Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня специальных транспортных средств органов военной полиции Национальной гвардии Республики Казахстан

Бұйрық · № 370 · қабылданған 17.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90255/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об утверждении перечня специальных транспортных средств органов военной полиции Национальной гвардии Республики Казахстан Күшін жойған 04.05.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении перечня специальных транспортных средств органов военной полиции Национальной гвардии Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық № 370 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня специальных транспортных средств органов военной полиции Национальной гвардии Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
370
Қабылданған күні
17.04.2015
Көрсетілген редакция
04.05.2023 90255_631436.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011136
ЭКБ идентификаторы
90255
Редакция идентификаторы
90255_631436
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:26
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесін бекіту туралы

«Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 р/с№

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 17 cәуiр
№ 370 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы
әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының
тізбесі
р/с№
Көлік құралдарының түрі
Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары
Орнатылған арнайы жабдық
Қолдану
саласы
1. Әскери автомобильдік полицияның арнайы автомобильдері
1.1 Ілесіп алып жүру автомобилі
1.
Жеңіл
Қозғалтқыш – көлемі 3000 текше см. аспайды; трансмиссиясы –автоматты, механикалық;
екпін алуы 100 км/сағ - 9 сек. аспайды.
Бейнетіркеуіш, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, арнайы түсті-графикалық сызбалар бойынша бояу
Әскери лектердің көлік құралдарын ілесіп алып жүру
2.
Жол талғамайтын автомобиль
Қозғалтқыш – көлемі 4000 текше см. аспайды; трансмиссиясы –автоматты, механикалық;
екпін алуы 100 км/сағ - 9 сек. аспайды.
3.
Жеңіл
Қозғалтқыш – көлемі 1600 текше см. кем емес; трансмиссиясы –механикалық;
екпін алуы 100 км/сағ - 13 сек. аспайды.
4.
Жол талғамайтын автомобиль
Қозғалтқыш – көлемі 2300 текше см. кем емес; трансмиссиясы –автоматты, механикалық;
екпін алуы 100 км/сағ - 13 сек. аспайды.
5.
Жүк
Қозғалтқыш - бензинді, дизельді; трансмиссиясы-автоматты, механикалық;
дөңгелек формуласы-толық жетекті
Бейнетіркеуіш, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, арнайы түсті-графикалық сызбалар бойынша бояу
Әскери лектердің көлік құралдарын ілесіп алып жүру
1.2 Жылжымалы техникалық байқау пункті
6.
Шағын автобус
Қозғалтқыш – көлемі 2000 текше см. кем емес; трансмиссиясы –автоматты, механикалық
Бақылау-диагностикалық жабдық, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, бейнетіркеуіш, арнайы түсті-графикалық сызбалар бойынша бояу
Міндетті техникалық байқау өткізу кезінде көлік құралдарының техникалық жай-күйін диагностикалау