О субсидировании стоимости удобрений (за исключением органических удобрений)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О субсидировании стоимости удобрений (за исключением органических удобрений)
- Атауы (қаз.)
- Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 938
- Қабылданған күні
- 27.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2016 90076_92690.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15L0004992
- ЭКБ идентификаторы
- 90076
- Редакция идентификаторы
- 90076_92690
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:18
0 Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы №574 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары белгіленсін.
2 2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________А. Мамытбеков
2015 жылғы «28» сәуір
5 Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы «27 » сәуірдегі №938 қаулысына
1-қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары
№
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір өлшем бірлігінің құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге
1
Аммиак селитрасы (N-34,4%)
тонна
50
28 900
2
Аммофос (N-10% , P2 O5 -46 %)
тонна
50
45 000
3
Суперфосфат (P2 O5 -19 %)
тонна
50
24 500
4
Аммоний сульфаты (N-21%)
тонна
50
13 500
5
Супрефос-NS (N-12%, P2О5-24%)+ Ca;Mg;SO3)
тонна
50
43 500
6
Жай суперфосфат (P-15%:К2О-2%)
тонна
50
21 281
7
Байытылған суперфосфат
(P2 O5 -21,5 %)
тонна
50
17 000
8
«Б» маркалы микротыңайтқыш «МЭРС»
литр
50
5 000
9
Фосфорит ұны (P2 O5 -17%)
тонна
50
8 210
Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
N - азот;
P2 O5 - фосфор тотығы;
Ca - кальций;
Mg - магний;
SO3 - күкірт тотығы;
P - фосфор;
К2О - калий тотығы.
6 Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы «27» сәуір №938 қаулысына
2-қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары
№
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір өлшем бірлігінің құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге
1
Карбамид (N-46,3%)
тонна
30
20 700
2
Аммоний сульфаты (N-21%)
тонна
30
9 900
3
Нитроаммофоска
(N-15%, P-15%, K-15%)
тонна
30
36 000
4
КАС (карбамид-аммиакті қоспасы) N-27-33%
литр
30
16,50
Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
N – азот;
Р – фосфор;
К – калий.