жүргізіледі.

2 2. Топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету тәртібі

4 4. Мемлекеттік мекеме жыл сайынғы зерттеп қарауды жүргізу жоспарларын жасайды және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен келіседі.

Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды бюджет қаражаты есебінен жүргізер алдында мемлекеттік мекеме жер учаскелерінің меншік иелеріне және (немесе) жер пайдаланушыларға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама береді.
Жер кодексінің 65-бабына сәйкес жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

5

5. Топырақты зерттеп қарауды жүргізуді бастар алдында мемлекеттік мекеменің қызметкері жер учаскесінің меншік иесімен және (немесе) жер пайдаланушымен бірге жер алқаптарын байқап қарайды, топырақтың типі мен түрін айқындайды, көзбен қарап нақтылайды және жер пайдалану жоспарына жағдайдағы (жаңа жолдар, танаптар шекаралары, отырғызылған ағаштар) өзгерістерді енгізеді, жұмыс учаскелерінің схемасы мен оларды нөмірлеуді келіседі, жол бойындағы және фермалар маңындағы ерекше зерттеп қарау аймақтарын, су қорғау аймақтарын бөледі, соңғы үш жыл ішіндегі ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің орналасуын, олардың жай-күйін, ластану, фитоулылық біліну деңгейін нақтылайды, тыңайтқыштардың жоғары мөлшерімен жүйелі түрде тыңайтылатын танаптар мен өндірістік учаскелерді бөледі, танаптардың эрозияланғанын, бұталанғанын және қойтасталғанын белгілейді, суармалы учаскелер бетіндегі тұздың шөгіндісін белгілейді.

1 Топыраққа агрохимиялық

зерттеп-қарауды жүргізу
үшін жер учаскелеріне қол
жеткізуді қамтамасыз ету
қағидаларына 1-қосымша
Хабарлама
Мемлекеттік мекеменің мынадай өкілдері:
_____________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
______________________________________ 20___ жылғы ________________ 20 жылғы дейінгі мерзімде
_____________________________________________________________________________________________
(жер учаскесінің меншік иесі және (немесе) жер пайдаланушы)
топырағын жоспарлы агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізетінін хабарлаймыз.
Зерттеп қарауға жататын танаптарға мемлекеттік мекеме өкілдерінің кедергісіз кіруін
қамтамасыз етуді сұраймын.
Зерттеп қарауды жүргізу кезінде жер учаскесінің меншік иесі және (немесе) жер пайдаланушы
тарапынан қатысуға және бақылау жүргізуге жол беріледі.
Басшы: _____________________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын (қолы)
растайтын құжатта бар болса)
Мөр орны

Қолданыстағы