Құжат мәтініне өту

Об утверждении типовой формы плана развития субъектов охотничьего хозяйства

Бұйрық · № 18-04/287 · қабылданған 31.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90282/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении типовой формы плана развития субъектов охотничьего хозяйства Қолданыста Бұйрық ·№ 18-04/287 ·31.03.2015
02.10.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении типовой формы плана развития субъектов охотничьего хозяйства

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-04/287 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении типовой формы плана развития субъектов охотничьего хозяйства
Атауы (қаз.)
Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-04/287
Қабылданған күні
31.03.2015
Көрсетілген редакция
02.10.2025 90282_783551.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010890
ЭКБ идентификаторы
90282
Редакция идентификаторы
90282_783551
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:41

0 Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. «Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 246-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8648 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 _________________________________________ (аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы) 20 ___ - 20 ___ жылдарға арналған аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 18-04/287 бұйрығына
1-қосымша
Үлгілік нысан
_________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы)
20 ___ - 20 ___ жылдарға арналған
аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары
Р/с №
Іс-шаралар атауы
Жылдар
Жиыны
Аяқтау нысаны
20_
20_
20_
1. Аңшылық алқаптарды қорғау
1.
Жануарлар дүниесі объектілерін қорғау жөніндегі рейдтік іс-шараларды жүргізу *(рейдтер саны / километр)
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне мәлімет
2.
Аншлагтар: *
орнату (дана);
жаңарту (дана);
Орындалған жұмыстар актісі
3.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жануарлар дүниесіне ұқыпты қарау идеяларын насихаттау*:
мақалалар (дана);
буклеттер (дана);
сұхбат (дана).
Мақалалар, эфирлік анықтама
4.
Қорықшылық қызметті қамтамасыз ету*:
арнайы киіммен (комплект);
жанар-жағармай (литр);
қызметтік қарумен (бірлік);
байланыс құралдарымен (дана).
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне растайтын құжаттармен бірге мәлімет
5.
Ұшқышсыз ұшатын аппараттарын сатып алу (бірлік)***
6.
Фото тұзақтарды орнату (бірлік) ***
7.
Бейнебақылауды орнату (бірлік) ***
2. Жабайы жануарларды есепке алу
8.
Жануарлар дүниесі объектілерінің санын есепке алуды жүргізу (километр/ гектар) *
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне мәлімет
3. Өсімін молайту іс-шаралары
9.
Тұз жалау орындарын*:
Салу (дана)
Жаңарту (дана).
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне растайтын құжаттармен бірге мәлімет
10.
Тұз*:
сатып алу (килограмм)
Орналастыру (килограмм)
11.
Қосымша қоректендіру алаңқайларын жабдықтау (дана) *
12.
Жем астауларын жасау және орнату (дана) *
13.
Бұдан бұрын орнатылған жем астауларын жөндеу (дана) *
14.
Пішен*: дайындау (тонна);
орналасу (тонна)
15.
Астық қалдықтары*:
дайындау (килограмм);
орналасу (килограмм).
16.
Жемшөп алқаптарын егу (гектар)**.
17.
Жасанды су айдындарын құру (дана)**.
18.
Ремиздерді отырғызу (гектар)**.
19.
Жануарлар дүниесі объектілерін реинтродукциялау, Жануарлар түрі (дарақ)***.
Жануарлар дүниесін реинтродукциялауға рұқсат
20.
Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда өсіру, жануардың түрі (дарақ)***.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне растайтын құжаттармен бірге мәлімет
21.
Құрылыс * * (жалға алу): қоршаулар (гектар/жануар түрі), питомниктер (дана/жануар түрі).
4. Аңшылық шаруашылығы іс-шаралары
22.
Қорықшы кордондарын салу** (жалға алу) (дана),
техниканы (бірліктерді) сатып алу (жалға алу).
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне растайтын құжаттармен бірге мәлімет
23.
Ветеринариялық қызметтер жүгінген жағдайда, тиісті аймақтың ветеринариялық қызметтерімен жабайы етқоректі жануарлардың құтыру ауруына қарсы алдын-ала иммунитеттеу жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізу (қорек арқылы иммунитеттеу үшін брикет-қармақжемдерін тарату дана/гектар)
Орындалған жұмыстар актісі
Ескерту:
* - іс-шаралар орындау үшін міндетті болып табылады.
** - егер аңшы пайдаланушы бекітілген аңшылық алқаптың жер иесі болып табылса, іс-шараларды орындау.
*** - іс-шаралар ұсынымдық сипатқа ие, олардың қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты аңшы пайдаланушының қалауы бойынша орындалуы.

2 Балық шаруашылығы субьектілерін дамыту жоспары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 18-04/287 бұйрығына
2-қосымша
Үлгілік нысан
Балық шаруашылығы субьектілерін дамыту жоспары

Қолданыстағы