Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования и использования гарантийного и страхового фондов

Бұйрық · № 251 · қабылданған 27.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90059/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования и использования гарантийного и страхового фондов Қолданыста Бұйрық ·№ 251 ·27.03.2015
01.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования и использования гарантийного и страхового фондов

Қолданыста Бұйрық ·№ 251 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования и использования гарантийного и страхового фондов
Атауы (қаз.)
Кепілді және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
251
Қабылданған күні
27.03.2015
Көрсетілген редакция
01.07.2025 90059_763441.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010994
ЭКБ идентификаторы
90059
Редакция идентификаторы
90059_763441
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:48

0 Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекiту туралы

«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 3-4)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жолдануын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

1 Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 251 бұйрығымен
бекітілген
Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Кепiлдiк беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 3-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және кепiлдiк беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) кепілдік беру қоры – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржаның өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры;

2 2) тауар биржасының клирингтік орталығы - тауар биржасы клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан дербес клирингтік ұйым;

3 3) сақтандыру қоры – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа және (немесе) оның клирингтік орталығы биржа мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастыратын ақша қоры;

4 4) тауар биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға.

3 3. Биржалық сауданы ұйымдастыру бойынша өз қызметі кезінде биржалық мәмілелерді орындамау тәуекелдерін төмендету бойынша шаралар қабылдау мақсатында тауар биржасы:

1 1) тауар биржалары қызметімен айналысуға лицензия алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде кепілдік беру қоры құрылады;

2 2) тауар биржасының бірінші мүшесі қабылданған күннен бастап сақтандыру қорын дербес не клиринг орталығымен бірлесіп қалыптастырады, не оны қалыптастыруды клиринг орталығына тапсырады.

4 4. Cақтандыру және кепілдік қорларының қаражаттары тауар биржасының және (немесе) оның клирингтік орталығының балансында жеке шоттарда есепке алынады.

Кепілдік және сақтандыру қорларының ағымдағы мөлшері туралы ақпарат тауар биржасының өз интернет-ресурсында жарияланады.

2 2-тарау. Кепілдік беру қорын қалыптастыру тәртібі

5 5. Кепілдік беру қоры тауар биржаларының қызмет көрсететін тауар нарықтары бойынша тәуекелдерді бағалауды ескере отырып, олардың ағымдағы сандық және ақша айналымдарының көрсеткіштерін негізге ала отырып, белгіленген мөлшерде өз ақшасы есебінен қалыптастырады.

6 6. Кепілдік беру қорын қалыптастырудың көздері тауар биржасы акцияларының төлемдері және (немесе) тауар биржасының пайдасы және Заңмен тыйым салынбаған басқа түсімдер ретінде келіп түскен ақша болып табылады.

7 7. Кепілдік беру қорының қаражаты тауар биржасы қызметінің барлық кезеңінде азайтылмайтын қалдық түрінде тауар биржасының жеке банктік шотында есепке алынады.

3 3-тарау. Сақтандыру қорын қалыптастыру тәртібі

8 8. Сақтандыру қоры тауар биржасы мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастырылады.

9 9. Сақтандыру қоры ақшалай түрде қалыптастырылады және тауар биржасының жеке банктік шотындағы азайтылмайтын қалдық түрінде есепке алынады.

Сақтандыру қоры тауар биржасы қызметін жүзеге асыру қүқығына арналған лицензияның қолданылуы ұақытында калыптастырылады.

10 10. Сақтандыру қорының қаражаты тауар биржасының немесе тауар биржасының клиринг орталығының жеке банктік шотында есепке алынады.

Тауар биржа мүшелігінен шыққан жағдайда және тауар биржа және (немесе) тауар биржасының клиринг орталығының алдында, сондай-ақ тауар биржасы және (немесе) тауар биржасының клиринг орталығының қатысуымен орындалатын биржалық мәмілелер бойынша берешектері болмаған жағдайда, сақтандыру қорының қаражаты биржаның мүшелеріне олардың өтініштер бойынша қайтарылуға жатады.

4 4-тарау. Кепілдік беру және сақтандыру қорларын пайдалану тәртібі

11 11. Кепілдік беру және сақтандыру қорлары сауда-саттыққа қатысушылар жасалған биржалық мәмілелер бойынша өздерінің ақшалай міндеттемелерін орындамаған жағдайда тауар биржасы немесе тауар биржасының клирингтік орталығының өтімділік шығындары тәуекелінің орнын толтыруға арналған.

12 12. Кепілдік беру және сақтандыру қорларының қаражаты мынадай тәртіпте пайдалануға жатады:

1 1) оларды жабу үшін құрылған кепілдік беру және сақтандыру қорларындағы тәуекелдер іске асырылған жағдайда тауар биржасы оларды пайдалану туралы шешім қабылдайды;

2 2) қор қаражатын тауар биржасында жасалған мәміле бойынша тек зардап шеккен тарапқа залалдарды жабу үшін (жіберілген пайданы қоспағанда) пайдалануға;

3 3) бір биржалық мәміле бойынша залалдарды жабу үшін пайдаланылатын қор қаражатының көлемі тауар биржасының ішкі ережелерімен белгіленген шамадан аспайды және кез келген жағдайда осы қордың жиынтық активінен аспайды.

Қолданыстағы