Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения контроля полноты, прозрачности и достоверности государственной инвентаризации выбросов и поглощений парниковых газов

Бұйрық · № 214 · қабылданған 18.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90362/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения контроля полноты, прозрачности и достоверности государственной инвентаризации выбросов и поглощений парниковых газов Күшін жойған Бұйрық ·№ 214 ·18.03.2015
04.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения контроля полноты, прозрачности и достоверности государственной инвентаризации выбросов и поглощений парниковых газов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 214 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения контроля полноты, прозрачности и достоверности государственной инвентаризации выбросов и поглощений парниковых газов
Атауы (қаз.)
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
214
Қабылданған күні
18.03.2015
Көрсетілген редакция
04.08.2021 90362_534067.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011090
ЭКБ идентификаторы
90362
Редакция идентификаторы
90362_534067
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:03

0 Парниктік газдар шығарындылары

мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің
толықтығын, айқындығын және
анықтығын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-1-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 15 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_____________ Ә. Исекешев
2015 жылғы «__» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы «__» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
_____________ Қ. Касымов
2015 жылғы 17 наурыз

0 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің
2015 жылғы 18 наурыздығы
№ 214 бұйрығымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, айқындығына және дәйектілігіне бақылау жүргізудің тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) айқындылық – парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу процесінің парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін есептеу кезінде пайдаланылатын әдіснамасының ашықтығы;

2 2) базалық жыл – Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) Киото хаттамасының

3-бабының 5-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау үшін белгіленген жыл;

3 3) көздердің негізгі санаты – бұл Конвенция талаптарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының немесе сіңірулерінің көлеміне ең көп үлес қосатындардың қатарына жатқызылатын экономиканың секторы немесе кіші секторы;

4 4) сапаны бақылау – парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің мемлекеттік түгендеуін оны әзірлеу шамасына қарай сапасын өлшеу мен бақылауға арналған стандартты техникалық іс-шаралар жүйесі;

5 5) толықтық – Қазақстан Республикасының аумағы шегінде барлық көздерден шығатын парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін, сіңіргіштерді, парниктік газдарды мемлекеттік түгендеумен қамту.

3 3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) парниктік газдар шығарындыларын түгендеу мен сіңірулерінің мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асырады.

4 4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін түгендеудің жыл сайынғы дайындығы есептік кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуірінен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырылады.

5 5. Қызметі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің көздері болып табылатын мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардан алынған деректерді жинау, талдау және өңдеу арқылы парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуді дайындауды уәкілетті орган ұйымдастырады.

6

6. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуін дайындауда шығу көздерінен антропогендік шығарындыларға және парниктік газдардың сіңіргіштермен абсорбциялануына әкеліп соғатын өндіріс көлемдері және қызмет түрлері туралы, осы Қағидаларға қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдармен ұсынылған мәліметтер мен деректер тізбесі пайдаланылады.

7 7. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу мыналарды қамтиды:

парниктік газдар шығарындыларының шығу көздері, олар шығарған шығарындылардың мөлшері, сондай-ақ секторлар бойынша парниктік газдар сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтер;
парниктік газдар шығарындылары саласындағы үрдістер;
шығу көздерінің негізгі санаттарына шолу;
энергетика секторы бойынша шолу;
өнеркәсіптік процестер секторы бойынша шолу;
еріткіштер мен басқа өнімдерді пайдалану секторы бойынша шолу;
ауыл шаруашылығы секторы бойынша шолу;
жерді пайдалану, жерді пайдаланудың және орман шаруашылығының өзгеру секторы бойынша шолу;
қалдықтар секторы бойынша шолу;
басқа секторлар бойынша шолу;
сапаны бағалау/сапаны бақылау;
қайта есептеулер мен жетілдірулер.

8

8. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу қорытындылары бойынша Монреал хаттамасымен реттелмейтін парниктік газдардың сіңірушілері көздері мен абсорбциясынан антропогендік шығарындыларының кадастры туралы Ұлттық баяндамасы (бұдан әрі – Кадастр туралы ұлттық баяндамасы) жыл сайын дайындалады.

9 9. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды (бұдан әрі – бақылау) уәкілетті орган жүргізеді.

2 2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылау тәртібі

10 10. Кадастр туралы ұлттық баяндаманы жүргізу мынадай іс-шараларды іске асыруды қамтиды:

1 1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін бағалау үшін бастапқы деректері бар ақпараттарды жинау;

2 2) алынған деректерін талдау және өңдеу, есептеулерін жүргізу және Кадастр туралы ұлттық баяндаманы дайындау;

3 3) Кадастры туралы ұлттық баяндамадың сапасын бақылау және сапасын қамтамасыз ету;

4 4) Кадастр туралы ұлттық баяндаманы Конвенция талаптарына сәйкестігін бағалау ресіміне ұсыну.

11 11. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулеріне мемлекеттік түгендеуді дайындау мақсатында уәкілетті орган Кадастр туралы ұлттық баяндаманды толық қалыптастыру үшін қажетті деректер мен мәліметтерге ие болатын мемлекеттік органдардың тізбесін құрайды.

12 12. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың құрастырылған тізбесіне сәйкес оларға Кадастр туралы ұлттық баяндаманы құрастыру үшін деректер ұсыну туралы сұрату жолдайды.

13 13. Кадастр туралы ұлттық баяндаманы дайындау үшін ақпарат сұратылған мемлекеттік органдар тиісті cұраныс түскен сәттен бастап бір ай мерзімде сұрау салынған деректер мен мәліметтерді ұсынады.

14 14. Уәкiлеттi орган әрбір жылдың 1 маусымына дейін парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылау жөніндегі жұмыс кестесін әзірлейді.

15 15. Есептеу тәртібін жоспарлау және ақпаратқа қажеттілікті анықтау, алынған деректер мен мәліметтерге талдау жүргізу, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау кезеңдерін қоса алғанда, бағалау парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулеріне мемлекеттік түгендеу жүргізудің әр кезеңінде жүргізіледі.

16 16. Уәкілетті орган мына:

1 1) базалық жылдан бастап есепті кезеңге дейінгі барлық жылдар деректерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеумен қамтылуы;

2 2) негізгі көздер мен сіңіргіштердің барлығының парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеумен қамтылуы;

3 3) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу процесінде деректердің болмауының құжатпен бекітілуі өлшемдерін негізге ала отырып, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу шеңберінде есепке алу үшін алынған құжаттаманы толықтығы тұрғысынан қарайды.

17 17. Уәкілетті орган мына:

1 1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу деректерін үшінші тұлғалар жасаған бағалаулармен салыстыру;

2 2) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу деректерін парниктік газдар шығарындыларының көлемін анықтайтын басқа әдістердің көмегімен алынған деректермен салыстыру;

3 3) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу деректерін басқа мемлекеттердің деректерімен салыстыру өлшемдерін негізге ала отырып, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу шегінде есепке алу үшін алынған құжаттаманы дәйектілігі тұрғысынан қарайды.

18 18. Уәкілетті орган мына:

1 1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулеріне мемлекеттік түгендеу жүргізу үшін пайдаланылатын халықаралық әдіснамалардың болуы;

2 2) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу деректерінің ашықтығы өлшемдерін негізге ала отырып, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу шегінде есепке алу үшін алынған құжаттаманы айқындығы тұрғысынан қарайды.

19 19. Уәкілетті орган әрбір жылдың 30 қазанына дейін парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуін жүргізу және дайындау үшін ұсынылған деректердің толықтығына және анықтығына бақылау жүргізеді.

20 20. Алынған деректердің толық еместігі және дәйексіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган тиісті ақпаратты қосымша жинауды және нақтылауды жүзеге асырады.

21 21. Уәкілетті орган әрбір жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығы, айқындығы және анықтығы туралы қорытындыны дайындайды.

22

22. Парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуді дайындауға тікелей қатыспаған тәуелсіз сарапшылардың, бейінді ғылыми мекемелердің немесе өзге ұйымдардың қарауына келесі жылдың 1 наурызына дейін жіберіледі.

23 23. Уәкілетті орган парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуді пысықтауды тәуелсіз сарапшылардың, бейінді ғылыми мекемелер мен өзге ұйымдардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып және келесі жылдың 1 сәуіріне дейін жүзеге асырады.

24 24. Тәуелсіз сарапшылардың, бейінді ғылыми мекемелер мен ұйымдардың ескертулерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган тиісті тұлғаларға тиісті ұсыныстар мен ескертулерді ескермеу себептер үшін дәлелденген негіздемесін ұсынады.

25 25. Уәкілетті орган парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеуді Конвенция талаптарына сәйкес бағалау рәсіміне ұсынуды қамтамасыз етеді.

26 26. Сапаны қамтамасыз ету іс-шаралары ұйымдарды, бейінді мемлекеттік органдар мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асырылады.

55 Парниктік газдар шығарындылары

мен сіңірулерін мемлекеттік
түгендеудің толықтығын,
айқындығын және анықтығын
бақылау қағидаларына
қосымша
Парниктік газдардың шығу көздерінен антропогендік шығарындыларға және сіңіргіштермен абсорбциялауға әкеліп соғатын өндіріс көлемдері және қызмет түрлері туралы мәліметтер мен деректер тізбесі

1 1. Тұтынушы-ұйымдардың отын шығыны.

2 2. Тұтынушы-ұйымдардың отынды, жылу энергиясын, электр энергиясын, қайталама энергетика ресурстарын пайдалануы.

3 3. Мынадай тауарлар мен отынның экспорты/импорты бойынша деректер:

1 1) көмір;

2 2) мұнай;

3 3) табиғи газ;

4 4) тұрмыстық тоңазытқыштар (түрлері бойынша нақтылауымен);

5 5) сауда және өнеркәсіптік мақсаттағы тоңазытқыш жабдықтар (түрлері бойынша нақтылауымен);

6 6) тоңазытқыш жабдықпен жабдықталған, нақтылауымен, көлік құралдары (рефрижераторлар);

7 7) тұрмыстық ауа баптағыштар (нақтылауымен);

8 8) тұрмыстық емес мақсаттағы ауаны баптауға арналған жабдық (түрлері бойынша нақтылауымен);

9 9) түрлері бойынша нақтылауымен хладондар (фреондар), тонна;

10 10) күкірт гексафториді (SF6), тонна.

4 4. Электр энергиясын өндіру – барлығы, оның ішінде станция типтері бойынша:

1 1) жылу;

2 2) электр;

3 3) атом;

4 4) гидроэлектростанциялар, жел қондырғылары және басқалар.

5 5. Желілердің жұмыс кернеуі бойынша бөлінген электр желілерінің ұзындығы.

6 6. Мұнай өндірісі.

7 7. Жағылатын ілеспе газдың мөлшері.

8 8. Тасымалдау және сақтау.

9 9. Консервациялаудағы мұнай ұңғымаларының саны.

10 10. Табиғи газды өндіру.

11 11. Консервациялаудағы газ ұңғымаларының саны.

12 12. Кен орындары мен өндіру тәсілі бойынша (жер асты/ашық) бөлінген көмір өндіру.

13 13. Мұнай мен газды өндіру көлемі (нақты мәнде).

14 14. Алауларда ілеспе газды жағу көлемі (нақты мәнде).

15 15. Алауларда технологиялық газды жағу көлемі (өнеркәсіптің отын, мұнай-химиялық, химиялық және басқа салаларының кәсіпорындарында).

16 16. Газ қоймаларына газ толтыру көлемі.

17 17. Газ қоймаларынан газ шығару көлемі.

18 18. Магистралды газ құбырларындағы авариялар саны (оның ішінде газдың жануымен бірге).

19 19. Магистралды газ құбырларындағы авария нәтижесіндегі газ шығындары (жанған газ бен атмосфераға шығарылған газға бөлінген).

20 20. Газ бөлу желілеріндегі авариялар саны.

21 21. Газ бөлу желілеріндегі авария нәтижесіндегі газ шығындары (жанған газ бен атмосфераға шығарылған газға бөлінген).

22 22. Магистралды газ құбырлары бойынша газды тасымалдау.

23 23. Магистралды газ құбырлары бойынша транзитті газды тасымалдау көлемі.

24 24. Көлік түрлері бойынша нақтылауымен мұнайды тасымалдау көлемі.

25 25. Бассейндер бойынша көмір шахталарымен тасталатын метан шығарындылары.

26 26. Метан ұстау көлемі, одан:

1 1) жылу және электр энергиясын алу үшін кәдеге жаратылғаны;

2 2) алауларда және шырақтарда жағылғаны.

27 27. Бассейндер бойынша бөлінген шахталық желдеткіш жүйелері жұмысының көлемі (жүйелермен атмосфераға тасталған ауа көлемі).

28 28. Бассейндер бойынша бөлінген газсыздандыру жүйелері жұмысының көлемі.

29 29. Барлық көмір шахталарының саны, оның ішінде:

1 1) қолданыстағы;

2 2) жабық;

3 3) консервацияланған.

30 30. Көмір бассейндері бойынша жабық және консервацияланған шахталардағы шахталық желдеткіш жүйелері жұмысының көлемі (жүйелер атмосфераға тастаған ауа көлемі).

31 31. Бассейндер бойынша бөлінген шахталық желдеткіш жүйелерінің шығарындыларындағы метанның орташа (өлшенген орташа) мөлшері.

32 32. Бассейндер бойынша бөлінген шахталық газсыздандыру жүйелерінің шығарындыларындағы метанның орташа (өлшенген орташа) мөлшері.

33 33. Әктас өндірісі.

34 34. Доломит өндірірісі.

35 35. Әктас пен доломиттің экпорты мен импорты.

36 36. Шойын, оның ішінде өңделген шойын өндірісі.

37 37. Өндіру тәсілі бойынша нақтыланған болат өндірісі (мәтін бойынша):

1 1) оттекті-конверторлық;

2 2) мартендік;

3 3) электроболат.

38 38. Электрометаллургиялық зауыттарда болат өндірісі.

39 39. Жоғары көміртекті болат өндірісі.

40 40. Төмен көміртекті болат өндірісі.

41 41. Болат өндіру үшін металл сынықтарын пайдалану.

42 42. Агломерат өндірісі.

43 43. Шекемтас өндірісі.

44 44. Ферроқорытпалар өндірісі.

45 45. Алюминий өндірісі.

46 46. Аммиак өндірісі.

47 47. Кальций карбидінің өндірісі.

48 48. Кремний карбидінің өндірісі.

49 49. Техникалық көміртегін өндірісі.

50 50. Дихлорэтилен өндірісі.

51 51. Стирол өндірісі.

52 52. Акрилонитрил өндірісі.

53 53. Акрилонитрилдің сополимерін, бутадиен мен стирол өндірісі.

54 54. Этилбензол өндірісі.

55 55. Этилен өндірісі.

56 56. Пропилен өндірісі.

57 57. Полиэтилен өндіру, оның ішінде:

1 1) жоғары қысымды;

2 2) төмен қысымды.

58 58. Полипропилен өндірісі.

59 59. Полистирол өндірісі.

60 60. Формальдегид өндірісі.

61 61. Поливинилхлорид өндірісі.

62 62. Дихлорэтан өндірісі.

63 63. Кальцийленген сода өндірісі.

64 64. Түрлері бойынша нақтылауымен химиялық өндіріске жататын спирттер өндіру.

65 65. Мұнай жағар майлары мен майлар өндіру.

66 66. Түрлері бойынша минералдық тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын, мал азығының микробиологиялық ақуызы мен әк өндіру.

67 67. Целлюлоза, оның ішінде сульфатты және сульфитті тәсілдермен өндіру.

68 68. Клинкер өндірісі.

69 69. Цемент өндірісі.

70 70. Әк өндірісі.

71 71. Асфальт өндірісі.

72 72. Шыны өндірісі.

73 73. Спирт өндірісі (ас-тағамдық).

74 74. Шарап өндірісі.

75 75. Сыра өндірісі.

76 76. Ликер-арақ өнімдерін өндірісі.

77 77. Ет пен ет өнімдерін өндірісі.

78 78. Балық пен балық өнімдерін өндірісі.

79 79. Қант өндірісі.

80 80. Маргарин өндірісі.

81 81. Нан мен нан-тоқаш өнімдерінің өндірісі.

82 82. Үй жануарлары үшін мал азығының өндірісі.

83 83. Жартылай өткізгіш өнеркәсіпте кремний тілімшелерінің өндірісі.

84 84. Минералдық тыңайтқыштар өндірісі, оның ішінде:

1 1) азоттық (түрлері бойынша нақтылауымен);

2 2) калийлік (түрлері бойынша нақтылауымен);

3 3) фосфаттық (түрлері бойынша нақтылауымен);

4 4) кешенді (түрлері бойынша нақтылауымен).

85 85. Мал басы мен құс саны, мың бас:

1 1) ірі қара мал (жыныстық-жас топтары бойынша);

2 2) сиыр (жыныстық-жас топтары бойынша сүтті, сүтті емес);

3 3) шошқа (жыныстық-жас топтары бойынша);

4 4) қой (жыныстық-жас топтары бойынша);

5 5) ешкі;

6 6) жылқы;

7 7) қашыр;

8 8) есек;

9 9) түйе;

10 10) қоян;

11 11) құстар.

86 86. Ауыл шаруашылығы ұйымдарында тезек пен құс тезегін жинау, сақтау және кәдеге жарату жүйесін пайдалану (түрлі жүйелер түрлерінің арақатынасы), %.

87 87. Ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы алаңы, мың га.

88 88. Егістік алаңы, мың га.

89 89. Шөп шабу алаңы, мың га.

90 90. Жайылымдар алаңы, мың га.

91 91. Таза парлар алаңы, мың га.

92 92. Жеміс-жидек, жүзім көшеттерінің алаңы, мың га.

93 93. Барлық санаттағы шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының егістік алаңдары, мың га:

1 1) күздік бидай;

2 2) жаздық бидай;

3 3) күздік қарабидай;

4 4) жемге арналған жүгері;

5 5) күздік арпа;

6 6) жаздық арпа;

7 7) сұлы;

8 8) тары;

9 9) қарақұмық;

10 10) күріш;

11 11) зығыр талшығы;

12 12) күнбағыс дәні;

13 13) рапс;

14 14) бұйра зығыр;

15 15) қыша;

16 16) картоп;

17 17) көкөністер;

18 18) сүрлеуге арналған жүгері;

19 19) азықтық тамыр жемістер;

20 20) көп жылдық шөптер;

21 21) бұршақ дәнділер;

22 22) соя.

94 94. Барлық санаттағы шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының жалпы түсімі, млн. тонна:

1 1) күздік бидай;

2 2) жаздық бидай;

3 3) күздік қарабидай;

4 4) ұрыққа арналған жүгері;

5 5) күздік арпа;

6 6) жаздық арпа;

7 7) сұлы;

8 8) тары;

9 9) қарақұмық;

10 10) күріш;

11 11) зығыр талшығы;

12 12) күнбағыс дәні;

13 13) рапс;

14 14) бұйра зығыр;

15 15) қыша;

16 16) картоп;

17 17) көкөністер;

18 18) сүрлеуге арналған жүгері;

19 19) азықтық тамыр жемістер;

20 20) көп жылдық шөптер;

21 21) табиғи шабындықтардың шөбі;

22 22) бұршақ дәнділер;

23 23) соя.

95 95. Барлық санаттағы шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының шығымдылығы, ц/га:

1 1) күздік бидай;

2 2) жаздық бидай;

3 3) күздік қарабидай;

4 4) ұрыққа арналған жүгері;

5 5) күздік арпа;

6 6) жаздық арпа;

7 7) сұлы;

8 8) тары;

9 9) қарақұмық;

10 10) күріш;

11 11) зығыр талшығы;

12 12) күнбағыс дәні;

13 13) рапс;

14 14) бұйра зығыр;

15 15) қыша;

16 16) картоп;

17 17) көкөністер;

18 18) сүрлеуге арналған жүгері;

19 19) азықтық тамыр жемістер;

20 20) көп жылдық шөптер;

21 21) бұршақ дәнділер;

22 22) соя.

96 96. Әк ұны мен басқа әк материалдарын ауыл шаруашылығы ұйымдарына және барлық санаттағы шаруашылықтарға енгізу, млн.тонна.

97 97. Қышқылданған топырақты әктеу үшін әктен және доломиттен құралған ұн өндіру, млн. тонна.

98 98. Ауыл шаруашылығы ұйымдарына минералдық азотты тыңайтқыштар енгізу, млн.тонна.

99 99. Ауыл шаруашылығы ұйымдарына және барлық санаттағы шаруашылықтарға органикалық тыңайтқыштар енгізу, млн.тонна.

100 100. Күріш егісіне органикалық қоспалар енгізу, құрғақ заттар тонна/га.

101 101. Шөп немесе көк азық үшін табиғи шабындықтардың орылған алаңдары.

102 102. Орман қорындағы орман алаңдарын және ағаш қорларын басым тұқымдары және жас топтар бойынша, оның ішінде басқарылатын ормандар бойынша бөлу.

103 103. Жер құнарлығының бұзылуы және қалпына келтіру (нақтылауымен).

104 104. Орман қорына кірмейтін орман қоры мен орман жерлерінің жалпы алаңы, оның ішінде орман жерлері, олардың ішінде орман өсімдіктерімен жабылған жерлердің алаңы (оның ішінде басқарылатын ормандар бойынша).

105 105. Орман қоры жерлерінің құрамына ағашты-бұталы өсімдіктермен жабылған жерлердің өзге санаттарын енгізу (аудару).

106 106. Ағаш егу шаруашылығы (ормандандыру), оның ішінде:

1 1) орман қорының орманды емес жерлерінде орман дақылдарын отырғызу (ағаш-бұта түрлерін егу мен отырғызу);

2 2) орман қорына енбеген жерлерде орман дақылдарын отырғызу (ағаш-бұта түрлерін егу мен отырғызу).

107 107. Орманды жаңарту (орманды қалпына келтіру), оның ішінде:

1 1) орман қорының орман өсімдіктерімен жабылмаған жерлерінде орман дақылдарын отырғызу (ағашты-бұталы түрлерін егу мен отырғызу).

2 2) орман қорының орман өсімдіктерімен жабылмаған жерлерінде орманның табиғи тұқым арқылы қайта жаңаруына жәрдемдесу (топырақты минералдандыру, қосымша егу және отырғызу).

108 108. Орман жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен, орман қорын пайдаланумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін орманды емес жерлерге аудару және орман қорының жерлерін өзге санаттардағы жерлерге аудару.

109 109. Ормандарды түгендеу бойынша деректер.

110 110. Нақты кесіп алынған ағаштар.

111 111. Орман көшеттерінің қырылуы, оның ішінде:

1 1) зиянды жәндіктердің бүлдіруінен;

2 2) жабайы жануарлардың бүлдіруінен;

3 3) орман ауруларынан;

4 4) қолайсыз ауа-райы жағдайларының әсерінен;

5 5) орман өрттерінен;

6 6) антропогенді факторлардан, оның ішінде өнеркәсіптік шығарындылардың әсерінен.

112 112. Теңіз және авиациялық бункерлік отынды тұтыну (отын түрлері бойынша нақтылауымен).

113 113. Көлік құралдарының әр санаттары үшін орташа жылдық жүрісі, км.

114 114. Көлік құралдарының әр санаттары үшін жүріс бірлігінің орташа отын тұтынуы.

115 115. Қолда бар өзен және көл кемелерінің – барлығы, оның ішінде флот түрлері бойынша.

116 116. Өзен кемелерінің әр санаты үшін жұмыс бірлігінің орташа отын тұтынуы.

117 117. Типтері бойынша нақтылауымен, олардың ішінде типтері бойынша нақтылауымен көліктік жұмыста және экономика салаларына қызмет көрсетуге пайдаланылатын қолда бар азаматтық әуе кемелері.

118 118. Әуе отынының шығыны (отын түрлері бойынша нақтылауымен).

119 119. Автокөлік пен мотокөлік құралдары және олардың тіркемелерінің саны (түрлері бойынша нақтылауымен).

120 120. Қатты жабындысы бар автомобиль жолдарын қолданысқа енгізу.

121 121. Қатты жабындысы бар автомобиль жолдарын қайта құру.

122 122. Медициналық қалдықтардың көлемі туралы деректер.

123 123. Жағылған медициналық қалдықтардың көлемі туралы деректер.

124 124. Көп жылдық көшеттер, мың га.

125 125. Егіндіктер, мың га.

126 126. Шөп шабындықтары, мың га.

127 127. Есепке алынбаған егіндіктер, мың га.

128 128. Есепке алынбаған шөп шабындықтары, мың га.

129 129. Тозбаған жайлымдар, мың га.

130 130. Қалпына келтірілген/жақсартылған жайылымдар, мың га.

131 131. Басқарылмайтын тозбаған жайылымдар, мың га.

132 132. Басқарылмайтын қалпына келтірілген жайылымдар, мың га.

133 133. Орман алаңдары, мың га.

134 134. Батпақты аумақтар, мың га.

135 135. Ағаш көшеттерін отырғызу, мың га.

136 136. Басқа отырғызулар, мың га.

137 137. Өзге жерлер, мың га.

138 138. Ауыл шаруашылығы жерлері, мың га.

139 139. Жерлер теңгерімі, мың га.

140 140. Бір жылда шығарылған және көму үшін полигондарға орналастырылған қатты тұрмыстық қалдықтардың саны.

141 141. Тазарту құрылыстары бойынша толық биологиялық (физика-химиялық) тазартуға жіберілген сарқынды сулар.

142 142. Кәдеге жаратылған тұнба мөлшері.

143 143. Түзілген тұнба мөлшері (құрғақ зат бойынша).

144 144. Сарқынды суларды тастау (коммуналдық-тұрмыстық және экономиканың салалары мен ішкі салалары бойынша нақтылауымен):

1 1) тазалаусыз;

2 2) нормативтік таза;

3 3) тазартылған, оның ішінде нормативті тазартылған және жеткілікті түрде тазартылмаған.

145 145. Көму үшін коммуналдық-тұрмыстық саладағы кәсіпорындардан сарқынды сулар тұнбасын шығару көлемі (өнеркәсіптік кәсіпорындарды есептемегенде).

146 146. Коммуналдық-тұрмыстық саладағы кәсіпорындардан шыққан сарқынды сулар тұнбасын қайта өңдеу көлемі (яғни өнеркәсіптік кәсіпорындарды есептемегенде).

147 147. Кокс пен жартылай коксты өндіру, мың тонна, оның ішінде:

1 1) мұнайлы;

2 2) көмірлі.

148 148. Кальцийленген сода өндірісі, мың тонна.

149 149. Кальций.

150 150. Карбид өндірісі, мың тонна.

151 151. Битум, майлар мен майлаулар өндірісі.

152 152. Лакпен бояу материалдарынның өндірісі (түрлері бойынша нақтылауымен) мың тонна.

153 153. Орман және дала өрттерінің алаңы.

154 Орман қорындағы егістік жерлердің алаңы.

155 155. Орманқорындағышөпшабындықтары мен жайылымдық жерлердің алаңы.

Қолданыстағы