Об установлении ограничительных мероприятий в селе Кокдомбак Сатпаевского сельского округа Баянаульского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий в селе Кокдомбак Сатпаевского сельского округа Баянаульского района
- Атауы (қаз.)
- Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің Көкдомбақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 04
- Қабылданған күні
- 15.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2015 90432_290620.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PEL04520
- ЭКБ идентификаторы
- 90432
- Редакция идентификаторы
- 90432_290620
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:04
0 Баянауыл ауданы Сәтбаев
ауылдық округінің Көкдомбақ
ауылына шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 2-19/102 ұсынысына сәйкес Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің Көкдомбақ ауылына ауыл шаруашылық малдардың сарып ауруының ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын, шара қолдануды ұсынылсын.
3. Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің ветеринариялық пунктің меңгерушісі (келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Баянауыл ауданының ветеринария
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н. Т. Дәулетов
_____________________________________
«15» мамыр 2015 жылғы
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық
Министрлігі ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық
аумақтық инспекциясының басшысы, ауданың бас
мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы
Р. Нұрғалиев
____________________________________
«15» мамыр 2015 жылғы
«Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігінің Павлодар облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Баянауыл аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысы
Т. Н. Ишанова
_____________________________________
«15» мамыр 2015 жылғы