Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил субсидирования заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость

Бұйрық · № 9-3/271 · қабылданған 30.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90124/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил субсидирования заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость Күшін жойған Бұйрық ·№ 9-3/271 ·30.03.2015
15.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил субсидирования заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость

Күшін жойған Бұйрық ·№ 9-3/271 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил субсидирования заготовительным организациям в сфере агропромышленного комплекса суммы налога на добавленную стоимость, уплаченного в бюджет, в пределах исчисленного налога на добавленную стоимость
Атауы (қаз.)
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9-3/271
Қабылданған күні
30.03.2015
Көрсетілген редакция
15.03.2021 90124_517103.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011008
ЭКБ идентификаторы
90124
Редакция идентификаторы
90124_517103
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:46

0 Агроөнеркәсіптік кешен

саласындағы дайындаушы
ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы
шегінде бюджетке төленген
қосылған құн салығы
сомасын субсидиялау қағидаларын
бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-2)тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 7 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 3 сәуір

0 Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 9-3/271
бұйрығымен
бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-2) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға (бұдан әрі – дайындаушы ұйымдар) есептелген қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасын субсидиялау және «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосыған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға;

2 2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, көрсетілетін қызметті беруші айқындайтын тұлға;

3 3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

4 4) өтінім – көрсетілетін қызметті алушының есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС мөлшерінде субсидиялар алуына арналған электрондық өтінім;

5 5) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

6

6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі– субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған «электрондық үкімет» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

7 7) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісіне орналастырылған субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

8 8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;

9

9) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

3

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласында функцияларын іске асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қаржы жылының әрбір тоқсанының қорытындысы бойынша не күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша субсидиялауды жүзеге асырады.

4 4. Көрсетілетін қызметті беруші ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде веб-порталда Қаржыландыру жоспарын орналастырады.

2 2-тарау. Субсидиялар алушылар

5

5. Субсидиялар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/278 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11065 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) аккредиттеген көрсетілетін қызметті алушыларға төленеді.

3 3-тарау. Субсидиялар алу шарттары

6 6. Субсидия мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде беруі.

Қаржы жылының 1, 2 және 3-тоқсан қорытындылары бойынша ҚҚС сомасын субсидиялауға арналған өтінім ҚҚС бойынша салық кезеңдері үшін декларацияны ұсыну бойынша салық міндеттемесі орындалғаннан және бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасы толық төленгеннен кейін беріледі.
Қаржы жылының 4-тоқсанына ҚҚС сомасын субсидиялауға арналған өтінім ҚҚС, корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі үшін декларацияны ұсыну бойынша салық міндеттемесі орындалғаннан және бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасы толық төленгеннен кейін беріледі.
Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша ҚҚС сомасын субсидиялауға арналған өтінім ҚҚС, корпоративтік табыс салығы бойынша есепті жылдың салық кезеңдері үшін декларацияны ұсыну бойынша салық міндеттемесі орындалғаннан және бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасы толық төленгеннен кейін беріледі.
Субсидияларды беру процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ субсидияларды берудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын субсидияларды алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
«Электрондық үкімет» веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

2 2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу;

3

3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдайтын және өңдейтін ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының ауыл шаруашылығы өнімін өткізгенін растау (көрсетілетін қызметті алушының тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

4 4) мыналарды:

корпоративтік табыс салығы бойынша декларациядан (күнтізбелік жыл үшін өтінім берген жағдайда) алынған мәліметтерге сәйкес не көрсетілетін қызметті алушы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны (күнтізбелік жыл үшін өтінім берген жағдайда) ұсыну бойынша салық міндеттемесін орындағаннан кейін есепті жылдың барлық тоқсандары үшін жиынтық түрде осы талапты растаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы жазып берген шот-фактуралар бойынша мәліметтерге сәйкес Заңның 11-бабы 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен кірістің кемінде 90 пайыз кіріс сомасы;
алдыңғы күнтізбелік тоқсан немесе жыл үшін декларация бойынша төлеуге есептелген және есепке жазылған ҚҚС сомасы;
алдыңғы күнтізбелік тоқсан немесе жыл үшін есептелген шегінде төленген ҚҚС сомасы;
субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасының интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы немесе осы Қағидаларға 1-қосымшаның есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінімге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтерді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның сұранымына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының ұсынуы бойынша мәліметтерді растау.

7

7. Субсидияларды беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде іркіліс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші туындаған жағдай туралы көрсетілетін қызметті жеткізушіге техникалық іркелістердің пайда болуы анықталған сәттен бастап, дереу хабар береді, ол оны жоюға кіріседі.
Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін өнім беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлкеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

4 4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

8 8. Көрсетілетін қызметті алушыларға субсидиялар алдыңғы күнтізбелік тоқсанның немесе жылдың салық кезеңдері үшін есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасы бойынша төленеді.

Субсидияларды есептеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы көрсетілетін қызметті алушыларға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын ескере отырып,осы Қағиларға 1-қосымшаға сәйкес есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінімге 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жүргізеді.

9

9. Егер, көрсетілетін қызметті алушы өткізген өнімнің нақты құны осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілетін құнынан жоғары болса, субсидиялар барынша жол берілетін құнын пайдалана отырып есептеледі.

10

10. Егер, көрсетілетін қызметті алушы өткізген өнімнің нақты құны осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидиясын есептеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілетін құнынан төмен болса, субсидиялар мөлшері өнімнің нақты құнын пайдалана отырып есептеледі.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы тиісті тоқсанның немесе жылдың салық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасынан аз ҚҚС сомасын төлеген жағдайда субсидиялар мөлшері нақты төленген ҚҚС сомасына тең болады.

11 11. Көрсетілетін қызметті алушы алдыңғы күнтізбелік тоқсан немесе жыл үшін декларациялар бойынша есептелгеннен артық ҚҚС сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері тиісті күнтізбелік тоқсан немесе жыл үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасына тең болады.

5 5-тарау. Субсидияларды төлеу және субсидиялар шегінде алынған қаржы құралдарын қайтару тәртібі

12 12. Өтінім қабылдау көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері (заңды мекенжайы) бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан

1 желтоқсаны (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.
Өтінімнің қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіндегі» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

13 13. Веб-портал арқылы тізілім деректеріне (бұдан әрі – жеке кабинет) қолжетімділік беру үшін:

1 1) көрсетілетін қызметті алушының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болады;

2 2) көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын көрсетілетін қызметті жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімдерін жібереді.

14 14. Көрсетілетін қызметті алушы Жеке кабинетте тіркелуі үшін мынадай мәліметтерді көрсетеді:

1 1) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы; бірінші басшының немесе Жеке кабинетте тіркелуге уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі.

2 2) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

3 3) екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері;

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

15 15. Өтінімді қалыптастыру және тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1 1) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

2

2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылу жолымен тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Егер, көрсетілетін қызметті беруші төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде қателер анықталса, көрсетілетін қызмет алушы себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.

16 16. Көрсетілетін қызметті берушінің маманы өтінімді ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою арқылы қабылдайды және тіркейді.

Көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты орындаушысы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы субсидияның аударылғаны туралы хабарламаны не осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды.

17

17. Көрсетілетін қызметті берушінің маманы тіркелген өтінімді растағаннан кейін өтінім тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, оған қол қою арқылы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жібереді. Осы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

18 18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда бас тартады.

19 19. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес өтінім қабылданғаны расталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-порталда «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырады.

Субсидиялар көлемі Қаржыландыру жоспарында тиісті айға көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

6 6-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласында функцияларын іске асыратын құрылымдық бөлімшесі және (немесе) лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

20

20. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнінд егі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.

21 21. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

22 22. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

1 Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға
есептелген қосылған құн салығы
шегінде бюджетке төленген
қосылған құн салығы сомасын субсидиялау
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Кімге:__________________________________________________________
(облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті
атқарушы органының атауы)
Кімнен:_________________________________________________________
(дайындаушы ұйымның атауы)
Өтінім берушінің өтінім берген сәтте мемлекеттік кірістер органдарында
тіркеліп есепке алынған орны: __________________________________________
____________________________________________________________________
Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған
өтінім
Маған жылғы ___ тоқсан немесе ___ жыл үшін есептелген шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) сомасы мөлшерінде ________теңге көлемінде субсидия төлеуді сұраймын.
1. Дайындаушы ұйымның деректері:
атауы____________________________________
БСН _____________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________
мекенжайы: ____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________
2. Дайындаушы ұйымның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотының мәліметтері:
БСН ___________________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________
банк деректемелері: ______________________________________________
банктің атауы: _________________________________________________
БСК __________________________________________________________
ЖСК __________________________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйым арасындағы сатып алу-сату шарты жөніндегі мәліметтер:
Р/с №
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін са­ту­шы­ның ата­уы және ЖСН-сы/БСН-сы
Шар­ттың нө­мі­рі
Шар­ттың жа­сал­ған кү­ні
Ба­ға­сы(тең­ге)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін са­ту­шы­ның ор­на­лас­қан же­рі­нің ме­кен­жайы
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің ата­уы
Өнім кө­ле­мі, ки­ло­грамм
Тө­леу мер­зі­мі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
2
4. Дайындаушы ұйымның ауыл шаруашылығы өнімінің өткізілгенін растайтын шот-фактуралары туралы мәліметтер:
шот-фактура нөмірі______________________________________________
берілген күні___________________________________________________
ауыл шаруашылығы өнімінің атауы ________________________________
өлшем бірлігі __________________________________________________
ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ________________________________
ҚҚС-мен бағасы (теңге) _________________
бүкіл өткізу құны (теңге)_________________________________
5. Салық декларациясынан алынған мәліметтер:
(теңге)
1.
____жылғы ___ тоқсан үшін не ___ жыл үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасы
2.
___жылғы ___ тоқсан үшін не ___ жыл үшін декларациялар бойынша бюджетке төленген ҚҚС сомасы
3.
___жылғы ___ тоқсан үшін не ___ жыл үшін өнімді өткізуден түскен кіріс сомасы
4.
___жылғы ___ тоқсан үшін не ___жыл үшін «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағында белгіленген тізбе (бұдан әрі – тізбе) бойынша өнімдерді өткізуден түскен кіріс сомасы
5.
Тізбе бойынша өнімді өткізуден түскен кірістің жалпы сомасындағы кірістің үлес салмағы (кемінде 90 пайыз)
6.
Дайындаушы ұйымның шотына аударылатын субсидиялар сомасы
7.
Мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдағаны туралы деректемелері
Дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтер осы өтінімге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.
Субсидиялар сомаларының есептемесі осы өтінімге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.
Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің және субсидиялар сомалары есептеулерінің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз алынған қаражатты қайтаруға міндеттенеміз.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
Өтінім беруші 20__ жылғы «__» __________ сағат ___ қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
Кбе – Бенефициардың коды;
БСК – банктік сәйкестендіру коды.

59 Дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтер

Есептелген қосылған құн салығы
шегінде бюджетке төленген
қосылған құн салығы
сомасы мөлшерінде субсидиялар
аударуға арналған өтінімге
1-қосымша
Нысан
Дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтер
тенге

Дайындаушы ұйымның атауы
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Салықтық есептілік деректері бойынша өнімді сатудан түскен табыс сомасы
_____ жылғы ___ тоқсан үшін немесе ______ жыл үшін жеке шот бойынша есептелген төлеуге және есепке жазылған қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) сомасы
___ жылғы ___ тоқсан үшін немесе ___ жыл үшін (жеке шот бойынша) есептелген шегінде төленген ҚҚС сомасы
Басшы _____________________________________ __________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

60 субсидиялар сомаларының есептемесі

Есептелген қосылған құн салығы
шегінде бюджетке төленген
қосылған құн салығы
сомасы мөлшерінде субсидиялар
аударуға арналған өтінімге
2-қосымша
Нысан
субсидиялар сомаларының есептемесі
(теңге)
Р/с №
Шот-фактураның нөмірі
Толтырылған күні
Алушының атауы
Тауардың атауы
Саны (көлемі)
Тауар бірлігінің қосылған құн салығысыз (бұдан әрі – ҚҚС) бағасы
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Тауардың ҚҚС-сыз құны
ҚҚС сомасы
Өнім бірлігінің ҚҚС-сыз барынша жол берілетін құны
Өткізудің барынша жол берілетін құны бойыншаҚҚС-сыз сомасы
ҚҚС сомасы
Субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы*
8
9
10
11
12
13
8-баған= 6-баған х7-баған
9-баған =8-баған х 12%
11-баған =6-баған х10-баған
12-баған =11-баған х 12%
1) егер 7-баған 10-бағаннан көп немесе тең болса, 13-баған= 12-баған;2) егер 7-баған 10-бағаннан кем болса, 13-баған= 9-баған
Ескертпе: * субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысымен бекітілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары ескеріле отырып, салық төлеушінің жеке шоты бойынша есептік жылға есептелген шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасынан аспауға тиіс (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11008 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес мәліметтер).

2 «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде
бюджетке төленген қосылған
құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
порталға жүгінген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
7
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және заңның 5-бабына сәйкес жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау немесе Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік органдардың https://gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған.
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
Қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында субсидия алуға өтінімді ұсынады.
Өтінімдер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) қабылданады.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11008 болып тіркелген) Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі.
10
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

3 Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде көрсетілетін қызмет алушы қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілген құны

Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарға есептелген қосылған
құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы
сомасын субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде көрсетілетін қызмет алушы қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілген құны
(теңге)

Та­у­ар­дың ата­уы
Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі бой­ын­ша өнім сы­нып­та­уы­шы­ның код­та­ры
Өл­шем бір­лі­гі
Ба­рын­ша жол бе­рі­л­ген құ­ны
1
2
3
4
5
1.
Ті­рі ірі қа­ра мал
ки­ло­грамм
471
2.
Ті­рі жыл­қы­лар және бас­қа да жыл­қы тұқым­дас жа­ну­ар­лар
014310
ки­ло­грамм
554
3.
Ті­рі түй­е­лер
014410
ки­ло­грамм
534
4.
Ті­рі қой­лар мен еш­кі­лер
014511,
014512
ки­ло­грамм
480
5.
Ті­рі шош­қа­лар
014610
ки­ло­грамм
394
6.
Ті­рі үй құ­сы
01471
ки­ло­грамм
266
7.
Та­уық­тың жа­ңа қа­бық­ты жұ­мырт­қа­сы
014721
он­дық
148
8.
Ірі қа­ра мал­дың жас неме­се сал­қын­да­ты­л­ған еті
101111
ки­ло­грамм
1 079
9.
Қой­лар­дың, еш­кі­лер­дің жас неме­се сал­қын­да­ты­л­ған еті
101113,
101114
ки­ло­грамм
1 072
10.
Шош­қа­лар­дың жас неме­се сал­қын­да­ты­л­ған еті
101112
ки­ло­грамм
846
11.
Жыл­қы­лар мен жыл­қы тұқым­дас жа­ну­ар­лар­дың жас неме­се сал­қын­да­ты­л­ған еті
101115
ки­ло­грамм
1 240
12.
Сүт­ті та­бын­да­ғы ірі қа­ра мал­дың ши­кі сү­ті
014120
ки­ло­грамм
78
13.
Үй құ­сы­ның жас неме­се то­ңа­зы­ты­л­ған еті
101210
ки­ло­грамм
504
14.
Кар­топ
011351
ки­ло­грамм
55
15.
Сә­біз
011341
ки­ло­грамм
62
16.
Қы­рық­қа­бат
011312
ки­ло­грамм
51
17.
Ба­ял­ды
011333
ки­ло­грамм
70
18.
Қы­за­нақ
011334
ки­ло­грамм
135
19.
Қи­яр
011332
ки­ло­грамм
99
20.
Са­рым­сақ
011342
ки­ло­грамм
420
21.
Пи­яз
011343
ки­ло­грамм
38
22.
Қант қы­зы­л­ша­сы
011371
ки­ло­грамм
12
23.
Ал­ма
012410
ки­ло­грамм
182
24.
Ал­мұрт
012421
ки­ло­грамм
249
25.
Ай­ва
012422
ки­ло­грамм
450
26.
Өрік
012423
ки­ло­грамм
211
27.
Шие
012424
ки­ло­грамм
242
28.
Шаб­да­лы
012425
ки­ло­грамм
259
29.
Қа­ра өрік
012427
ки­ло­грамм
202
30.
Тү­ті­л­ген жүн
101141
тон­на
300 000
31.
Ірі қа­ра мал­дың те­рі­ле­рі, илен­бе­ген бы­л­ға­ры­ла­ры
101142
бір­лік
2 700
32.
Жыл­қы тұқым­дас жа­ну­ар­лар­дың те­рі­ле­рі, бы­л­ға­ры­ла­ры
101142
бір­лік
2 500

4 Субсидияларды аудару туралы хабарлама

Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарға есептелген қосылған
құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы
сомасын субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Субсидияларды аудару туралы хабарлама
Құрметті _____________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтініміңіз бойынша «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетілгенін және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы «__» __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.

5 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде
бюджетке төленген қосылған
құн салығы сомасын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Құрметті _____________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтініміңіз бойынша «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау» мемлекеттік қызметті көрсетуден _______________________ __________________________________________ себепті бас тартылды.

Қолданыстағы