Об определении лицензиара по осуществлению лицензирования деятельности по распространению теле-, радиоканалов и органа, уполномоченного на выдачу разрешений второй категории в области масс-медиа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении лицензиара по осуществлению лицензирования деятельности по распространению теле-, радиоканалов и органа, уполномоченного на выдачу разрешений второй категории в области масс-медиа
- Атауы (қаз.)
- Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 395
- Қабылданған күні
- 01.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2025 90238_747966.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000395
- ЭКБ идентификаторы
- 90238
- Редакция идентификаторы
- 90238_747966
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:48
0 Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және масс-медиа саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
2 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес масс-медиа саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
2 2. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
14 желтоқсандағы № 1590 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 62-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Масс-медиа саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1 маусымдағы
№ 395 қаулысына
қосымша
Масс-медиа саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар
Р/с №
Рұқсат беру рәсімінің атауы
Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы
1
2
3
1-сынып - «қызметке берілетін рұқсаттар»
1.
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік
2.
Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою
Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік
3
Мерзімді баспасөз басылымдарын және интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу
Мерзімді баспасөз басылымдарын және интернет-басылымдарды есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік
4.
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке, қайта есепке қою
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке, қайта есепке қою туралы анықтама