Об утверждении типового положения о молодежных ресурсных центрах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении типового положения о молодежных ресурсных центрах
- Атауы (қаз.)
- Жастар ресурстық орталықтары туралы үлігілік ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 243
- Қабылданған күні
- 27.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.11.2019 90276_434760.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011170
- ЭКБ идентификаторы
- 90276
- Редакция идентификаторы
- 90276_434760
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:18
0 Жастар ресурстық орталықтары
туралы үлгілік ережені бекіту туралы
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі № 243
бұйрығымен бекітілген
Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабы, 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының (бұдан әрі – Ресурстық орталықтар) мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды.
2 2. Ресурстық орталықтар ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеуді және жастар бастамаларына қолдау көрсетуді, жастар арасындағы жағдайды мониторингтеу мен талдауды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
3 3. Ресурстық орталықтарды құру, қамтамасыз ету және қызметін үйлестіру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.
4 4. Ресурстық орталықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
5 5. Ресурстық орталықтардың өз мөртаңбалары, мөрлері, қазынашылық органдарда және банктерде есеп айырысу шоты болады.
6 6. Ресурстық орталықтар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Үлгілік ережені және олардың негізінде әзірленген жарғыны басшылыққа алады.
7 7. Ресурстық орталықтар өз қызметінде Ресурстық орталықтардың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдармен өзара қимылда өз қызметін жүзеге асырады.
2 2. Ресурстық орталықтардың негізгі мақсаты
8 8. Ресурстық орталықтар қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылады.
3 3. Ресурстық орталықтың негізгі міндеттері
9 9. Ресурстық орталықтардың негізгі міндеттері:
1 1) жастар бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау;
2 2) жастар арасындағы ахуалға мониторинг және талдауды жүзеге асыру болып табылады.
4 4. Ресурстық орталықтар қызметінің бағыттары бойынша функциялары:
10 10. Ресурстық орталықтарға жүктелген мақсат пен міндеттерді іске асыру үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1 1) жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;
2 2) жастар және жастар ұйымдары үшін әдістемелік материалдар жинағын, білім беру және басқарушылық технологияларын, семинарлар және вебинарлар материалдарын, анықтамалық ақпараттарды жасайды.
3 3) жастарға және жастар ұйымдарына құқықтық, консалтингтік, әдістемелік көмектер көрсетеді;
4 4) жастар арасында жұмысқа орналасуға ықпал ету, кәсіптік бағдар беру, волонтерлік қозғалысты және кәсіпкерлікті белсендіру бойынша жұмыстар жүргізеді;
5 5) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына белсене қатысады;
6 6) жастар арасында туындаған мәселелерді талқылау үшін жастар саясаты саласындағы бастамаларды іске асыруға арналған диалогтық алаңдар құрады және ұсынады;
7 7) жастар жобалары мен жастар бастамаларын сүйемелдеуді және қолдауды, жастардың рухани, мәдени және шығармашылық өзін-өзі іске асырушылық және өзін-өзі ұйымдастырушылық әлеуеттерін жандандандыруды жүзеге асырады;
8 8) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын өкілеттік шеңберінде өңірлік және республикалық жастар форумын өткізуге қатысады;
9 9) жастардың қажеттіліктері мен проблемалары бойынша олардың басымдықтарын анықтайтын ақпараттар жиынауға қатысады;
10 10) жастармен жұмыс жасайтын жастар ұйымдарының қызметін зерделейтін, жастардың өзін – өзі басқару, партиялардың жанындағы жастар қозғалысын, этномәдени орталықтарды, өңірдегі құқық қорғау және діни ұйымдардың, жастар арасындағы тенденциялармен мен ағымдарды анықтайтын ақпарат жинауға қатысады;
11 11) өңірдегі, аудан және ауылдағы жастар арасындағы ахуалды зерделеу бойынша талдамалық жұмыстарға қатысады;
12 12) өңір аумағындағы жастар саясатының даму тенденциялары мен жастар арасындағы тәуекелді болжайтын әлеуметтік зерттеулерге қатысады;
13 13) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жүйелік шаралар, ұсынымдарды, жобаларды әзірлеуге қатысады және зерделейді;
14 14) жастардың бос уақытын дамытуға көмек көрсету бойынша белсенді жұмыстар жүргізеді;
15 15) өз құзыреті шегінде жастар және жастар ұйымдары үшін, мүдделі ұйымдар мен тұлғаларға өз қызметтері туралы ақпараттарды ұсынады.
5 5. Ресурстық орталықтар қызметін қамтамасыз ету көздері
11 11. Ресурстық орталықтардың қызметі, оның ішінде еңбек, ақпараттық, материалдық-техникалық ресурстар жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін басқа да көздерден қаржыландырылады.
Ресурстық орталықтарға қажет болған жағдайда жергілікті бюджет есебінен: