Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов по обмену информацией для целей ведения правового и иных кадастров
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов по обмену информацией для целей ведения правового и иных кадастров
- Атауы (қаз.)
- Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 164
- Қабылданған күні
- 18.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2021 90055_529531.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011102
- ЭКБ идентификаторы
- 90055
- Редакция идентификаторы
- 90055_529531
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:02
0 Құқықтық және өзге де кадастрларды
жүргізу мақсатында ақпарат алмасу
бойынша мемлекеттік органдардың
өзара іс-қимыл жасау қағидаларын
бекіту туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
2 2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________Ә. Исекешев
2015 жылғы «__»_________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________Е. Досаев
2015 жылғы «__»_________
5 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 164 бұйрығымен
бекітілген
Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында
ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың
өзара іс-қимыл жасау қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4–тармағына сәйкес әзірленді.
2 2. Қағида уәкілетті органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөнінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
3
3. Осы Қағида мемлекеттік жер кадастрының жүргізілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын орталық уәкілетті органға, сәулет, қала құрылысы және құрылысы істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметімен сабақтас болып табылатын мәселелер бойынша олардың арнайы өкілеттіктерінің шегінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына, жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарға, тіркеуші органдарға (бұдан әрі - уәкілетті органдар) қолданылады.
4 4. Уәкілетті органдардың негізгі міндеті құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу үшін қажетті ақпарат алмасу болып табылады.
5 5. Осы Қағида мынадай терминдер және анықтаулар пайдаланылады:
1 1) құқықтық кадастр – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) бірыңғай мемлекеттік тізілімі;
2
2) мемлекеттiк жер кадастры - Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрына жер учаскелерiне құқықты субъектiлер туралы ақпарат та енгiзiледi;
3
3) мемлекеттiк қала құрылысы кадастры - қала құрылысы регламенттерiн, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметi аумағын оның пайдаланудың әлеуметтiк-құқықтық режимiнiң белгiлерi, инженерлiк-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейi бойынша, онда орналасқан объектiлердiң параметрлерi мен жай-күйi, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдай мен экологиялық жай-күйi бойынша сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткiштерiнiң мемлекеттiк жүйесi;
4 4) өзге де кадастрлары ретінде - мемлекеттiк жер кадастры, мемлекеттiк қала құрылысы кадастры және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі деп ұғынылады;
5 5) тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
6 6) уәкілетті орган – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2 2. Уәкілетті органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөнінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі
6
6. Құқықтық кадастрды тіркеуші органдар жүргізеді және жылжымайтын мүлікке және өзге де тіркеу объектілеріне қолданыстағы және тоқтатылған құқықтар, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары туралы ақпаратты, құқық иелері туралы мәліметтерді, құқықтық кадастрдан мәліметтерді сұратудың болуы туралы ақпаратты қамтиды. Құқықтық кадастр ақпараттық жүйеден тұрады.
7 7. Құқықтық кадастрдағы барлық жазбалар жылжымайтын мүліктің әрбір объектісіне және оларға теңестірілген объектілерге жүргізіледі. Жылжымайтын мүлік объектілері кадастрлық нөмірмен сәйкестендіріледі.
8 8. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы барлық жазбаларды тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізеді.
9 9. Құқықтық кадастрдың бірыңғай ақпараттық жүйесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қалыптастырады.
10
10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөніндегі ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылының интеграциясы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.