Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, зарегистрированных в органах военной полиции Национальной гвардии Республики Казахстан

Бұйрық · № 372 · қабылданған 17.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90359/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, зарегистрированных в органах военной полиции Национальной гвардии Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 372 ·17.04.2015
04.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, зарегистрированных в органах военной полиции Национальной гвардии Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 372 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, зарегистрированных в органах военной полиции Национальной гвардии Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
372
Қабылданған күні
17.04.2015
Көрсетілген редакция
04.05.2023 90359_632106.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011141
ЭКБ идентификаторы
90359
Редакция идентификаторы
90359_632106
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:25

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидаларын бекіту туралы

«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3) тармақшасына және «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 17 сәуідегі
№ 372 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидалары

1 1-тарау Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3) тармақшасына, «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік кұралдарын және олардың тіркемелерін әскери полиция органдарында тіркеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бақылау-диагностикалық жабдық - көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін қолданылатын сынау жабдықтары және өлшеу құралдары;

2 2) көлік құралдарының техникалық жай-күйін диагностикалау – жұмыс режимдерінде болуы мүмкін ауытқулардың алдын алу үшін көлік құралдарында, олардың тораптарында және элементтерінде ақаулардың болуын сипаттайтын белгілерді анықтау және зерделеу;

3 3) көлік құралының иесі – жедел басқару құқығымен көлік құралына иелік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшесі (мемлекеттік мекеме);

4 4) міндетті техникалық қарап тексеру (бұдан әрі - қарап тексеру) – механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімдік процесі.

3 3. Қарап тексеру:

1 1) жол қозғалысына қатысушы көлік құралдарының техникалық жай-күйін тексеруден;

2 2) жол-көлік оқиғаларының алдын алудан;

3 3) көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуден және қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетуден;

4 4) көлік құралдарының техникалық жай-күйін статистикалық талдаудан тұрады.

2 2-тарау. Тексеру жүргізу

4 4. Қарап тексеру жыл сайын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

5 5. Көлік құралдарын қарап тексеру көлік құралдарының орналасқан орны бойынша техника және қару-жарақ бөлімшелерін тарта отырып, әскери полиция органдары (бұдан әрі - ӘПО) жүргізеді.

6 6. Қарап тексеруден өту үшін ӘПО-ға мынадай құжаттар ұсынылады:

1 1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - КҚТК);

2 2) көлік құралының паспорты;

3 3) қарап тексеруге ұсынылатын көлік құралдарының тіркеу тізімі;

4 4) қарап тексеруге ұсынылмайтын көлік құралдарының ұсынбау себебі көрсетілген тіркеу тізімі.

7 7. Сақтауда тұрған көлік құралдарына қарап тексеру оларды сақтаудан алған және пайдалануға берген жағдайда ғана жүргізіледі.

8 8. Іссапарға жіберілген көлік құралдарын қарап тексеру олар келген жерде жүргізіледі.

Іссапарға жіберілген көлік құралдарына қарап тексеру жүргізу кезінде ӘПО-ға тек КҚТК ұсынылады.

9 9. Қарап тексеру үшін кестеге сәйкес ӘПО-ға көлік құралы және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.

10 10. Көлік құралдарын қарап тексеру Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшеулердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін бақылау-диагностикалық жабдықтарды қолдана отырып, жүзеге асырылады.

11 11. Бақылау-диагностикалық жабдықтың құрамына:

1 1) жол сынақтары әдісімен тежеуіш жүйелерін тексеруге арналған аспап;

2 2) люфтомер;

3 3) газ анализатор және түтін өлшегіш;

4 4) жарық фарын тексеретін электрондық аспап кіреді.

12 12. Жарамсыз және (немесе) белгіленген мерзімде тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалануға рұқсат етілмейді.

13 13. Қарап тексеру жүргізуден бас тартуға:

1 1) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;

2 2) қарап тексеруге көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісісіз (бұдан әрі - МТНБ) немесе КҚТК-да көрсетілген деректерге сәйкес келмейтін МТНБ-мен ұсыну негіз болып табылады.

14 14. Қарап тексеруден бас тарту туралы ӘПО бас тарту себептерін көрсете отырып, баянатпен әскери бөлімнің (мемлекеттік мекеменің) командиріне баяндайды.

15 15. Қарап тексеру екі кезеңде жүргізіледі: дайындық және негізгі.

16 16. Дайындық кезеңінің барысында көлік құралдарын сәйкестендіру және сәйкестендіру нәтижелерінің тіркеу және өзге де құжаттардың деректеріне сәйкестігі тексеріледі.

17 17. Негізгі кезең барысында көлік құралының техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау (тексеру) бойынша жұмыстар орындалады.

18

18. Міндетті техникалық қарап тексерудің негізгі кезеңі жиынтыққа қатысты тексеруден, пайдалану қауіпсіздігінің жекелеген қасиеттерін сипаттайтын параметрлердің шекті мәндерін, жекелеген құрамдас бөліктердің тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етілген шектеулерді, жұмыс қабілеттілігі көрсеткіштерінің шекті ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлік құралдарының конструкцияларын өзгертудің рұқсат етілген шегін шектеуді, оның ішінде:

1 1) тежеуішті басқаруды:

тежеуіш жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін;
тұрақта тұру тежеуіш жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін;
блоктауға қарсы тежеуіш жүйелері сигнализаторларының жұмыс істеуі;
тежеуіш жүйелерінің элементтерінің жай-күйі және тежеуіш жетегінің тұмшалануы;

2 2) рульді басқаруды:

руль тетігінің және оны бекітетін картердің, руль жетегінің, руль дөңгелегінің және руль колонкасының механикалық жай-күйі мен жұмыс істеуі, жалпы люфті;

3 3) көру:

көру аясы;
әйнектердің, әйнек тазалағыштардың, әйнек жуғыштардың жай-күйі;
артқы көру айнасының жай-күйі және бекітілуі;

4 4) сыртқы жарық аспаптарының, көзді шағыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстері, көру бұрыштары, жай-күйі, жұмыс істеуі және сипаттамалары:

фарлар;
алдыңғы және артқы габариттік (бүйір) оттары, бүйір сигналдық шамдары;
тежеуіш сигналдары;
бұру сілтегіштері;
алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;
артқа жүру шамдары;
артқы нөмірлік белгіні жарықтандыратын лампалары;
жарық шағылыстырғыштар, бүйірлік шағылыстырғыштар, артқы тану белгілері;
бақылау сигналдары;
тартқыш пен тіркеменің немесе жартылай тіркеменің арасындағы электр қосылғыштар;
электр сымдары;
аккумуляторлар;

5 5) осьтер, дөңгелектер, шиналар мен аспалар:

шиналар протекторының зақымдануы және тозуы;
аспа элементтерінің және оларды бекіткіштердің (рессорлар, амортизаторлар, аспа тетіктері, шарнирлік элементтер) механикалық жай-күйі;
дисклердің және дөңгелек шабақтарының жай-күйі, оларды бекіту элементтерінің болуын;

6 6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекіту элементтерінің:

түтін түтіктері мен тұншықтырғыштардың;
отын багы мен түтіктердің (жылытуға арналған отын багын қоса алғанда);
бамперлердің, бүйірлік қорғану және артқы сырғанауға қарсы құрылғының;
тіркеу құрылғысының;
қуат агрегатын бекіткіштің;
аудару тетігінің;
кабина немесе шанақ қондырғыларының;
есіктер және есік құлыптарының, еденнің;
жүргізуші мен жолаушылар орындықтарының;
басқару органдарының;
кабина мен шанақ басқыштарының;
шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйі мен жұмыс істеуін;

7 7) өзге де жабдықтың:

қауіпсіздік белдіктерінің;
өрт сөндіру құралдарының;
құлыптар мен айдап әкетуге қарсы құрылғылардың;
апаттық тоқтау белгілерінің;
алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының;
дөңгелектердің астына салынатын сырғанауға қарсы тіреуіштердің;
дыбыстық сигнализация жүйесінің;
спидометрдің;
қосалқы дөңгелек кронштейндерінің бар-жоғын, жай-күйін және жұмыс істеуін;

8 8) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар:

шу, пайдаланылған газдар, сұйықтықтардың ағуын тексеруден тұрады.

19 19. Қарап тексеру өткізудің негізгі кезеңінде көлік құралының қандай да бір бөлігін ажыратусыз немесе алып тастаусыз орындалады.

20 20. Тіркемелер мен жартылай тіркемелердің техникалық жай-күйі автопоезд құрамында, сондай-ақ ағытылған күйінде (сүйреу-тіркеме құрылғысы мен тежегіш блоктауының жарамдылығын бақылау үшін) тексеріледі.

21 21. Егер қарап тексерудің нәтижелері бойынша көлік құралын және тіркемелерді пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталмаса, қарап тексеру өткізілді деп есептеледі.

Бұл жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диагностикалық карта жасалады, оның негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарамдық мерзімі көрсетілген қарап тексеруден өткені туралы куәлік беріледі.

22 22. Диагностикалық картаға көлік құралының техникалық жай-күйіне диагностикалу жүргізген әскери автомобильдік полицияның, техника және қару-жарақ бөлімшесінің офицерлері қол қояды.

23 23. Қарап тексерудең өткені туралы куәлікке ӘПО бастығы немесе оның орнындағы адам қол қояды және мөрмен куәландырылады.

24 24. Егер қарап тексерудің нәтижесі бойынша ақаулар мен көлік құралын және оның тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын шарттар анықталса, ол қарап тексеруден өтпеген деп танылады.

Бұл жағдайда ақаулары көрсетілген диагностикалық карта беріледі.

25 25. Анықталған кемшіліктер және көлік құралын және оның тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын шарттар жойылғаннан кейін көлік құралы қайта қарап тексеру үшін ұсынылады.

26 26. Көлік құралын қайта байқаған кезде қарап тексерудің белгіленген өлшем шарттарға жауап бермеген және диагностикалық картада көрсетілген позициялар бойынша ғана жүргізіледі.

27 27. Қарап тексеру кезінде ақаулар анықталғаннан кейін көлік құралын қайта қарап тексеру жүргізуге ұсынудың максималды мерзімі он жұмыс күнін құрайды.

28 28. Он жұмыс күні өткеннен кейін көлік құралының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі жалпы негіздерде жүзеге асырылады.

29 29. Қайта қарап тексеру жүгізу кезінде оған дейін анықталған және диагностикалық картада көрсетілген ақаулар немесе көлік құралын пайдалаға тыйым салатын жағдайлар жойылмаса, диагностикалық карта жасалып, онда қайта жүргізілген қарап тексерудің нәтижелері көрсетіледі.

30

30. Техникалық қарап тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша көлік құралдарын қарап тексеру актісі ресімделеді, оған жылдық техникалық қарап тексеруге бақылауды жүзеге асыратын әскери полиция органының лауазымды адамы және комиссия мүшелері қол қояды. Қарап тексеру актісі үш данада жасалады, оның бір данасы көлік құралы иесінің өкіліне беріледі.

31 31. Қарап тексеруге ұсынылмаған (өтпеген) көлік құралдары қарап тексеруден өтпеген деп танылады және оларды пайдалануға тыйым салынады.

32 32. Міндетті техникалық қарап тексеруден өткені туралы куәлік бланкілерінің жұмсалуын есепке алу үшін ӘПО-да осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралдарының міндетті техникалық қарап тексеруден өткені туралы куәлік бланкілерін есепке алу және беру журналы жүргізіледі.

1 №____ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КАРТА

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидаларына
1-қосымша
нысан
№____ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КАРТА
_____________________________________________________________
Диагностикалау пунктінің атауы (әскери бөлім, мекеме)
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі: __________________________________________________________________
Көлік құралының санаты (үлгісі, түрі): _________________________________________________________________
Марка, модель: ___________________________________________________________________________________
Шыққан жылы: ____________________________________________________________________________________
Көлік құралын тіркеу туралы куәлік (серия, нөмір): ______________________________________________________
Сәйкестендіру нөмірі (VIN) __________________________________________________________________________
Шанақтың нөмірі: __________________________________________________________________________________
Шассидің нөмірі: __________________________________________________________________________________
Қозғалтқыштың нөмірі: _____________________________________________________________________________
Қозғалтқыштың көлемі, см3 (жеңіл автомобильдер үшін): _______________________________________________
Жүрісі, км. (пайдаланудан бастап): ___________________________________________________________________
Жүргізушінің лауазымы, Т.А.Ә.: ______________________________________________________________________
Жүргізуші куәлігінің берілген күні, сериясы, нөмірі: _____________________________________________________

Тексерілетін
параметрлері
және
қойылатын
талаптар

Тексер
ілетін
параме
трлері
және
қойылатын
талаптар

Тексер
ілетін
параметр
лері және
қойылатын
талаптар
I. Тежегіш жүйелері
13
Реттеу
бұрыштары
мен фарлар
жарығы
күшінің
қойылатын
талаптарға
сәйкестігі
26
Аспа
түйіндері
мен
бөлшек
терінің
жай-күйі,
сондай-ақ
олар
бекітілетін
жерлерде қозғалыстың
(конструк
циямен
көздел
меген)
және
лифтердің
болмауы
1
Жұмыс
тежегіш
жүйесі
іс-қимылының тиімділігі
көрсеткіш
терінің
сәйкестігі
14
Жарық
аспаптары шашырат
қыштарының бұзылулары
мен жарықшақ
тарының
болмауы
VI. Қозғалтқыш
және оның
жүйелері
2
Тежегіш
күштер айырмашы
лықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігі
III. Көрініс
27
Көлік
құралдар
ының
пайдалан
ылған
газдарын
дағы ластан
дырғыш
заттардың
белгіленген
талаптарға
сәйкестігі
3
Тұрудағы
тежегіш
жүйесі
іс-қимыл
дарының тиімділігі көрсеткіш
терінің
сәйкестігі
15
Желқағар
әйнектің
әйнек
тазалағыш
тарының
болуы және жұмыс қабілеттілігі
Пайдала
нылған
газдардың
түтіндегіш
тігінің
шекті
рұқсат
етілген
деңгейінің
белгіленген
талаптарға
сәйкестігі
Блоктауға
қарсы
тежегіш жүйелері сигнал
бергішінің жұмыс істеуі
16
Желқағар
әйнектің
әйнек
жуғыштары форсунка
ларының болуы және әйнек жуғыштың әйнек жуу аймағына сұйықтық беруді қамтамасыз етуі
29
Отын
тамуының
және
пайдалану сұйықтық
тарының тамшы
лауының болмауы
Блоктауға
қарсы
тежегіш
жүйелері
сигнал
бергішінің
жұмыс
істеуі
5
Тежегіш
жетегінің герметикасы бұзылуының, қысым түскен тежегіш шлангтердің ісінуінің, жарықшақ
тардың, ысқыланған жерлердің, герметиканың жоғалуына немесе қирау қаупін
төндіретін тотығудың болмауы
17
Жүргізуші орнынан көріністі шектейтін қосымша заттардың немесе
жамылғы
лардың болмауы. Желқағар әйнектің
жоғарғы бөлігіндегі пленка жолағының белгіленген талаптарға сәйкестігі
30
Газбен
жұмыс
істейтін
көлік
құралдар
ының
гермети
калық жүйесінің
бұзылу
ларының
болмауы.
Газ баллон
дарының
белгіленген
талаптарға
сәйкестігі
6
Тежегіш сұйықтық
тарының тамуының болмауы
18
Желқағар әйнектің, алдыңғы
бүйірлік
әйнектің
және
алдыңғы
есіктер
әйнегінің
жарық
өткізу
нормасына сәйкестігі
VII. Конструкцияның басқа элементтері
II. Рулдік басқару
19
Жүргізуші жағынан
әйнек
тазала
ғышпен
әйнектің жартысын тазалау аймағында желқағар әйнекте жарықшақтың болмауы
31
Дыбыстық
сигнал беру аспабының
жұмыс
қабілеттілігі
7
Рулдік басқаруда
шекті мәндерден жиынтық люфтың артуының болмауы
20
Белгіленген талаптарға сәйкес артқы көрініс айнасының болуы және
жай-күйі
32
Бір осьтік тіркеме
лерде (тарқатуды қоспағанда) және
жұмыс
тежегіш жүйелермен жабдық
талмаған тіркемелерде жұмысқа қабілетті сақтандыр
ғыш құрал-сайман
дардың болуы
8
Рулдік
басқару күшейткіші
бар рулдік дөңгелектің бейтарап жағдайдан өздігінен бұрылуының болмауы
V. Шиналар, доңгелектер және аспалар
33
9
Рулдік бағанның және рулдік механизм картерінің бекіту бөлшектерінің зақымдануының болмауы және толық жинақталымы
21
Шина бұжыр
табандары суретінің биіктігінің белгіленген талаптарға сәйкестігі
34
Көлік
құралын жарамды қауіпсіздік белбеу
лерімен жарақтау
10
Қалдық деформация іздерінің, рулдік механизмде және рулдік жетекте жарықшақтар мен басқа да ақаулардың болмауы
22
Кордты
жалаңаш
тайтын
бұжыр
табанның жергілікті ажырауы
және
шинаның жергілікті
зақым
данулары (тесілуі,
кесілуі, жыртылуы) болмауы
35
Тұншық
тырғыш
тардың
және түтін түтіктерінің болуы
36
Спидо
метрдің
жұмыс
қабілеттілігі
IV. Сыртқы жарықтық аспаптары
23
Дөңгелек дискілері
мен
құрсаулары бекітпесінің барлық
бұранда
малары
мен
сомында
рынның
болуы
37
Бампер
ларының
және
дөңгелек
үстінің
ластанудан
қорғау
құрылғы
ларының
болуы
11
Конструкцияда көзделген орындарда фарлардың, сигнал фонарларының болуы және орналасуы
24
Дөңгелек дискілері
мен
құрсау
ларында жарық
шақтың болмауы
38
Салон
еденінде
жарықшақ
тардың
болмауы,
орындық
тардың
сенімді
бекітілуі, автобустарда,
шағын
автобустарда
және таксиде орындықтар
дың реттеу
механизм
дерінің және бекітпелер
інің жұмыс қабілеттілігі
12
Фарлардың және
сигналдық фонарлар
дың
жай-күйі,
жұмыс қабілеттілігі және жұмыс режимі
25
Белгілен
ген талап
тарға
сәйкес
көлік құралына шина
ларды
орнату
39
Белгіленген
талаптарға
сәйкес
келетін
авариялық
аялдау
белгісінің,
өртсөндір
гіштердің
және
медицин
алық
қобдишаның
болуы
Әскери полиция органының әскери автомобильдік полиция офицерінің
қорытындысы _________________________________________________
______________________________________________________________
(мекеме, ә/б, лауазымы, әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. егер болса)
Техника және қару-жарақ бөлімшесі офицерінің қорытындысы _______
______________________________________________________________
(ә/б, мекеме, лауазымы, әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. егер болса)

2 Лицевая сторона

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидаларына
2-қосымша
нысан
Лицевая сторона
Оборотная сторона

0 Көлік құралдарын техникалық қарап тексеру актісі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Көлік құралдарын техникалық қарап тексеру
актісі
20 __ ж. «___» _______________
Мен,____________________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә.(егер болса))
комиссия мүшелерінің қатысуымен:
Ұлттық ұланның әскери полиция органдарында тіркелген,
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(әскери бөлім, ұйым, мекеме, бағыныстылық)
теңгерімінде тұрған көлік құралдарына (бұдан әрі - КҚ) техникалық қарап тексеру жүргіздім.
Техникалық қарап тексеру кезінде мыналар анықталды:
КҚ техникалық қарап тексеруге________ бірлік ұсынылды
Р/с

КҚ ти­пі
Мар­ка­сы (мо­де­лі)
МТНБ
Шы­ға­ры­л­ған ­жы­лы
Рет­тік нө­мір­ле­рі
КҚ тех­ни­ка­лық
жай-күйі
ту­ра­лы
қо­ры­тын­ды
ТҚ өт­кен­ді­гі
ту­ра­лы
қо­ры­тын­ды
Ес­керт­пе
Қоз­ғалт­қыш
Ша­нақ
Шы­нақ, шас­си
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
________________________________ бірлік техникалық қарап тексеруденөтті.
_____________________________ бірлік техникалық қарап тексеруден өтпеді.
соның ішінде мынадай себептер бойынша:
Тежегіш жүйесінің ақаулығы ____________________________________ бірлік;
Рульдік басқарудың ақаулығы ___________________________________ бірлік;
Сыртқы жарықа аспаптарының ақаулығы _________________________ бірлік;
Шиналар протекторының тозуы _________________________________ бірлік;
Шанақ пен кабинаның қанағаттанарықсыз жай-күйі ________________ бірлік;
Тораптар мен агрегаттардың техникалықа қаулығы _________________бірлік;
Талаптарын бұзу ______________________________________________ бірлік;
Өзге де себептер ______________________________________________ бірлік
Р/с

КҚ ти­пі
Мар­ка­сы (мо­де­лі)
МТНБ
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Рет­тік нө­мір­ле­рі
КҚ ТҚТ-ға ұсын­бау се­беп­те­рі
Ес­керт­пе
Қоз­ғалт­қыш
Ша­нақ
Шы­нақ, шас­си
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Техникалық қарап тексеруге ұсынылмаған көлік құралдарының барлығы
___________________________________________________________ бірлік
оның ішінде мынадай себептер бойынша:
ағымдағы жөндеуде немесе оны күтуде _________________________ бірлік;
күрделі жөндеуде ____________________________________________ бірлік;
бөлшектеуде ________________________________________________ бірлік;
сақтауда болу _______________________________________________ бірлік;
іссапарда ___________________________________________________ бірлік;
басқа да себептер ____________________________________________ бірлік.
Ұлттық ұланның әскери полиция бастығы (офицері)
__________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, Т.А.Ә.(егер болса))
Комиссия мүшелері (лауазымы, әскери атағы, қолы, Т.А.Ә.(егер болса)):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Әскери бөлімнің командирі _____________________________________
(әскери атағы, қолы, Т.А.Ә.(егер болса))
М.О.
Көлікті пайдалану үшін жауапты адам
_____________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, Т.А.Ә.(егер болса))

4 Міндетті техникалық қарап тексеруден өткені туралы куәлік бланкілерін есепке алу және беру журналы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидаларына
4-қосымша
Міндетті техникалық қарап тексеруден өткені туралы куәлік
бланкілерін есепке алу және беру журналы
Р/с №
Мін­дет­ті тех­ни­ка­лық қа­рап тек­се­ру­ден өт­ке­ні ту­ра­лы ку­ә­лік ал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­нің, әс­ке­ри бө­лім­нің ата­уы
АКҚ мар­ка­сы мен мем­ле­кет­тік нө­мі­рi
Мін­дет­ті тех­ни­ка­лық қа­рап тек­се­ру­ден өт­кен күнi
Мін­дет­ті тех­ни­ка­лық қа­рап тек­се­ру­ден өт­ке­ні ту­ра­лы бе­рі­л­ген ку­ә­лік блан­кі­сі­нің №
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6

Қолданыстағы