Об утверждении норм потребления товарного газа Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм потребления товарного газа Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысында тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 111
- Қабылданған күні
- 28.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.09.2015 90292_25489.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15Z0003927
- ЭКБ идентификаторы
- 90292
- Редакция идентификаторы
- 90292_25489
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:15
0 Батыс Қазақстан облысында
тауарлық газды тұтыну
нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысында тауарлық газды тұтыну нормалары бекітілсін.
2. «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі
(М.Б.Байменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Б.Бадашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2015 жылғы 3 қыркүйектегі №243
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына қосымша
2015 жылғы 28 сәуірдегі №111
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысында тауарлық газды
тұтыну нормалары
№
Тауарлық газды
тұтыну сипаттамасы
Өлшем бірлігі
Айлық тұтыну нормасы,
(м3)
1.
Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда
1 адамнан
10,6
2.
Газ плитасы, газбен су жылытқышы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда
1 адамнан
18,5
3.
Газ плитасы болған, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және газбен су жылытқышы болмаған жағдайда
1 адамнан
13,5
4.
Тұрғын үй-жайларды (жеке тұрғын үйлерді, пәтерлерді, бөлмелерді) жеке (әр пәтерде) жылыту, жылытылатын аумақтың 1 м2 (күнтізбелік жыл ішінде тең төлеммен)
үй-жайларға аумағы 80 м2 дейін
5,5
үй-жайларға аумағы 80 м2 астам
6,5
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м3 – текше метр;
м2 – шаршы метр.