Об утверждении перечня налоговых заявлений, представляемых через центры обслуживания населения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня налоговых заявлений, представляемых через центры обслуживания населения
- Атауы (қаз.)
- Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы табыс етілетін салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 275
- Қабылданған күні
- 20.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2016 AI90200_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011139
- ЭКБ идентификаторы
- 90200
- Редакция идентификаторы
- AI90200_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:24
0 Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы табыс етілетін салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 76 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы табыс етілетін салықтық өтініштердің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңмен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3 3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынымен орындалуын;
2 2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы табыс етілетін салықтық өтініштер тізбесі
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі Қаржы министрі
_____________ Ә.Ө. Исекешев ___________ Б.Т. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 21 сәуірдегі № 477
және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 275 бұйрығына қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы табыс етілетін салықтық өтініштер тізбесі
1 1. Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі туралы салықтық өтініш.
2 2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш.
3 3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш.
4
4. Салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға салықтық өтініш.