Об установлении ограничительных мероприятий в селе Кокдомбак Сатпаевского сельского округа Баянаульского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий в селе Кокдомбак Сатпаевского сельского округа Баянаульского района
- Атауы (қаз.)
- Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің Көкдомбақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 04
- Қабылданған күні
- 15.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2015 90432_290620.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PEL04520
- ЭКБ идентификаторы
- 90432
- Редакция идентификаторы
- 90432_290620
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:04
0 Баянауыл ауданы Сәтбаев
ауылдық округінің Көкдомбақ
ауылына шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 2-19/102 ұсынысына сәйкес Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің Көкдомбақ ауылына ауыл шаруашылық малдардың сарып ауруының ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын, шара қолдануды ұсынылсын.
3 3. Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің ветеринариялық пунктің меңгерушісі (келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
4 4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Баянауыл ауданының ветеринария
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н. Т. Дәулетов
_____________________________________
«15» мамыр 2015 жылғы
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық
Министрлігі ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық
аумақтық инспекциясының басшысы, ауданың бас
мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы
Р. Нұрғалиев
____________________________________
«15» мамыр 2015 жылғы
«Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігінің Павлодар облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Баянауыл аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысы
Т. Н. Ишанова
_____________________________________
«15» мамыр 2015 жылғы