Құжат мәтініне өту

Об утверждении нормативных значений коэффициента мощности в электрических сетях субъектов Государственного энергетического реестра

Бұйрық · № 393 · қабылданған 31.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90165/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении нормативных значений коэффициента мощности в электрических сетях субъектов Государственного энергетического реестра Қолданыста Бұйрық ·№ 393 ·31.03.2015
27.12.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении нормативных значений коэффициента мощности в электрических сетях субъектов Государственного энергетического реестра

Қолданыста Бұйрық ·№ 393 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении нормативных значений коэффициента мощности в электрических сетях субъектов Государственного энергетического реестра
Атауы (қаз.)
Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
393
Қабылданған күні
31.03.2015
Көрсетілген редакция
27.12.2018 90165_379346.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011108
ЭКБ идентификаторы
90165
Редакция идентификаторы
90165_379346
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:40

0 Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекіту туралы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛГЕН»:
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы 11 сәуір

1 Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндері

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 393 бұйрығымен
Бекітілген
Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндері
Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндері электр желілеріне қосылу нүктесіндегі кернеу класы бойынша анықталады:
Электр желісінің кернеу классы
cos
ф *
110 - 220 кВ кернеуі
> 0,89
6 - 35 кВ кернеуі
> 0,92
0,4 кВ кернеуі
> 0,93
* - cos ф (қуат коэффициенті) – активті қуаттың толық қуат қатынасына тең, электр тогының энергетикалық сипаттамасы болып табылатын өлшемсiз физикалық шама.

Қолданыстағы