Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий на участке первого отделения Кокпектинского сельского округа Кокпектинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий на участке первого отделения Кокпектинского сельского округа Кокпектинского района
- Атауы (қаз.)
- Көкпекті ауданының Көкпекті селолық округінің бірінші бөлімі учаскісі бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режим белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 05.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2015 90391_240464.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VO003980
- ЭКБ идентификаторы
- 90391
- Редакция идентификаторы
- 90391_240464
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:10
0 Көкпекті ауданының Көкпекті селолық
округінің бірінші бөлімі учаскісі
бойынша шектеу іс-шараларын
енгізе отырып, ветеринарлық режим
белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Көкпекті аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 68 ұсынысы негізінде Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Көкпекті ауданының Көкпекті селолық округінің бірінші бөлімі учаскісінде жабайы аңдар арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режим белгіленсін.
2
2. «Көкпекті мал дәрігері» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның директоры (Т. Сарманов) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (С.Мукашев), Қазақстан Республикасы экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қоғау комитеті Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Көкпекті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы (Г. Абдрасулова) отырып, тиісті шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Акимоваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы экономика ауыл шаруашылығы
министірлігі ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетінің Көкпекті
аудандық аумақтық инспекциясының
басшысы С. Мукашев
« 05 » 05. 2015 жыл
Қазақстан Республикасы экономика
Министірлігінің тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитеті Шығыс Қазақстан облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің
Көкпекті аудандық басқармасының басшысы
Г. Абдрасулова
« 05 » 05. 2015 жыл