О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан
Қолданыста
Бұйрық
·№ 363
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 363
- Қабылданған күні
- 19.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2015 90278_24374.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011168
- ЭКБ идентификаторы
- 90278
- Редакция идентификаторы
- 90278_24374
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:02
0 Қазақстан Республикасына
мұнай өнімдерін жеткізудің
кейбір мәселелері туралы
2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына дизель отынын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 350 0 – 2710 19 480 0) темір жол көлігімен әкелуге 2015 жылдың 20 мамырынан 20 маусымына дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен төмендегілерді қамтамасыз етсін:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3 3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялауды.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы энергетика Бірінші вице-министрі Ұ.С.Қарабалинге жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
______________Ә. Исекешев
«_______» __________________ 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________________ Е. Досаев
«_______» _______________ 2015 жыл