Об утверждении Правил ввоза, производства и реализации нейодированной пищевой соли
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ввоза, производства и реализации нейодированной пищевой соли
- Атауы (қаз.)
- Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндіру және өткізу қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 27.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2020 90099_496675.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011027
- ЭКБ идентификаторы
- 90099
- Редакция идентификаторы
- 90099_496675
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:22
0 Йодталмаған ас тұзын
әкелу, өндiру және өткізу
қағидасын бекіту туралы
«Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» 2003 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндiру және өткізу қағидасы бекітілісін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
_______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы « »_____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
_______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы « »_____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы « »_____________
0 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 154 бұйрығымен
бекітілген
Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндiру және өткізу қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы йодталмаған ас тұзын әкелу, өндiру және өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) меншік нысанына қарамастан, қызметі тамақ өнімдерін әкелу, өндiру және өткізумен байланысты заңды және жеке тұлғаларға арналған.
2 2. Йодталмаған ас тұзын әкелуді, өндіруді және өткізуді реттеу Қазақстан Республикасының аумағында йод тапшылығы ауруларының алдын алу мақсатында жүргізіледі.
3 3. Қазақстан Республикасының аумағына йодталмаған ас тұзын әкелу, өндіру және өткізу:
1 1) өндірісінде йодталмаған ас тұзы пайдаланылатын тамақ өнімінің жекелеген түрлерін өндіруге;
2 2) йодталған тұзды қолдануға болмайтын көрсетiмдерi бар адамдарға жол беріледі.
2 2. Йодталмаған ас тұзын әкелу және өндіру қағидасы
4 4. Қазақстан Республикасының аумағына йодталмаған ас тұзын әкелу құрамында йодталмаған ас тұзын пайдалану көзделетін тамақ өнімінің жекелеген түрлерін нысаналы өндіруге қажетті көлемдерді жеткізу туралы тамақ өнеркәсібі кәсіпорнымен келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.
5 5. Йодталған ас тұзын қолдануға болмайтын көрсетiмдерi бар адамдарды қамтамасыз ету үшін өндірушілер йодталмаған ас тұзын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері бойынша, бірақ өндірістік қуатының жалпы көлемінің кемінде 0,1 %-ын шығарады.
6
6. Йодталмаған ас тұзын әкелу Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (021/2011 КО ТР) талаптарына сәйкестігін растау (бағалау) бойынша құжаттары болған кезде жүзеге асырылады.
3 3. Йодталмаған ас тұзын өткізу қағидасы
7
7. Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған йодталмаған ас тұзы Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (021/2011 КО ТР) талаптарына сәйкестігін бағалауға (растауға) жатады.