Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил распределения квот изъятия объектов животного мира

Бұйрық · № 18-04/149 · қабылданған 27.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90041/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил распределения квот изъятия объектов животного мира Қолданыста Бұйрық ·№ 18-04/149 ·27.02.2015
23.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил распределения квот изъятия объектов животного мира

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-04/149 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил распределения квот изъятия объектов животного мира
Атауы (қаз.)
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-04/149
Қабылданған күні
27.02.2015
Көрсетілген редакция
23.09.2025 90041_783013.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010865
ЭКБ идентификаторы
90041
Редакция идентификаторы
90041_783013
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:20

0 Жануарлар дүниесі объектілерін

алып қою квоталарын бөлу
қағидаларын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 1 сәуір

0 Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-04/149 бұйрығымен
бекітілген
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына және «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңы) 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында квоталарды бөлу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығын жүргізетін жеке немесе заңды тұлға;

2 2) аумақтық бөлімшелер – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциялары;

3 3) жануарлар дүниесі объектілерін үшін алып қою квотасы – жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарларын алып қою лимитінің бір бөлігі;

4 4) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті – жануарлар дүниесі объектілерін олардың табиғи өсімі мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берілетін шекті көлемі;

5 5) ведомство – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

6 6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі;

7

7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

8 8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілегін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

3

3. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңның 29-бабы 1-тармағының төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленетін аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиттерінің негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында, жануарлардың аңшылық объектісі болып табылатын түрлерін алып қою квоталарын бөлу аңшылық алқаптарының өнімділігін және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жануарлар түрлерін аулауға арналған өтінімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.

5 5. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6

6. Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағидалардың 1-қосымшасында жазылған.

Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

2 2-тарау. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында аңшылық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу тәртібі

8

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша есептік деректер негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

9 9. Көрсетілетін қызметті беруші аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты қызметкерге орындауға береді.

Жауапты қызметкер 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталарды бөлу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.

11 11. Көрсетілетін қызметті беруші жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған лимиттер бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аңшылық шаруашылығы субъектілері бөлінісінде аң аулау объектілері болып табылатын, жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлуді жүзеге асырады.

12 12. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.

13

13. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

14

14. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11005 болып тіркелген), жануарлар түрлерін алып қоюға өтінім берілген квота белгіленген тәртіппен бекітілген аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтеріне сәйкес анықталады.

15 15. Қолайсыз табиғат құбылыстары (жұт, ауру) салдарынан жануарлар түрлерінің саны азайған жағдайда жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квота жануарлар түрлерінің нақты ресурстарына сүйене отырып белгіленеді.

16 16. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе, онда жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квота бөлінбейді.

Ғылыми мақсаттарда жануарлар түрлерін алу квотасын бөлу резервтік қордағы аңшылық шаруашылықтар аумағында есептік деректердің болуын ескере отырып жүзеге асырылады.

17 17. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

18 18.

Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

19 19.

Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20 20.

Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

21 21.

Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

22 22.

Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

23 23.

Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

24 24.

Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

25 25.

Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

26 26.

Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

27

27. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:
әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

1 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

1 «Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Жануарлар дүниесі объектілерін
алып қою квоталарын
бөлу қағидаларына
1-қосымша
«Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы: «Бе­кі­ті­л­ген ли­мит­тер негі­зін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­ға кво­та­лар бө­лу»
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Аң­шы­лар­дың және аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лық субъ­ек­ті­ле­рі­нің қо­ғам­дық бір­ле­стікте­рі­нің рес­пуб­ли­ка­лық қа­уым­да­стық­та­ры (бұ­дан әрі - Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші).
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сі­лі
«элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал).
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап - 3 (үш) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­дың бе­кі­ті­л­ген ли­мит­те­рі негі­зін­де жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­ға кво­та­лар бө­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ны­са­ны: элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы жер­гі­лік­ті мем­ле­кет­тік бас­қа­ру және өзін-өзі бас­қа­ру ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
2) Пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және Заң­ның 5-ба­бы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да, өті­нім­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
Аң аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алып қо­ю­ға кво­та­лар­ды бө­лу ке­зін­де мы­на­лар­ды ұсы­ну қа­жет: осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы үшін аң аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар­дың түр­ле­рі бой­ын­ша алып қою кво­та­сын алу­ға ар­нал­ған өті­нім. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы аң аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рі бой­ын­ша есеп­тік де­ректер негі­зін­де өті­нім­ді ұсы­на­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­шіл мы­на­дай негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің және де­ректер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы;
5) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­ды ны­сан тү­рін­де ЭЦҚ болған жағ­дай­да ала ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­ме­ті, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алып қо­ю­ға мә­лім­дел­ген кво­та «Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау, өсі­мін мо­лай­ту және пай­да­ла­ну са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тер­ді бе­кі­ту ту­ра­лы» (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11005 бо­лып тір­кел­ген) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 30 на­уры­зда­ғы № 18-03/271а бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, аң аулау ны­са­ны бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алып қо­ю­ды бел­гі­лен­ген нор­ма­ла­ры­на сәй­кес бо­луы ти­іс.

2 Аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квоталарын алуға өтінім

Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квоталарын алуға өтінім
Аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның ата­уы
Жа­ну­ар­дың тү­рі
Үсті­м­із­де­гі жы­л­ғы (да­рақ­тар) са­ны
Бе­кі­ті­л­ген (да­рақ­тар) алып қою кво­та­сы
Сұ­ра­лып отыр­ған алу кво­та­сы (да­рақ­тар)
Оның ішін­де
(тұ­яқ­ты­лар үшін)
ата­лық­та­ры
ұр­ға­шы­ла­ры
тө­лі
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімді берген күн «__»___________20___жыл.
_____________________________________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы,
мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер
болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)

3 Жануарлар дүниесі объектілерін

алып қою квоталарын
бөлу қағидаларына
3-қосымша

4 Жануарлар дүниесі объектілерін

алып қою квоталарын бөлу қағидаларына
4-қосымша

5 Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама

Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама
Құрметті _____________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталар сізге осы Қағидада айқындалған тәртіппен жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде бөлінетінін және көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын хабардар етеміз.
Сұрақтар туындаған жағдайда___________________________________
_____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы, мекенжайы және ресми сайты)
____________________________________________________________
жүгінуді сұраймыз.
____________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Мөр орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Байланыс телефондары: _______________________________________
Күні 20 ____ жылғы « _» ______________.

6 Жануарлар дүниесі

объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
6-қосымша

7 Жануарлар дүниесі

объектілерін алып қою квоталарын
бөлу қағидаларына
7-қосымша

Қолданыстағы