О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 425
- Қабылданған күні
- 09.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 90435_675758.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000425
- ЭКБ идентификаторы
- 90435
- Редакция идентификаторы
- 90435_675758
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:41
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 9 маусымдағы
№ 425 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1
2 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
16-тармақтағы ведомстволардың функциялары мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
16-2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;
16-3) жастар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;».
3
4 4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 243-1), 243-2), 243-3) және 243-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«243-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
243-2) жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде шаралар қолданады;
243-3) жастар ұйымдарымен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
243-4) жастар арасында қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;».
5
7
8 8. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;»;
мынадай мазмұндағы 141-1) тармақшамен толықтырылсын:
«141-1) жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті дамыту жөнінде шаралар әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 144-1) тармақшамен толықтырылсын:
«144-1) жастар ұйымдарымен жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;».