Құжат мәтініне өту

Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Уланского района

Қаулы · № 326 · қабылданған 27.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90046/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Уланского района Күшін жойған Қаулы ·№ 326 ·27.04.2015
30.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Уланского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 326 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Уланского района
Атауы (қаз.)
«Ұлан ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасын мен тәртібін бекіту туралы»
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
326
Қабылданған күні
27.04.2015
Көрсетілген редакция
30.05.2016 90046_110765.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15VQ003967
ЭКБ идентификаторы
90046
Редакция идентификаторы
90046_110765
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:18

0 «Ұлан ауданының шалғайдағы

елді мекендерде тұратын
балаларды жалпы білім
беретін мектептерге тасымалдау
схемасын мен тәртібін бекіту
туралы»
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес,Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұлан ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сай бекітілсін.

2 2. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 «Ұлан ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» қаулының күші жойылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. Мамырбаеваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Ұлан ауданы әкімдігінің

2015 жылғы « 27 » сәуірдегі
№ 326 қаулысына
1 қосымша
Ұлан ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың
Схемасы

Тура бағыт
Кері бағыт
1
2
3
1
Аялдама: Ұлан ауданының Алмасай ауылдық округіндегі 17 шақырым елді мекені;
Ұлан ауданының Алмасай ауылдық округінің Алмасай ауылындағы «Абай атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Ұлан ауданының Алмасай ауылдық округінің Алмасай ауылындағы «Абай атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Алмасай ауылдық округіндегі 17 шақырым елді мекені.
2
Аялдама: Ұлан ауданының Акимовка елді мекені;
Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі «Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі «Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Акимовка елді мекені.
1
2
3
3
Аялдама: Ұлан ауданының Саратовка ауылдық округіндегі Отрадное елді мекені;
Ұлан ауданының Саратовка ауылдық округінің Ново-Одесское ауылындағы «Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Ұлан ауданының Саратовка ауылдық округінің Ново-Одесское ауылындағы «Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Саратовка ауылдық округіндегі Отрадное елді мекені.
4
Аялдама: Ұлан ауданының Саратовка ауылдық округіндегі Саратовка елді мекені;
Ұлан ауданының Саратовка ауылдық округінің Ново-Одесское ауылындағы «Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Ұлан ауданының Саратовка ауылдық округінің Ново-Одесское ауылындағы «Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Саратовка ауылдық округіндегі Саратовка елді мекені.
5
Аялдама: Ұлан ауданының Өскемен ауылдық округіндегі Мирное елді мекені;
Ұлан ауданының Өскемен ауылдық округіндегі Макеевка елді мекенінің аялдамасы;
Ұлан ауданының Өскемен ауылдық округінің Восточное ауылындағы «Қазанның 17 жылы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік
Ұлан ауданының Өскемен ауылдық округінің Восточное ауылындағы «Қазанның 17 жылы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Өскемен ауылдық округіндегі Макеевка елді мекені;
Аялдама: Ұлан ауданының Өскемен ауылдық округіндегі Мирное елді мекені.
1
2
3
мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
6
Аялдама: Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Ескі Асубұлақ» шағын ауданы;
Аялдама: Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Жантас» шағын ауданы;
Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Асубұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Асубұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Жантас» шағын ауданы;
Аялдама: Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Ескі Асубұлақ» шағын ауданы.
7
Аялдама: Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Микрорайон» шағын ауданы.
Аялдама: Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Разведка» шағын ауданы;
Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Асубұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Асубұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Разведка» шағын ауданы;
Аялдама: Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Микрорайон» шағын ауданы.
8
Аялдама: Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Лесхоз» шағын ауданы;
Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Асубұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
1
2
3
Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Асубұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Аялдама: Ұлан ауданының Асубұлақ ауылдық округінің Асубұлақ кентіндегі «Лесхоз» шағын ауданы.
9
Аялдама: Ұлан ауданының Азовое ауылдық округіндегі Ескі Азовое елді мекені;
Ұлан ауданының Азовое ауылдық округінің Жаңа Азовое ауылындағы «Азовое орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Ұлан ауданының Азовое ауылдық округінің Жаңа Азовое ауылындағы «Азовое орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Азовое ауылдық округіндегі Ескі Азовое елді мекені.
10
Аялдама: Ұлан ауданының Азовое ауылдық округіндегі Бетқұдұқ елді мекені;
Ұлан ауданының Азовое ауылдық округінің Жаңа Азовое ауылындағы «Азовое орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Ұлан ауданының Азовое ауылдық округінің Жаңа Азовое ауылындағы «Азовое орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Азовое ауылдық округіндегі Бетқұдұқ елді мекені.
11
Аялдама: Ұлан ауданының Төлеген Тохтаров ауылдық округіндегі Казачье елді мекені;
Ұлан ауданының Төлеген Тохтаров ауылдық округінің Герасимовка ауылындағы «Герасимовка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Ұлан ауданының Төлеген Тохтаров ауылдық округінің Герасимовка ауылындағы «Герасимовка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Төлеген Тохтаров ауылдық округіндегі Казачье елді мекені.
1
2
3
12
Аялдама: Ұлан ауданының Аблакетка ауылдық округіндегі Желдіөзек елді мекені;
Ұлан ауданының Аблакет ауылдық округінің Мамай батыр ауылындағы «Ломоносов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Ұлан ауданының Аблакет ауылдық округінің Мамай батыр ауылындағы «Ломоносов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Төлеген Тохтаров ауылдық округіндегі Казачье елді мекені.
13
Аялдама: Ұлан ауданының Тарғын ауылдық округінің Жоғарғы Тайынты елді мекеніндегі «Горная көшесі»;
Ұлан ауданының Тарғын ауылдық округінің Жоғарғы Тайынты ауылындағы «М. Таенов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Ұлан ауданының Тарғын ауылдық округінің Жоғарғы Тайынты ауылындағы «М. Таенов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Тарғын ауылдық округінің Жоғарғы Тайынты елді мекеніндегі «Горная көшесі»;
14
Аялдама: Ұлан ауданының Егінсу ауылдық округіндегі Борсақ елді мекені;
Ұлан ауданының Егінсу ауылдық округінің Ұлан ауылындағы «С. Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Ұлан ауданының Егінсу ауылдық округінің Ұлан ауылындағы «С. Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Егінсу ауылдық округіндегі Борсақ елді мекені.
15
Аялдама: Ұлан ауданының Огневка ауылдық округінің Огневка кентіндегі «Железнодорожная көшесі»;
Ұлан ауданының Огневка ауылдық округінің Огневка кентіндегі «С. Сейфуллин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы
1
2
3
Аялдама: Ұлан ауданының Огневка ауылдық округінің Огневка кентіндегі «Заречная көшесі»;
Ұлан ауданының Огневка ауылдық округінің Огневка кентіндегі «С. Сейфуллин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Огневка ауылдық округінің Огневка кентіндегі «Заречная көшесі»;
Аялдама: Ұлан ауданының Огневка ауылдық округінің Огневка кентіндегі «Железнодорожная көшесі».
16
Аялдама: Ұлан ауданының Бозанбай ауылдық округіндегі Қызылсу елді мекені;
Аялдама: Ұлан ауданының Бозанбай ауылдық округіндегі Ақжартас елді мекені;
Аялдама: Ұлан ауданының Бозанбай ауылдық округіндегі Тоғанас елді мекені;
Ұлан ауданының Бозанбай ауылдық округінің Бозанбай ауылындағы «Бозанбай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Ұлан ауданының Бозанбай ауылдық округінің Бозанбай ауылындағы «Бозанбай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Ұлан ауданының Бозанбай ауылдық округіндегі Тоғанас елді мекені;
Аялдама: Ұлан ауданының Бозанбай ауылдық округіндегі Ақжартас елді мекені;
Аялдама: Ұлан ауданының Бозанбай ауылдық округіндегі Қызылсу елді мекені.

6 Ұлан ауданы әкімдігінің

2015 жылғы « 27 » сәуірдегі
№ 326 қаулысына
2 қосымша
Ұлан ауданының шалғайдағы елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге
тасымалдаудың тәртібі

1 1. Балаларды тасымалдау тәртібі

1 1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.

2 2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.

3 3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен бала-лардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және бала-лардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.

4

4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.

5 5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.

6 6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.

7 7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.

8 8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.

9 9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:

1 1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;

2 2) жүру маршрутын өзгертуге;

3 3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

4 4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

5 5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

6 6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

10 10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.

11 11. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оныѕң алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.

12 12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.

13 13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.

14 14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.

15 15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:

1 1) салонда тұруына және жүруiне;

2 2) есiктер мен терезелерге жантаюына;

3 3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;

4 4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;

5 5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;

6 6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;

7 7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;

8 8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;

9 9) есiктердi ашуына;

10 10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.

16

16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.

17 17. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.

18 18. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:

1 1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;

2 2) баспалдақтардан секiруiне;

3 3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;

4 4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.

19 19. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:

1 1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығады;

2 2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүреді.

2 2. Қорытынды ережелер

20 20. Қаланың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Қолданыстағы