Құжат мәтініне өту

Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Коксуского района

Өзге акт · № 41-2 · қабылданған 06.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90413/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Коксуского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 41-2 ·06.05.2015
04.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Коксуского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 41-2 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Коксуского района
Атауы (қаз.)
Көксу ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41-2
Қабылданған күні
06.05.2015
Көрсетілген редакция
04.12.2019 90413_432025.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15DN003188
ЭКБ идентификаторы
90413
Редакция идентификаторы
90413_432025
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:08

0 Көксу ауданының азаматтық

қызметші болып табылатын және
ауылдық елді мекендерде жұмыс
істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,
спорт және ветеринария саласының
мамандарына жиырма бес пайызға
жоғарылатылған айлықақылар мен
тарифтік мөлшерлемелер белгілеу
туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Көксу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

2

2. Көксу ауданы мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы «Көксу ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 13 қаңтарында № 2-14-121 тіркелген, аудандық «Нұрлы Көксу» газетінде 2012 жылдың 20 қаңтарында № 3 (112) жарияланған) № 66-3 шешімінің, Көксу ауданы мәслихатының 2012 жылғы 5 қарашадағы «Көксу ауданы мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы «Көксу ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғарылатылған тарифтік ставкалар белгілеу туралы» № 66-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 21 қарашасында № 2197 тіркелген, аудандық «Нұрлы Көксу» газетінде 2012 жылдың 7 желтоқсанында № 49 (157) жарияланған) № 8-2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының «Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4

4. «Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрмұхамбетов Серік Сапарұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы