Құжат мәтініне өту

Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Кербулакского района

Өзге акт · № 43-251 · қабылданған 13.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90408/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Кербулакского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 43-251 ·13.05.2015
10.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Кербулакского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 43-251 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Кербулакского района
Атауы (қаз.)
Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
43-251
Қабылданған күні
13.05.2015
Көрсетілген редакция
10.12.2019 90408_434320.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15DM003218
ЭКБ идентификаторы
90408
Редакция идентификаторы
90408_434320
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:06

0 Кербұлақ ауданының азаматтық

қызметші болып табылатын және
ауылдық елді мекендерде жұмыс
істейтін денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім
беру, мәдениет, спорт және
ветеринария саласындағы мамандарға
жиырма бес пайызға жоғарылатылған
айлықақылар мен тарифтік
мөлшерлемелер белгілеу туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

2

2. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 26 наурыздағы «Кербұлақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайыз жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» № 04-22 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 25 сәуірінде № 2-13-156 тіркелген, 2012 жылдың 4 мамырында
аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінің № 18 (3611) жарияланған) шешімінің, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 9 қарашадағы «Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 26 наурыздағы № 04-22 «Кербұлақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 11-73 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 30 қарашасында № 2205 тіркелген, 2012 жылдың 7 желтоқсанында аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінің № 49 (3642) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3

3. «Кербұлақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Ш. М. Төлегенов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекетік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы