Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения

Бұйрық · № 461 · қабылданған 17.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90196/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения Күшін жойған Бұйрық ·№ 461 ·17.04.2015
06.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 461 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения
Атауы (қаз.)
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
461
Қабылданған күні
17.04.2015
Көрсетілген редакция
06.01.2016 90196_63359.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011126
ЭКБ идентификаторы
90196
Редакция идентификаторы
90196_63359
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:26

0 Халыққа қызмет көрсету

орталықтары арқылы
көрсетуге жататын
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді іріктеу
қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С. С. Сарсенов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 461
бұйрығымен бекітілген
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚО) арқылы көрсету үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу тәртібін айқындайды.

2 2. ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және оған қолжетімділікті арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

3 3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

2 2) ведомствоаралық комиссия – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жанындағы ХҚО арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

3 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;

4 4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.

2 2. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу тәртібі

4 4. ХҚО арқылы аса қажетті (жылына кемінде 1000 көрсетілген мемлекеттік қызметтер) көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу мынадай бір және (немесе) бірнеше критерийлердің негізінде жүзеге асырылады:

1 1) ақпараттық сипаттағы көрсетілетін қызметтер (анықтамалар және өзге де ақпараттық құжаттар беру);

2 2) құжаттың телнұсқасын берумен байланысты көрсетілетін қызметтер;

3 3) лицензияларды және өзге де рұқсат ету құжаттарын берумен байланысты көрсетілетін қызметтер.

5

5. Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген критерийлер бойынша ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту бойынша осы Қағидаларға ұсыныстарды қосымшаға сәйкес ұсынады.

6

6. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 20 наурыздан кешіктірмей орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарының негізінде жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапасын жалпы мониторингінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау, сондай-ақ өз талдауының нәтижелерескере отырып, ведомствоаралық комиссияның қарауы үшін ХҚО арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастырады.

7 7. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 20 сәуірден кешіктірмей тізбені ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.

Қажет болған жағдайда, ведомствоаралық комиссияның сырттай отырысы жылына екі реттен жиі емес өткізіледі.

8 8. Ведомствоаралық комиссия тізбені қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті ХҚО арқылы көрсетудің орындылығы туралы оң немесе теріс қорытынды шығарады.

Мемлекеттік қызметті ХҚО арқылы көрсетудің орындылығы туралы теріс қорытынды отырыс күнінен бір жыл ішінде қолданыста болады.

9 9. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ведомствоаралық комиссия қорытындысын шығарғаннан кейін 10 мамырдан және 10 қазаннан кешіктірмей ведомствоаралық комиссия отырысының Хаттамасын мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

10

10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 1 шілдеден және 1 желтоқсаннан кешіктірмей ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ұсынған Хаттама негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және (немесе) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

11

11. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган және мүдделі мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін үш ай мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізе отырып, ХҚО-да мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

1 ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту жөнінде ұсыныстар

Халыққа қызмет көрсету
орталықтары арқылы көрсетілуге
жататын мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді іріктеу қағидаларына
қосымша
Нысаны
ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту жөнінде ұсыныстар
Р/с №
Мемлекет-тік көрсетіле-тін қызмет тізіліміндегі нөмірі
Мемлекет-тік көрсетілетін қызметтің атауы
Өтініштер қабылдауды және рәсімделген құжаттарды беруді жүзеге асыратын ұйымдар
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері
Қажетті құжаттар тізбесі
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/ қағаз түрінде), Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Өткен жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны
1
2
3
4
5
6
7
8

Қолданыстағы