Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Аблакетка в селе Мамай батыр и реки Сагыр в селе Сагыр Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 114 · қабылданған 13.05.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90273/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Аблакетка в селе Мамай батыр и реки Сагыр в селе Сагыр Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 114 ·13.05.2015
13.05.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Аблакетка в селе Мамай батыр и реки Сагыр в селе Сагыр Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 114 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Аблакетка в селе Мамай батыр и реки Сагыр в селе Сагыр Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылық пайдаланудың режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
114
Қабылданған күні
13.05.2015
Көрсетілген редакция
13.05.2015 90273_11806.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15V0003986
ЭКБ идентификаторы
90273
Редакция идентификаторы
90273_11806
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:05

0 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылық пайдаланудың режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің
39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы
1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М. Н. Нұрғалиев) «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға берсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары

Д. М. Мусинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Р. Сүлейменов
2015 жылғы «14» 05
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2015 жылғы «15» 05

7 Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің
2015 жылғы «13» мамырдағы
№ 114 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
р/с

Су объектісі
Қаралып отырған ұзындық, км
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Өзендердің
Жағалау сызығының
Шекарасының ұзындығы (км)
Ау-мағы (га)
Орта-ша
ені (м)
Шекарасының ұзындығы (км)
Ау-мағы (га)
Орта-ша
ені (м)
1
Аблакетка
өзені
3,8
7,6
5,9
262,8
70-850
6,6
45,1
35-75
2
Сағыр өзені
3,9
7,8
6,4
214,1
75-500
7,1
48,6
35-100
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы