Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования Атырауской области

Қаулы · № 156 · қабылданған 22.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90211/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования Атырауской области Күшін жойған Қаулы ·№ 156 ·22.05.2015
27.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования Атырауской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 156 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования Атырауской области
Атауы (қаз.)
Атырау облысы білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
156
Қабылданған күні
22.05.2015
Көрсетілген редакция
27.06.2024 90211_710450.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15T0003222
ЭКБ идентификаторы
90211
Редакция идентификаторы
90211_710450
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:59

0 Атырау облысы білім

беру ұйымдарының ішкі
тәртіптемесінің үлгілік
қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағы 24-7) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2 2. «Атырау облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, облыстық білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж.Мұқанға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Атырау облысы

әкімдігінің
2015 жылғы 22 мамырдағы №156 қаулысына қосымша
Атырау облысы
әкімдігінің
2015 жылғы 22 мамырдағы №156
қаулысымен бекітілген
Атырау облысы білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің
үлгілік қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Атырау облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары» (бұдан әрі – Үлгілік қағида) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидасын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.

2 2. Үлгілік қағида білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидасын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

3

3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымдарының әкімшілігі білім беру ұйымдарының педагог және өзге де қызметкерлерінің жұмыс және демалыс уақыттарының режимін белгілейді.

4

4. Ішкі тәртіптемені қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының әкімшілігі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидасымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.

2 2. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесі

5 5. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидасында:

білім беру ұйымының әкімшілігі және педагогтерінің білім алушыларымен және тәрбиеленушілерімен өзара қарым-қатынасы;
оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзілістер;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің киім үлгілері;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қарастырылуы тиіс.

6 6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар, олардың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидасына қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы