Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил изготовления, хранения и учета бланков свидетельств о регистрации транспортных средств, присвоения и изготовления государственных регистрационных номерных знаков транспортных средств

Бұйрық · № 386 · қабылданған 23.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90249/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил изготовления, хранения и учета бланков свидетельств о регистрации транспортных средств, присвоения и изготовления государственных регистрационных номерных знаков транспортных средств Қолданыста Бұйрық ·№ 386 ·23.04.2015
06.02.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил изготовления, хранения и учета бланков свидетельств о регистрации транспортных средств, присвоения и изготовления государственных регистрационных номерных знаков транспортных средств

Қолданыста Бұйрық ·№ 386 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил изготовления, хранения и учета бланков свидетельств о регистрации транспортных средств, присвоения и изготовления государственных регистрационных номерных знаков транспортных средств
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
386
Қабылданған күні
23.04.2015
Көрсетілген редакция
06.02.2020 90249_444297.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011186
ЭКБ идентификаторы
90249
Редакция идентификаторы
90249_444297
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:21

0 Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту туралы

«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 70-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

1 1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;

2 2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.

4

4. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол және арнайы полиция бөліністерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді қабылдау, есепке алу, сақтау және жұмсау туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 78 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6096 болып тіркелген, «Заң» газетінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 60 (1682) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) және Қаржымен қамтамасыз ету департаментіне (Б.Ш. Исенова) жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 386 бұйрығына
қосымша
Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қағидалар көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді (бұдан әрі – КҚТК) дайындау, сақтау және есепке алу, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі – МТНБ), оның ішінде МТНБ телнұсқаларын беру және дайындау тәртібін айқындайды.

МТНБ телнұсқасы ұқсас цифрлық және әріптік белгілері бар, жоғалған және (немесе) ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін МТНБ-ның орнына берілетін МТНБ болып табылады.

1-1

1-1. КҚТК, МТНБ дайындауды кәсіпорын (бұдан әрі ‒ Жеткізуші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер мнистрлігімен (бұдан әрі ‒ ІІМ) және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаменттерімен (бұдан әрі ‒ ПД), ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен жасалатын келісімшартқа сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

1-2 1-2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 қаңтарда № 10056 болып тіркелген)

бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларында көзделген, жеке немесе заңды тұлғаның КҚТК, МТНБ беру туралы құжаттары КҚТК, МТНБ дайындау үшін негіз болып табылады.

2 2. Ішкі істер органдарының (бұдан әрі ‒ ІІО), «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі ‒ Мемлекеттік корпорация) басшылары дайындалған КҚТК-ны, МТНБ-ны қабылдау және есепке алу үшін уәкілетті адам тағайындайды.

2 2-тарау. Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер балнкілерін жасау, сақтау және есепке алу

3

4

5 5. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуі (бұдан әрі ‒ БҚЕ) МТНБ бере отырып, КҚТК дайындайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралдарын тіркеу тізілімі (бұдан әрі ‒ Тізілім) қалыптастырылады.

6

7 7. Материалдық-жауапты адам Тізілімнің деректері бойынша дайындалған КҚТК-ны есепке алуды жүзеге асырады және әр айдың соңында Жеткізуші мен материалдық-жауапты адамының арасында КҚТК дайындау бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі ресімделеді.

8 8. ПД әкімшілік полиция басқармалары (бұдан әрі ‒ ПД ӘПБ), ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі есеп беру айынан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей Тізілімді ПД мен ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің қаржы қызметтеріне (бұдан әрі ‒ Қаржы қызметі) ұсынады.

9

9. КҚТК дайындау процесінде ақау туындаған кезде уәкілетті адам Жеткізушінің өкілімен бірлесіп, ақау шығу себептерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада ақаулы өнімді есепке алу актісін жасайды. Ай сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-іне актінің бір данасы Қаржы қызметіне, екіншісі Жеткізушінің өкіліне жолданады, үшіншісі материалдық-жауапты адамда сақталады.

3 3-тарау. Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және жасау

10 10. МТНБ-ны беру көлік құралының иесіне МТНБ-ны, оның ішінде сақтауға тапсырылған МТНБ-ны нақты беруді білдіреді. МТНБ-ны иелікке беру КҚТК-ге және БҚЕ-ге МТНБ-ның жеке әріптік-цифрлық белгіленуін енгізу болып табылады.

11

11. МТНБ-ны жоғалтқан немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда (бір данасы немесе жиынтығы) көлік құралы иесінің Мемлекеттік корпорацияға жүгінуі бойынша КҚТК-ны ауыстырмай, облыстардың және Шымкент қаласының ПД үшін он бес жұмыс күні ішінде, ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының ПД үшін бес жұмыс күні ішінде МТНБ телнұсқасын дайындау жүргізіледі. МТНБ-ның телнұсқасын дайындауға өтініш әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін МТНБ-ны алып қою мәніне тексерілгеннен және автомобиль үшін айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 2,8 мөлшерінде және мотокөлік құралдары мен тіркемелер үшін 1,4 АЕК көлемінде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты алғаннан кейін қабылданады.
МТНБ-ның телнұсқасын берген кезде, қолда бар түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға тапсырылады. Көлік құралы иесінің еркі бойынша оның атына жаңадан тіркелетін көлік құралына бұрын оған тіркелген, МТНБ берілген көлік құралын есептен шығарған жағдайда, МТНБ телнұсқаларын дайындауға рұқсат етіледі. МТНБ-ның телнұсқаларын беру үшін негіз болған құжаттар қалыптастырылады және Мемлекеттік корпорацияда сақталады.

12 12. Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келген кезде, бұрын пайдалануда болған (оның ішінде бұрын мемлекеттік органдардың пайдалануында болған) МТНБ-ларды бұрынғы иелеріне көлік құралына қайта беруге жол беріледі.

Құқықтық мирасқордың (мұрагердің) ерік білдіруі бойынша мұрагерлік мәні болып табылатын көлік құралына бұрынғы МТНБ-ны олар ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келген және Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік баждарды төлей отырып, бір өңір шегінде көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде қайта беруге жол беріледі.

13 13. ПД ӘПБ жаңа МТНБ-лар мен олардың телнұсқаларына нақты қажеттілікті ескере отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ дайындауға және жеткізуге өтінімдерді ресімдейді, алдын ала Қаржы қызметімен келіседі және бекіту үшін ІІМ ӘПК-ге ұсынады.

Жоғары сұранысқа ие емес жаңа МТНБ-ны дайындауға және жеткізуге арналған өтінімге ПД ӘПБ мемлекеттік органдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың және (немесе) оның өкілдіктерінің, консулдық мекемелердің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің көлік құралдарына берілетін МТНБ-ны қоспағанда, МТНБ-ны алфавиттік тәртіппен енгізеді.
ІІМ ӘПК бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ дайындауға және жеткізуге арналған өтінімді ресімдейді және бекітеді және Жеткізушіге жолдайды.

14

14. Жеткізуші МТНБ-ны Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының ПД үшін бес жұмыс күні ішінде, облыстардың және Шымкент қаласының ПД үшін он бес жұмыс күні ішінде дайындайды және жиынтық өтінімге сәйкес ПД ӘПБ өкіліне МТНБ-ны түсіріп беруді жүзеге асырады. МТНБ орамы мөрленеді және олардың жоғалуын және бүлінуін болдырмайды.

15

15. МТНБ-ны жеткізуді Жеткізуші ПД және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі тиісті бөліністерінің деректемелері бойынша өтінімге сәйкес өңірлерге жүк багажын түсіру арқылы жүзеге асырады. Жеткізілетін МТНБ-ның әрбір партиясына Жеткізуші жүкқұжаттың және МТНБ қабылдау актілерінің үш данасын қоса береді.

16

16. МТНБ-ны Жеткізушіден қабылдауды ПД-де және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінде материалдық-жауапты адамдар Жеткізушіден жүкқұжаттың, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ-ны қабылдау актісінің негізінде оларды алған күні жүзеге асырады. Үш жұмыс күні ішінде актінің бір данасы Жеткізушіге жолданады, екіншісі Қаржы қызметіне беріледі, үшіншісі материалдық-жауапты адамының істерінде сақталады.

17 17. Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТБН-нің кіріс-шығысын есепке алу кітаптары ПД ӘПБ мен ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кеңселерінде (хатшылықтарында) тіркеуге жатады.

18

18. Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келетін, уақытша сақтауға қабылданған МТНБ-ны есепке алуды Мемлекеттік корпорация жүзге асырады. Сақтау мерзімін МТНБ-ны уақытша сақтауға тапсыратын көлік құралының иесі белгілейді, бірақ МТНБ-ны Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. МТНБ-ны сақтауға қабылдау кезінде иесіне осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ-ны сақтауға қабылдау туралы қолхат беріледі. Тапсырылған МТНБ-ны сақтау және сақтау мерзімі өткеннен кейін оларды жою осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

19

19. Материалдық-жауапты адамдар Тізілімнің деректері бойынша берілген МТНБ (жаңа және телнұсқалар) есебін жүргізеді. Кітаптың кіріс бөлігіне жазу үшін МТНБ-ның кірісіне арналған құжаттар, ал шығыс бөлігіне – осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ-ны басқа материалдық жауапты адамдарға беруге толтырылған жүкқұжаттар немесе Тізілімдердің және берілген МТНБ телнұсқалары тізілімдерінің қорытынды деректері негіз болып табылады. Жұмсалмаған МТНБ қалдығы Кітапта әр айдың басында, сондай-ақ тексеріс жүргізу сәтіне шығарылады. Дайындалған және берілмеген МТНБ Мемлекеттік корпорация үй-жайларында жанбайтын сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады.

20 20. ПД ӘПБ және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі есеп беру айынан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей, тиісті бөліністің Қаржы қызметіне осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізілімді және берілген МТНБ телнұсқалары тізілімдерін қоса отырып, МТНБ-ның қозғалысы туралы есеп ұсынады.

21

21. МТНБ-ны басқа ПД-ларға немесе Мемлекеттік корпорацияға материалдық-жауапты адамдарға беру кезінде ІІО-ның материалдық-жауапты адамы 3 данада жүкқұжат ресімдейді және оларды сенімхат бойынша береді. Жүкқұжаттың бір данасын істің материалдарында қалдырады, екіншісін – Қаржы қызметіне жолдайды, үшіншісін – материалдық жауапты адамға – МТНБ-ны алушыға береді.

22

22. ТЕБ қоймасындағы МТНБ қалдығының ай сайынғы шекті лимиті алдыңғы өткен үш айдағы нақты берудің орташа айлық бір жарым еселік мөлшерінен аспайды. Белгіленген лимитті бақылауды ІІМ ӘПК-нің, ІІД ӘПБ-нің, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің және ПД, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі қаржы қызметтерінің басшылары жүзеге асырады.

23

23. Көлік құралдарынан алынып тасталған және одан әрі пайдалануға жарамсыз МТНБ-лар Мемлекеттік корпорацияға тапсырылады. Бұрын пайдалануда болған МТНБ-ны жою осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ-ны жою актісін ресімдей отырып, МТНБ-ны екіге бөліп қию жолымен жүргізіледі. Жойылған МТНБ-лар олардың жиналуына қарай, бірақ жылына кемінде екі рет металл қабылдау пункттеріне тапсырылады.
Тапсырудан түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне аударылады. Металл сынықтарын тапсыру туралы анықтамалар және республикалық бюджеттің кірісіне аударылған сомалар туралы түбіртектер есеппен бірге Қаржы қызметіне тапсырылады және жеке номенклатуралық іске тігіледі.

24

1 Көлік құралдарын тіркеу тізілімі

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларына
1-қосымша
нысан
Көлік құралдарын тіркеу тізілімі
Р/с
Тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат­тың ата­уы, №

Со­ма­сы тең­ге
Ти­е­сі­лі­гі
КҚКТ
ЖСН (же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі)
МТНБ
Са­тып алу заң­ды­лы­ғын рас­тай­тын құ­жат
Есеп­тен шы­ға­ру (қай­та тір­кеу)
Шас­си нө­мі­рі
Ша­нақ нө­мі­рі
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы:
Көлік құралы
Берілгені
Төленгені
Алғаны туралы қолы
КҚТК-нің сериясы, нөмірі
МТНБ-нің сериясы, нөмірі
Төлемді растайтын құжаттың атауы, №
Сомасы теңге
КҚКТ
МТНБ
Сатып алу заңдылығын растайтын құжат
Есептен шығару (қайта тіркеу)
9
10
11
12
13
14
15
16
Қызметтік белгілер:__________________________________________________
Уәкілетті адам: _____________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) М.О.
парақ №____ «____» _______ 20__ жыл
парақ №____ «____» _______ 20__ жыл

2 Ақаулы өнімді есепке алу актісі

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларына
2-қосымша
нысан
Ақаулы өнімді есепке алу актісі
Құ­жат­тың ата­уы
Се­ри­я­сы мен нө­мі­рі
Ақа­у­лы өнім­нің ор­ны­на бе­рі­л­ге­ні
Ақа­удың туын­дау се­беп­те­рі
Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да) және ақа­у­ға жол бер­ген адам­ның ла­у­а­зы­мы
Қо­лы
1
2
3
4
5
6
Ақауы бар өнімнің орнына берілгені
Уәкілетті адам: _______________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))
Жеткізушінің өкілі ____________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

3 20__жылғы________________ Берілген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері телнұсқаларының тізілімі

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларына
3-қосымша
нысан
20__жылғы________________
Берілген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері телнұсқаларының тізілімі
Р/с

Ие­сі­нің Т.А.Ә. (ол болған жағ­дай­да) ұй­ым­ның ата­уы
КҚТК се­ри­я­сы және №
МТНБ се­ри­я­сы және нө­мі­рі
Ти­пі
Са­ны да­на
Тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат­тың ата­уы, нө­мі­рі және кү­ні
Қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Жиы­ны:
X
X
Уәкілетті адам:
__________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))
20 жылғы «__» _________________

4 Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және жеткізуге арналған өтінім 20_____жылғы___________

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларына
4-қосымша
нысан
Бекітемін
ҚАІІО бастығы
____________________________________
(атағы)
____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә (ол болған жағдайда))
20__ жылғы «__»_____________________
____________________________________
(ҚАІІБ (б) атауы)
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және
жеткізуге арналған өтінім
20_____жылғы___________
Р/с

МТНБ ти­пі
Ли­тер-Се­ри­я­сы
Ба­стап­қы нө­мі­рі
Соң­ғы нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
Уәкілетті адам ____________________________________________
(атағы, қолы, (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

5 Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және жеткізуге арналған өтінім 20__жылғы_____________________

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларына
5-қосымша
нысан
Келісілді Бекітемін
ПД ҚҚЕБ бастығы ПД ӘПБ бастығы
_____________________________ __________________________
(атағы, қолы, Т.А.Ә. (атағы, қолы, Т.А.Ә.
ол болған жағдайда), қолы) (ол болған жағдайда), қолы)
20___ жылғы "__" _____________ 20__ жылғы "__" __________
_____________________________________________________________________
(ПД ӘПБ-нің атауы)
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және
жеткізуге арналған өтінім
20__жылғы_____________________
Р/с

МТНБ ти­пі
Ли­тер-Се­ри­я­сы
Ба­стап­қы нө­мі­рі
Соң­ғы нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
1
Уәкілетті адам
____________________________________________________________
(атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
20 жылғы «__» _______

6 Қазақстан Республикасы ішкі істер

органдарының бөліністерінде көлік
құралдарын тіркеу туралы
куәліктердің бланкілерін дайындау,
сақтау және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік тіркеу
нөмірлік белгілерін беру және
дайындау қағидаларына
6-қосымша
нысан
Бекітемін
Қазақстан Республикасы ІІМ
ӘПК төрағасы
____________________________________
(атағы)
____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және
жеткізуге арналған жиынтық өтінім
20__жылғы_______________________
Р/с

МТНБ типі
Литер-Сериясы
Бастапқы нөмірі
Соңғы нөмірі
Саны, дана
1
2
3
4
5
6
Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК лауазымды адамы:
_____________________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
20__жылғы «__»__________

7 Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қабылдау актісі

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларына
7-қосымша
нысан
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қабылдау актісі
20__ жылғы «__»___________ ___________________________________________
(елді мекен)
_____________________________________________________________________
(ІІМ ӘПК, ПД ӘПБ, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі) бастығының
20__ жылғы «__»________№____ бұйрығының негізінде әрекет ететін
мынадай құрамдағы комиссия ___________________________________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
Жеткізушінің өкілі _________________________________________ қатысуымен
(лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
_____________________________________________________________________
(жеткізушінің атауы, заңды мекенжайы, БИН)
келіп түскен МТНБ-ны 20__жылғы «__» _________ № ______________ жүкқұжат
бойынша қабылдады.
Орамды ашу кезінде мыналар анықталды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сериясының литерлерін көрсете отырып, типі, саны бойынша МТНБ
санамаланады, оның ішінде жарамсыз, жетіспейтін, артық МТНБ
санамаланады)
Қабылдау актісі үш (төрт) данада жасалды және:
1-данасы - Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК-нің, ПД ӘПБ ТЕБ-тің,
ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің материалдық жауапты адамына;
2-данасы - Жеткізушіге;
3-данасы - Қазақстан Республикасы ІІМ ҚҚЕД-ге, ПД, ІІМ-нің Байқоңыр
қаласындағы Өкілдігінің ҚҚЕБ-ге берілді.
Комиссия мүшелері: Жеткізушінің өкілі:
___________________________________ _________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы) (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
Осы актіде атаулары жазылған барлық бағалы заттар өзімнің
қатысуыммен тексеріліп, актіге дұрыс енгізілді және оларды мен
қабылдадым.
Уәкілетті адам _______________________________________________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
20__ жылғы «__» _______________

8 Қазақстан Республикасы ішкі істер

органдарының бөліністерінде көлік
құралдарын тіркеу туралы
куәліктердің бланкілерін дайындау,
сақтау және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік тіркеу
нөмірлік белгілерін беру және
дайындау қағидаларына
8-қосымша
нысан
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің
кіріс-шығысын есепке алу кітабы
КІРІС
Ке
ліп
түс
кен
күні
Жүк
құ
жат

Кім
нен
алын
ды
М
Т
Н
Б
се
рия
сы
Нөмірленуі
Са
ны
Бағасы, теңге
Сомасы, теңге
Нө
мір
ден
Нө
мір
ге
дей
ін
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Шығыс
Қалдық
Жұм
сал
ған
күні
Жүк
құ
жат
тың
не
ме
се
Ті
зі
лім
нің №
М
Т
Н
Б
се
рия
сы
Нө
мір
ден
нө
мір
ге
де
йін
қо
са
ал
ған
да
Са
ны,
да
на
Ба
ға
сы,
тең
ге
Со
ма
сы,
тең
ге
Се
рия
сы
Нө
мір
ден
нө
мір
ге
дей
ін
қо
са
ал
ған
да
Саны, дана
Сомасы, теңге
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20

9 Уақытша сақтауға қабылданған көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қабылдауды және жұмсауды есепке алу кітабы 20____жылғы ________

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларына
9-қосымша
нысан
Уақытша сақтауға қабылданған көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік
белгілерін қабылдауды және жұмсауды есепке алу кітабы
20____жылғы ________
Р/с

Кө­лік құ­ра­лы ие­сі­нің Т.А.Ә.
(ол болған жағ­дай­да), ЖСН және ме­кен­жайы
МТНБ ти­пі
МТНБ-ның цифр­лық бел­гі­сі
Уа­қыт­ша сақ­та­у­ға тап­сы­ры­л­ған кү­ні
Уа­қыт­ша сақ­тау мер­зі­мі­нің аяқ­та­лу кү­ні
МТНБ-ны бе­ру/ жою кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Уәкілетті адам
__________________________________________________________
(атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
20 жылғы «__» ______________

10 Қазақстан Республикасы ішкі істер

органдарының бөліністерінде көлік
құралдарын тіркеу туралы
куәліктердің бланкілерін дайындау,
сақтау және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік тіркеу
нөмірлік белгілерін беру және
дайындау қағидаларына
10-қосымша
нысан
МТНБ-ны сақтауға қабылдау туралы
ҚОЛХАТ
Көліктің иесінен алынды
20__жылғы «___»____________________ сериясы ______ № ________________________
(қабылдау күні)
Тіркеу белгілері _____________________ саны _________________________________
(МТНБ түрі) (дана)
20__жылғы «___»_____________________________________
(сақтау мерзімінің аяқталу күні)
Көлік иесінің деректері:_______________________ № ________________ ЖСН ______
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) (жеке куәлігі) (ЖСН)
Тұрғылықты жері: ____________________________________________________________
(нақты тұратын жері)
Көрсетілген сақтау мерзімі өткен соң талап етілмеген МТНБ белгіленген
тәртіппен жойылатын болады.
20__жылғы «___»________________________________________ __________________
(иесінің (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) (иесінің қолы)
ІІО лауазымды адамы _________________________________________________________
(қолы, (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

11 Қазақстан Республикасы ішкі істер

органдарының бөліністерінде көлік
құралдарын тіркеу туралы
куәліктердің бланкілерін дайындау,
сақтау және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік тіркеу
нөмірлік белгілерін беру және
дайындау қағидаларына
11-қосымша
нысан
Жіберуші ____________________________
Алушы _______________________________
Кім арқылы __________________________
Сенімхат бойынша ____________________
20 жылғы «__» ___________
№______жүкқұжат
Р/с

МТНБ типі
МТНБ, реттік нөмірі, сериясы
Саны
Бағасы, теңге
Сомасы, теңге
1
2
3
4
5
6
1
Жиыны
Жіберді ____________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ____________ /қолы/
Қабылдады __________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ____________ /қолы/
М.О. М.О.

12 Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қозғалысы туралы есеп

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларына
12-қосымша
нысан
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қозғалысы туралы есеп
Р\с

МТНБ-ның ти­пі
Ба­ға­сы, тең­ге
Ай­дың ба­сын­да­ғы қал­ды­ғы
Бір ай­да­ғы кі­ріс
Бір ай­да­ғы шы­ғыс
Са­ны, да­на
Со­ма­сы, тең­ге
Са­ны, да­на
Со­ма­сы, тең­ге
Са­ны, да­на
Со­ма­сы, тең­ге
Са­ны, да­на
Со­ма­сы, тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1
Жиы­ны
Уәкілетті адам
_______________________________________________________
(атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)
20 жылғы «__» ______________

13 Қазақстан Республикасы ішкі істер

органдарының бөліністерінде көлік
құралдарын тіркеу туралы
куәліктердің бланкілерін дайындау,
сақтау және есепке алу, көлік
құралдарының мемлекеттік тіркеу
нөмірлік белгілерін беру және
дайындау қағидаларына
13-қосымша
нысан
Бекітемін
Орган басшысы
__________________________________
(лауазымы, атағы)
___________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
20__жылғы «__» ____________________
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жою актісі
20__жылғы_______________
Р/с

М
Т
Н
Б
ти
пі
Се
рия
сы
Нө
мір
ле
нуі
Са
ны,
да
на
Се
рия
сы
Нө
мір
ле
нуі
Са
ны,
да
на
Се
рия
сы
Нө
мір
ленуі
Саны, дана
Барлығы
1
2
3
4
5
6
Жиы
ны
Жиы
ны
Жиы
ны
Барлығы _____________________________________________________________
(саны жазумен)
Комиссия мүшелері ___________________________________________________
(лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
___________________________________________________
(лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))
___________________________________________________
(лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

Қолданыстағы