Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача лицензии на занятие судебно-экспертной деятельностью, в том числе судебно-медицинской, судебно-наркологической и судебно-психиатрической экспертизами»

Бұйрық · № 242 · қабылданған 28.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90453/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача лицензии на занятие судебно-экспертной деятельностью, в том числе судебно-медицинской, судебно-наркологической и судебно-психиатрической экспертизами» Күшін жойған Бұйрық ·№ 242 ·28.04.2015
09.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача лицензии на занятие судебно-экспертной деятельностью, в том числе судебно-медицинской, судебно-наркологической и судебно-психиатрической экспертизами»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 242 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача лицензии на занятие судебно-экспертной деятельностью, в том числе судебно-медицинской, судебно-наркологической и судебно-психиатрической экспертизами»
Атауы (қаз.)
Сот-сараптамалық қызмет мәселелерi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
242
Қабылданған күні
28.04.2015
Көрсетілген редакция
09.04.2018 90453_314300.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011188
ЭКБ идентификаторы
90453
Редакция идентификаторы
90453_314300
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:17

0 «Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Сот-сараптама қызметiмен айналысу үшiн лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрi
____________ А. Исекешев
13 мамыр 2015 жыл
«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрi
_____________ Е. Досаев
5 мамыр 2015 жыл

0 «Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 242 бұйрығымен
бекiтiлген
«Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.

3 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) жүзеге асырады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметке өтiнiштер қабылдау мен қызмет нәтижелерiн беру:

1 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2 2) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4 4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмi:

1 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:

лицензия беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;
лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi;
лицензияның телнұсқасын беру кезiнде – 2 (екi) жұмыс күнi.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәтiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi.
Ұсынылған құжаттардың толық еместiгi фактiсi анықталған жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi бас тартады;

2 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3 3) қызмет көрсету үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.

5 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету электрондық нысаны.

6

6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызмет нәтижесi үшiн қағаз тасығышта жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi электрондық нысанда ресiмделедi, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының қолымен және мөрiмен куәландырылады.
Порталда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) жолданады.

7 7. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.

Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол «Салық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 471-бабына сәйкес мынаны:

1 1) лицензия беру кезiнде 6 (алты) айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК);

2 2) лицензияның телнұсқасын беру үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 100 %-ын;

3 3) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын құрайды, алайда 4 АЕК-тен аспайды.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлем түрiнде екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға портал арқылы электрондық сұрау салу берiлген жағдайда, төлем «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

8 8. Жұмыс кестесi:

1

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет кезек тәртiбiнде, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерге өтiнiштi қабылдау және нәтижелерiн беру 13-00 ден 14-30 дейiнгi түскi үзiлiс уақытымен 9-00 ден 17-30-ға дейiн жүзеге асырылады.

2

2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк қызметке жүгiнген кезде, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметке өтiнiштi қабылдау және нәтижесiн тапсыру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9 9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

1 1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң осы стандартының 1-қосымшасына сәйкес, жеке тұлғаның лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға өтiнiшi;

2 2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң осы стандартының 2-қосымшасына сәйкес, қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны;

3 3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;

4 4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейiн бiр айдан аспайтын мерзiмде берiлген анықтамалар;

5 5) еңбек кiтапшасының немесе еңбек шартының көшiрмесi, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың үзiндiсi не атқарған қызмет тiзiмi; академиялық дәреже, ғылыми атақ беру туралы дипломның көшiрмесi;

6 6) жоғары бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi, дипломға қосымшасының көшiрмесi.

Портал арқылы:

1 1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрi - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;

2 2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

3 3) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер электрондық нысаны;

4

4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейiн бiр айдан аспайтын мерзiмде берiлген анықтамалардың электрондық көшiрмесi;

5 5) еңбек кiтапшасының немесе еңбек шартының көшiрмесi, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың үзiндiсi не атқарған қызмет тiзiмi; академиялық дәреже, ғылыми атақ беру туралы дипломның электрондық көшiрмесi;

6 6) жоғары бiлiмi туралы дипломның электрондық көшiрмесi, дипломға электрондық қосымшасының көшiрмесi.

Лицензияны қайта ресiмдеу жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде) өзгерген кезде жүзеге асырылады.
Қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке куәлiгiн ауыстырған сәтiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушылар көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

1 1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiшi;

2 2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;

3 3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейiн бiр айдан аспайтын мерзiмде берiлген анықтамаларды;

4 4) тегiнiң, атының және әкесiнiң атының ауысуын растайтын құжаттың көшiрмесi (түпнұсқасы берiлмеген жағдайда салыстыру үшiн нотариалды куәландырылған) ұсынады.

Қағаз нысанында ресiмделген осыған дейiн берiлген лицензия қайтарылуға жатады.
Портал арқылы:

1 1) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

2 2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

3 3) тегiнiң, атының және әкесiнiң атының ауысуын растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (электронды жүйеде мәлiметтер болмаған жағдайда);

4

4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейiн бiр айдан аспайтын мерзiмде берiлген анықтамалардың электрондық көшiрмесiн ұсынады.
Қағаз нысанында ресiмделген осыған дейiн берiлген лицензия қайта ресiмделгенге дейiн қайтарылуға жатады.
Лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы лицензияның телнұсқасын алу үшiн (егер осыған дейiнгi берiлген лицензия қағаз нысанында ресiмделген болса):
көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

1 1) лицензияның телнұсқасын беру туралы өтiнiштi;

2 2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

3 3) мерзiмдi баспасөз басылымдарында лицензияның жоғалғаны туралы жарияланымды растайтын құжаттың көшiрмесi;

4 4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейiн бiр айдан аспайтын мерзiмде берiлген анықтамаларды ұсынады.

Қағаз нысанында ресiмделген осыған дейiн берiлген лицензия қайтарылуға жатады.
Портал арқылы:

1 1) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;

2 2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн;

3 3) мерзiмдi баспасөз басылымдарында лицензияның жоғалғаны туралы жарияланымды растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн;

4

4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейiн бiр айдан аспайтын мерзiмде берiлген анықтамалардың электрондық көшiрмесiн ұсынады.
Қағаз нысанында ресiмделген осыған дейiн берiлген лицензия, оны қайта ресiмдегенге дейiн қайтарылуға жатады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәлiметтердiң болуы не жоқтығы туралы, лицензиясы туралы мәлiметтi көрсетiлген қызметтi берушi «электронды үкiмет» шлюзi арқылы тиiстi ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетiлген қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде, ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кiретiн мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтердi алушының келiсiмiн, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсыру барысында:
мемлекеттiк қызметтi берушiге (арнайы немесе пошта байланысы арқылы) – құжаттардың толық пакетiн қабылдау күнi мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы оның көшiрмесiне белгi салу - өтiнiштi қағаз тасымалдағышта қабылдауды растау болып табылады;
көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» портал арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметке сұраудың қабылданғандығы туралы мiнбе «статус», сонымен қатар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу мерзiмi мен уақыты көрсетiлген хабарлама жiберiледi.

10 10. Бас тарту негіздемелері:

1 1) субъектілердің осы санатына Қазақстан Республикасының заңдарымен қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;

2 2) қызмет түріне лицензия беруге өтінішті берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбесе;

3 3) мемлекеттік қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

4 4) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне қатысты сот шешімі болса;

5 5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде мемлекеттік қызметті алушының лицензияны беруге уақытша тыйым салса.

3 3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11 11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 13-кiреберiс мекен-жайы бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.
Шағымда жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), пошталық мекен-жайы көрсетiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы ол тiркелген күннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Портал арқылы жүгiну кезiнде шағымдану ретi туралы ақпаратты бiрегей байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнен» портал арқылы шағымды жiберу кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiштердi (жеткiзiлу, тiркелу, орындалу туралы белгi, қарастыру жөнiндегi немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезiнде жаңартылатын өтiнiштер туралы ақпаратты алуға мүмкiндiк берiледi.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

12 12. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4 4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызмет ерекшелiктерi ескерiлiп қойылатын өзге де талаптар

13 13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.adilet.gov.kz, интернет-ресурсында орналастырылған.

14 14. ЭЦҚ бар болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

15

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы 1414, 8 800 080 7777 қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.

16 16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары мыналар: 8 (7172) 24-07-49, 24-12-91, мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

1 Жеке тұлғаның лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға өтiнiшi

«Сот-сараптама қызметімен,
соның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және
сот-психиатриялық
сараптамалармен
айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
Нысан
Жеке тұлғаның лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға
өтiнiшi
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендiру нөмiрi)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрiнің(-лерi) толық атауы
көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
тасығышта______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда
Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы,
_____________________________________________________________________
(елдi мекені, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары__________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және
(немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген
құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе)
лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған,
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет
көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік
қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары
арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ___________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

2 Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер

«Сот-сараптама қызметімен,
оның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және
сот-психиатриялық
сараптамалармен
айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
Нысан
Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы
ақпаратты қамтитын мәліметтер
ЖСН ______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
Мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігіне қосымшаның нөмірі
Біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігінің қосымшасының берілген күні
Сот сараптамасы бойынша мамандығы (біліктілік куәлігі)

3 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

«Сот-сараптама қызметімен, оның
ішінде сот-медициналық, сот-
наркологиялық және сот-
психиатриялық сараптамалармен
айналысуға арналған лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)
______________________________________________________ жүзеге асыруға
20___ жылғы « » _________ № __________, _______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

1 1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі ____________________________________________________________________

2 2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі _____________

3 3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі ____________________________________________________________________

4

4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы_____________________________________________________________

5 5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____________________________________________________________________

6 6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда__________________________________________________________

7 7) қызмет түрінің атауы өзгеруі___________________________________________

8 8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____________________________________________________________________

___________________________________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта __________________________________________________
Телефондары_________________________________________________________
Факс _______________________________________________________________
Банк шоты __________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы___________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)
________________________________________
парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ____________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» ___________

Қолданыстағы