Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Кербулакского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Кербулакского района
- Атауы (қаз.)
- Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 43-251
- Қабылданған күні
- 13.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2019 90408_434320.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DM003218
- ЭКБ идентификаторы
- 90408
- Редакция идентификаторы
- 90408_434320
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:06
0 Кербұлақ ауданының азаматтық
қызметші болып табылатын және
ауылдық елді мекендерде жұмыс
істейтін денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім
беру, мәдениет, спорт және
ветеринария саласындағы мамандарға
жиырма бес пайызға жоғарылатылған
айлықақылар мен тарифтік
мөлшерлемелер белгілеу туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2
2. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 26 наурыздағы «Кербұлақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайыз жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» № 04-22 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 25 сәуірінде № 2-13-156 тіркелген, 2012 жылдың 4 мамырында
аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінің № 18 (3611) жарияланған) шешімінің, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 9 қарашадағы «Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 26 наурыздағы № 04-22 «Кербұлақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 11-73 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 30 қарашасында № 2205 тіркелген, 2012 жылдың 7 желтоқсанында аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінің № 49 (3642) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3
3. «Кербұлақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Ш. М. Төлегенов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.