Об установлении ограничительных мероприятий на улицах Абая и Б. Момышулы в селе Жарык Жарминского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на улицах Абая и Б. Момышулы в селе Жарык Жарминского района
- Атауы (қаз.)
- Жарма ауданының Жарық ауылындағы Абай және Б. Момышұлы көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 21.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2015 90002_244479.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VJM03966
- ЭКБ идентификаторы
- 90002
- Редакция идентификаторы
- 90002_244479
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:24
0 Жарма ауданының Жарық ауылындағы Абай және Б. Момышұлы көшелеріне
шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 104 ұсынысы негізінде, Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Жарма ауданының Жарық ауылындағы Абай және Б. Момышұлы көшелеріне, құтырық ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы (Д. Данабаев, келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жарма аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (Г. Құлжанбекова, келісім бойынша) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4 4. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау комитетінің
Жарма аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а.
Д. Данабаев
2015 жыл « 21 » 04
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың
құқықтарын қорғау Комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
Жарма аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г. Құлжанбекова
2015 жыл « 21 » 04